Әнші Қарақат Әбілдина желі қолданушыларына алдағы жоспарын бөлісті, деп хабарлады madeniportal.kz....
«Шенунік көкем, бай-бағлан тірегім жоқ»: Танымал журналист халыққа алғыс айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
Белгілі журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде ерекше жазбасын бөлісті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Журналист туған күніне орай ерекше жазба жариялады.
"Ардақты ағайын, бүгін Руслан ұлдарыңыздың туған күні. Жаздың жайма шуақ кезінде шыр етіп дүниеге келген екенмін. Алланың қалауымен, жаңа жасты еңсеріп, жаңа күшпен елге деген қызметімді жалғастырамын. Менің сөзімді сөйлейтін шенеунік көкем, тілеуімді тілейінтін бай-бағлан тірегім жоқ. Оған мұқтаж да емеспін. Әйтсе де, көңілімді көкке көтетерін қалың елім, дұғасы мен батасын беретін халқым бар. Бір қазақтың керегіне жарасам, шаруасының шешілуіне мұрындық болсам, менен асқан бақытты адам жоқ. Анамның құрсағында Алла маған журналист болуды жазған. Ал тағдырдың жазуына қарсы келуге болмас. Сондықтан қызметіме адал болуға сөз беремін. Қолдауларыңызбен дұғаларыңыз үшін көп рақмет. Өте бай болыңыздар!", - деді Руслан Өтепбай.
Желі қолданушылары журналистке ақ жарма тілектерін жаудыра жазып жатты.
"Бауырым, төл мерекең құтты болсын! Жолың ашық болып, бақытты ғұмыр кешуіңе тілектеспін", "Русланжан, туған күнің құтты болсын! Еңбегің жемісті, Өмірің Бақытты болсын!", "Туған күніңіз құтты болсын! Өркеніңіз өссін, көсегеңіз көгерсін! Бақытты, ғұмырлы болыңыз!", - деді желі қолданушылары.