Жазира Байырбекова жүрегін толқытқан сүйінші жаңалығын айтты

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
771

Қазақ эстрадасының жұлдызы Жазира Байырбекова қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі жалғыз қызы Дараның алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа барғанын айтып, жүрекжарды тілегін арнады.

«Бүгін мен үшін ерекше, жүрекке толқыныс сыйлаған күн… Даратайым алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қадам басты. Кеше ғана балабақшаға қолынан жетектеп апарған кішкентай балапаным, бүгін білім атты үлкен әлемнің есігін ашып тұр. Қадамың құтты болсын, құлыным! Білім жолың ашық, болашағың жарқын болсын! Әрдайым жүзіңнен күлкі, жүрегіңнен мейірім, бойыңнан әдеп пен тәрбиені жоғалтпағайсың. Алғашқы қоңырауың құтты болсын, Даратайым! Мектеп табалдырығын нық басып, білімнің биік шыңдарын бағындыра бер, балапаным!» – деді өнер иесі.

Жұлдызды жұптың тыңдармандары да Дараға ақ тілектерін жаудырып, мектептегі алғашқы қадамына сәттілік тіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...