“Жегенін көрсе жетпей пе?”: Жанар Айжанова жас-жұбайлардың тортына шүйлікті

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
142

Әнші әрі актриса Жанар Айжанова үйлену тойында торттың алғашқы бөлігін кімге беру керек деген таласқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі қуанышты сәтте мұндай рәсімге бола ренжісуді орынсыз санайды. Оның сөзінше, тортқа қатысты дау кейде үлкен жанжалға ұласып, жас жұбайлардың арасына сызат түсіреді.

«Тортты бермей-ақ қойса екен. Екі жастың тәтті торт жеп отырғанын көрсе жетпей ме? Міндетті түрде анасына, енесіне, ата-анасына беру керек деген не әдет? Кішкентай балалар тәттіні жақсы көреді ғой, соларға берсін. Не болмаса даяшыларға берсін. Осы торттың дауынан қазір ажырасуға дейін барып жатыр», – деді әнші.

Әлеуметтік желіде осы тақырыпта кһптеген видеолар тарап, тіпті бұрын үйлеген жандар да осы тақырып көтерілген соң тойларының видеосын іздеп қарап, тортты бірінші кімге бергенін көргендерін жазған болатын. Өнер иесінің айтқанындай, желіде торт үшін пікірталастырып, бір-бірін дұрыстаған жандар көбейген болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы әлемде және Қазақстанда су спорты түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін World Aquat...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ысталған балық өнімін тұтынғаннан кейін ботулизм белгілерімен...