Penn State University-нің құқық мектібінің Assistant Dean Стивен Барнс MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY-...
Арсыздық өнер болған заман
"Тыржалаңаш, басына сәукеле киіп суретке түскен қыз туралы пікіріңізді айтыңызшы" дегендерге, айтайын.
Сәукеле - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ!!!.
Қазақ қызының өмірінде бір-ақ рет - тек ұзатыларда киетін қасиетті бас киімі. Ар-ұяты. Намысы. Ұлттың намысы.
Ал енді ұлттық құндылығымызды, ұлттық намысымызды қорлаған арсыз туралы не пікір айтуға болады? Білімсіз, көргенсіз, тексіз дейсің, басқа не дейсің...
Әдетте мұндай "терең білімді суреткерлер" өздерінің мұндай арсыздықтарын "Арт" деп халықты алдағылары келеді. Біз секілді "қараңғылар түсінбейтін мәдениет" деп ақталғылары келеді.
Қазақ мәдениетінде ешқашан сәукелені жалаңаш денеге кимеген. Тек бір-ақ рет - ұзатыларда, тек ұлттық киіммен киген! Міне, мәдениет!
Жалаңаш түс суретке, еңкейіп түс, тоңқайып түс - өз еркің. Өзіңді өзің қалағаныңша шүберектей таптай бер. Алайда сәукелені таптауға ешкім саған құқық берген жоқ.
"Арт" десең - жалаңаш денеңе аяз атаның қалпағын ки, санта клаустың қалпағын ки, ақшақардың қалпағын ки, капюшон ки, тоқыма шәпкі ки, бомждың кепкісін ки - пажалыста саған арт. Кием десе, басқа нәрсе жетпей қалды ма?..
Ұзатылып келген қалыңдықтың образын сомдаған боп тұрған шығар?.. Сонда бұл - неке түніне асыққаны сонша, алдымен сәукелесін шешіп жоғары қоюды ұмытып, бірден лыпасын шешкен қалыңдық болғаны да...
Иә, арсыздық өнер болған заман болды.
Ұлттық құндылығымызды, Ұлтты қорлады деп сотқа беруге болады...
Негізі, арсыздар... әбден жанға, намысқа тиіп бітті... бұндайларды бетімен жіберген де - билік, қайта тәрбиелейтін де билік болуға тиісті.
Түнгі клубтар, интернет клубтар - биліктегілердің бизнесі. Ал бұндайлардың апаны - қаптаған сол клубтар.
Сәуле Әбілдаханқызы