«Ұзақ күткен күнге жеттім»: Қайрат Нұртастың әйелі қуанышты жаңалығын айтты

коллаж MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
449

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына арнайы дайындаған пәтерін сыйға тартты. Өнер иесі көптен күткен қуанышты сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, бұл күнге жету үшін ол бірнеше ай бойы дайындалған. Актриса ата-анасына арналған баспананы табыстаған сәтін өміріндегі ерекше күндердің бірі ретінде сипаттады.

«Аллаға сансыз шүкір! Ұзақ күткен, айлар бойы дайындалған күнге жеттім. Ата-анама деп дайындаған пәтерді табыстау бақыты бұйырды», – деп жазды ол.

Сондай-ақ актриса ата-анасының қолдауы мен ақ батасы өзі үшін ерекше маңызға ие екенін айтып, оларға қандай құрмет көрсетсе де, перзенттік парызын толық өтей алмайтынын жеткізді.

«Өздерің барда, мен баламын. Қос қанатым күш беріп, тілеуімді тілеп, дұғаларынан тастамайтын жердегі жәннатым. Қандай сый, құрмет көрсетсем де, перзенттік парызым өтелмесін білемін. Баршаңызға дәл осындай құрмет көрсету бұйырсын», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары актрисаның қуанышына ортақтасып, ата-анасына жасаған сыйына жылы лебіздерін білдіруде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...