Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева экс-депутат, журналист Мақсат Толықбайды сынға алып, оның мәлімдеме...
“Жүрегім дір ете қалды”: Мақпал Жүнісова алғашқы махаббатына қатысты оқиғасын бөлісті
Фото: видеодан скриншот
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова алғашқы махаббаты туралы айтып, оны әлі күнге дейін ұмытпағанын, естеліктері әлі күнге сақтаулы екенін жасырмады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әншінің сөзінше, алғашқы махаббаты Қанат есімді жігіт болған. Алайда олардың махаббаты қосылуға ұласпаған.
«Алғашқы махаббатымды әлі ұмытқан жоқпын. Өте әдемі, сұлу бала болатын. Бірақ сол махаббат маған бұйырмады. «Кетсең де шалғай» әнін сол Қанатқа арнап жылап айтқам. Ол кісі қайтыс болды», - деді әнші.
Мақпал Жүнісованың айтуынша, алғашқы махаббаты болған азамат Қанат Карбузов қайтыс болғаннан кейін оның ұлы әншіге хабарласқан.
«Сол кезде соның баласы маған звондап: «Мақпал апа, мен Қанат Карбузовтың баласы едім. Апа, әкемнің аманаты еді. Қайтыс болғанда Мақпалға айт деген», - деді. Жүрегім дір ете қалды. Баласы маған жеткізіп тұр. Әлі күнге дейін ол кісінің суреттері мен хаттары сақтаулы», - деді әнші.
Осылайша өнер иесі өміріндегі алғашқы махаббатының естеліктерін әлі күнге дейін сақтап жүргенін жеткізді.