Өнер иесі отбасымен бірге тауға шығып, демалыстарының қалай өткенін көрсетті, деп хабарлады madenipo...
«Некеде бола тұра Жанелмен жүріп кеткен»: Еркеш Хасен жайлы жағаұстатарлық жайт белгілі болды
коллаж Мadeniportal.kz.
Танымал "Айгөлек" бағдарламасының жүргізушісі болған әнші Еркеш Хасен жайлы жаға ұстатарлық ақпарат тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Соңғы кездері "Қызым" әнімен танымал боп жүрген әнші отбасына опасыздық жасағаны жайлы THreads әлеуметтік желісінде өзін әйелі Әйгерімнің құрбысы ретінде таныстырған қыз жазды.
"Осы жаңалық шықты ау!!! Еркештің бірінші әйелі болған менің құрбым Айгерім еді. Оның қалай қиналғанын, жылағанын менен артық ешкім білмейтін шығар. Құрбыммен некеде бола тұра Жанельмен жүріп кеткен. Тіпті қызына хабарласпаған, жоқ болып кететін. Осыдан 1 жыл бұрын болған. Айгерімнің сабырлығына таң қаламын. Оның еңбегімен жасалған ремонты біткен квартирада түк болмағандай осы екеуі тұрып жатыр! Айгерім қанша тырысты отбасын сақтап қалуға! Қалай қиналды... Ол өте еңбекқор, ашық жарқын қыз", - деп жазды Сандуғаш есімді әлеуметтік желі қолданушысы.
Қазіргі таңда әлеуметтік желіде Еркеш Хасеннің Жанель Серғазиннен тағы бір қызы бар екені жайлы ақпарат тараған.
"Қаншама көз жасы төгілді! Қиналды! Жүрегі ауырды!!! Медина қызы папасын іздейтін еді сол кездері (1жыл бұрын) Егіз лебізде екеуінің құшақтасып жабысып жүргенін бәрі көрген. Сонда Жанель үйде әйелі мен қызы күтіп отырғанын біле тұра Еркешке жабысып, ақыр соңында аяғы ауыр болып қалады! Айгеріммен ешқандай точка қоймай басқаға секіре салады! Құрбым басқалар сияқты интервью берседе болатын еді бірақ үндемеді. Айгерим былтыр Жанельге жазған, себебі егіз лебізде жабысып жүргендерін ести бастайды! Жүрегі сезеді! Қыздар интуиция алдамайды ғой? Сонда ханым сенін байың маған керек емес, байыңа ие бол, арамызда ештеңе жоқ деген! Бірақ баяғыда болған! Еркешты іздеп сол былтыр Алматыға барды Айгерім қызымен. Тіпті сол кезде кездеспей қойды Айгерім өзі жұмыс істеп, өзі асырап жүрді қызын! Менде баламен жүрдім ол кезде, барынша қолдауға тырыстым! Айгерімнің звоногын алмайтын, менікімен звондайтын. Мені блокка салған", - деп жазды өзін Айгерімнің құрбысы ретінде таныстырған бейтаныс қыз.
Айта кетейік, қазір әлеуметтік желідегі бұл жазбасын Сандуғаш есімді қолданушысы өшіріп тастаған.

