“Өз күшіңді өзіңе сақта”: Бидашка экс-күйеуінің сөзіне жауап берді

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
144

Әнші Балжан Бидаш экс-күйеуі, актер Жахан Отарғалиевтің әлеуметтік желіде тараған видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін Жахан Отарғалиев сұхбаттарының бірінде Балжан Бидашқа «Қазақстанда теңдесі жоқ әнші екеніңді дәлелде» деген талап қойған болатын.

Әнші бұл сөздерді өзіне мотивация ретінде қабылдағанын айтып, оқырмандарына да үндеу жасады.

«Ешкімге ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ дейді ғой. Бірақ оны мотивация ретінде қабылдаған да дұрыс. Сол арқылы өзіңді дамытасың. Алайда бұл беріліп, бар энергияңды сол адамдарға жұмсау керек деген сөз емес. Бұл стористі оқырмандарыма мотивация болсын деп салдым. Өзіңе сенімді болсаң, артқа қарамай, тек алға ұмтылып, өз жұмысыңды жасайсың. Сондай-ақ олар туралы әңгіме қозғауға да ниетің болмауы керек. Өз күшіңді өзіңе сақта!» – деп жазды әнші.