Жүсіп Ақшораның келіні қайын атасы туралы шындықты айтты

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
1341

Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш әрі актер Жүсіп Ақшораның келінімен бірге түскен бейнежазбасы көпшіліктің көңілін елжіретті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Видеода қайын атасының келініне деген қамқорлығы мен жылы қарым-қатынасы айқын көрініс тапқан. Ал келіні Динара Сайлаубайқызы бейнежазбамен бірге жүрекжарды жазбасын қалдырды.

"Көмекші қайын ата. Шынында көмектесіп жүретін Атам ғой. Аллаға сансыз шүкір осындай барлық сырымды бөлісе алатын алтын атамның барына", – деп жазды ол.

Көпшілік қайынатасының қамқорлығына таң қалып, жылы пікірлер қалдыруда.

"Осындай жанашыр қайын ата барша қыз-келіншекке бұйырсын!", "Жүсіп ағамыз қартаймайды", "Өз әйеліне осылай қарады ма екен", "Бұлай көмектесіп жатқаны бірінші рет емем, үнемі келініне жаны ашып, көмектесіп жүреді", деп жазды көпшілік. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...