“Жаным ашып кетті”. Меруерт Түсіпбаева Асхат Садырбайдың бұрыңғы әйеліне қатысты пікір білдірді

Фото: инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
1499

Әнші Меруерт Түсіпбаева қызу талқыға түсіп жатқан журналист Асхат Садырбайдың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әнші желіде Асхат Садырбаймен сыйлас адам екенін, бірақ оның бұрыңғы әйелінің видеосын көргеннен кейін оған жаны ашитынын жазған. 

“Сократ менің досым, бірақ шындық қымбат” деген сөз бар. Көп ойланып кезінде “Қазақфильмге” қатысты да пікір білдірген едім. Осы жолы Асхатпен сыйласып жүргесін ешнәрсе жазбаймын деп едім, Бірақ кеше экс-жұбайы Айғаным видео жариялапты. Сұхбатын да көріп шықтым. Соны біреулер өшіріп тастапты. Бұл – бассыздық. Журналистер сіздерге не көрінді?! Мен екі рет көріп шықтым. Айғанымның толқып отырғаны көрініп тұрды. Өшіретіндерің бар, неге адамның уақытын аласыңдар?! Неге екені белгісіз, кеше Айғанымның түріп көріп шошып кеттім. Күйзелісін сездім. Жүрек шымырлап, жаным ашып кетті. “Жібекті түте алмаған жүн қылады” деген сөз бар. Ана мен жаны нәзік әйел емес пе?! Осы оқиғадан кейін өзіне берік болса екен?!”, – деп жазды әнші. 

Меруерт Түсіпбаева сөзінің соңында Айғанымға қолдау білдіріп, "мықты болса екен" деген ниетін білдірген. 

"Үмітін үзбесе екен! Мықты болса екен деп тіледім ішімнен! Айналайын Айғаным, держись моя дорогая!", - деп жазған әнші.