Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

СӨЗДІҢ АТАСЫ
7114

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТоқаевҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамына орай құттықтау жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. «Мәдениет порталы» оқырман назарына құттықтау мәтінін ұсынады.

***

Құрметті қазақстандықтар! 

Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке - бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны. Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар. 

Көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды. 

Наурыз - рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы. Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі. 

Бүгінде Наурыз - ортақ шаңырағымыз - Қазақстан Республикасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам. 

Оның мәңгілік мәні - ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды - халықтың ынтымағын бекемдеу. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді халық даналығы. 

Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!



author

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ҚАЙРАТКЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...