8 қарашада өткен Азия чемпионатының екінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Қытайды 6:1 есебімен естен...
Әлем чемпионатында 1/16 финалға жолдама алған 22 құрама белгілі болды
Фото: fifaworldcup
Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында қазірге дейін 1/16 финалға жолдама алған 22 құрама белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Іріктеу кезеңінен өтіп плей-офф кезеңінде 32 құрама сынға түседі. Оған әрбір топтан бірінші, екінші орын алған және үздік нәтижеге қол жеткізген үшінші орындағы құрамалар жолдама алады.
Әлем чемпионатының 1/16 финалында Германия, Парагвай, Франция, Швеция, Оңтүстік Африка, Канада, Нидерланд, Марокко, Испания, АҚШ, Босния және Герцогвина, Бельгия, Бразилия, Жапония, Кот-д’Ивуар, Норвегия, Мексика, Аргентина, Кабо-Верде, Аустралия, Египет, Швейцария бақ сынайды.
Қазірге дейін тоғыз жұпта құрамалар өз жұбын анықтап үлгерді.
28 маусым
- Оңтүстік Африка - Канада
29 маусым
- Германия - Парагвай
- Нидерланд - Марокко
- Бразилия - Жапония
30 маусым
- Франция - Швеция
- Кот-д’Ивуар - Норвегия
1 шілде
- АҚШ - Босния және Герцоговина
3 шілде
- Аргентина - Кабо-Верде
- Аустралия - Египет.
Ал 1/8 финал 4-7 шілде күндері өтсе, одан кейін 1/4 финал 9-11 шілде, 1/2 финал 14-15 шілде күндері болады.
Финал мен 3-орын үшін ойын 18-19 шілде күні болады.