Қазақстанға бокстан Азиаданың алғашқы медалін Әлем чемпионы сыйлады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

СПОРТ
572

Бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова Азия ойындарының 1/4 финалында жапониялық Юна Нишинаканы жеңді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілердің шешімімен қазақстандық спортшының пайдасына (3:2) аяқталды.

Осылайша, Алуа бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының сапынан 2026 жылғы Азияданың жартылай финалына жолдама алған алғашқы спортшы атанды. Жарыс регламентіне сәйкес, Азия ойындарында үшінші орын үшін талас өткізілмейді, сондықтан Балқыбекова кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Осыған дейін Айбек Оралбай ерлер құрамасынан жартылай финалға шыққан алғашқы боксшы болған еді.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлытау облысында қазақ айтыс өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерманның 75...