Соңғы бір ай ішінде бүкіл әлемнің назары – Парсы шығанағындағы аяққа құсқан астай шағын мемлек...
Астана қайта оралды: ҚПЛ-дің үздік үштігі анықталуға жақын
Фото: ФК Астана
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХІ турында елордалық «Астана» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпестен» басымдықпен жеңді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Екі команда қазір турнир кестесінде үздік үштікке ілігуге мүмкіндігі бар. Сондықтан бұл кездесу тартысты өтетіні анық еді.
Ойынның 20-минутында «Оқжетпес» сапынан Борис Лотоцкий өз командасын алға шығарды. Одан кейін «Астана» қатарынан Карло Бартолец 27-минутта таразы басын теңестірсе, 40-минутта Марин Томасов қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, 38 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.
Айта кетсек, бұған дейін 8 тамызда «Алтай» (Өскемен) - «Қызылжар» (Петропавл) 2:2, «Каспий» (Ақтау) - «Ұлытау» (Жезқазған) 1:1 есебімен тең түссе, талдықорғандық «Алтай» Шымкенттің «Ордабасы» клубына 0:4 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, бұл турдағы «Тобыл» (Қостанай) - «Қайсар» (Қызылорда), «Қайрат» (Алматы) - «Жеңіс» (Астана) кездесуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.