Бүгін Михаил Шайдоров Миланда гала-концертте өнер көрсетеді

Фото: Global Look Press

СПОРТ
584

Бүгін 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні Қысқы Олимпиада ойындары аясында мәнерлеп сырғанаушылардың гала-концерті өтеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Аталған шоуға Қазақстан өкілі Михаил Шайдоров та қатысады. Ол "Кунг-фу Панда" мультфильмінің стиліндегі бағдарламасын орындайды. Шоудың ұзақтығы 2,5 сағат. 

Гала-кеш барысында спортшылар көрсетілім бағдарламаларын ұсынады. Шоудың басталуы - Қазақстан уақытымен 23:55. Тікелей эфир "Qazsport" телеарнасынан көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Михаил Шайдоров Милан мен Кортина-д’Ампеццо Олимпиадасында ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль жеңіп алып, Олимпиада чемпионы атанды. Бұл Қазақстан тарихындағы Қысқы Олимпиада ойындарындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш алтын жүлде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...