Боксшы Нұрбек Оралбай су жаңа көлік мінді

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
2274

Астана әкімі боксшы Нұрбек Оралбайға 10 млн теңге беріп, су жаңа көлік мінгізді, деп хабарлады madeniportal.kz қала әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездесті. 

«Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр», - деді Жеңіс Қасымбек.

Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.

«Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін!», - деп қорытындылады қала әкімі.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов референдумда дауыс берді. Өнер иесі дауыс беру...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина республикалық референдумға қатысып, Алматыдағы П...