Қазақстан қоржынында пара велоспорттан тағы екі алтын медаль

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

СПОРТ
117

V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы қазір 12 алтын, 15 күміс және 20 қола медальмен жалпы есепте 47 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақстандық спортшылар Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара велоспорттан сәтті өнер көрсетіп, екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.

 

23 қазанда тасжолда өткен жарыста ерлер арасында B класында 65 шақырымдық қашықтықта Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев мәреге 2 сағат 1 минут 21 секундта жетіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал Кирилл Илюкевич пен оның пилоты Глеб Бруссенский 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

 

Әйелдер арасында 55 шақырымдық қашықтықта Анастасия Калаус пен оның пилоты Полина Братчикова 2 сағат 5 минут 47 секундта мәреге жетіп, алтын медаль иеленді. Жұлдыз Қайнарова мен оның пилоты Анжелла Соловьева 2 сағат 9 минут 43 секунд нәтижемен күміс жүлдеге қол жеткізді.

 

Пара велоспорттағы B санаты көру қабілеті зақымданған спортшыларға арналған. Олар екі адамдық тандем велосипедпен жарысады. Алдыңғы орында велосипедті басқаратын пилот отырса, екінші спортшы онымен бірге педаль айналдырып, жарысқа қатысады.

 

V Азия Пара ойындары Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында 18–24 қазан аралығында өтіп жатыр. Пара велоспорттың тректегі жарыстары 19–20 қазанда ұйымдастырылса, тасжолдағы бәсекелер 21–23 қазанға жоспарланған.

 

21 қазандағы нәтижелер бойынша Қазақстан құрамасының Азия Пара ойындарындағы алтын медаль саны жетіге жеткен. Пара велоспорттағы жеңістер ел құрамасының жалпы жүлде қорын толықтыруға елеулі үлес қосты. 

 

PESTEL

Қытайдың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда отбасылық жанжал кезінде күйеуінен соққы көрген әйел полицияға жүгінді. Жәбірленушінің сөзін...