“Мырзағали кетсе, мен де кетем”: боксшы Бибосынов желіде тараған сөзге түсініктеме берді

sportplustv.kz

СПОРТ
4554

Әлеуметтік желіде боксшы Сәкен Бибосыновтың Мырзағали Айтжановтың ізімен ұлттық құрамадан кететіні жайлы расталмаған ақпарат тарап жүр. Бұл сөздің рас-өтірігін Qaz365.kz тілшісі боксшының өзінен сұрап көрді. 

— Олай емес. Біреулер жаза береді. Адамдарға таңғалам. Алла сақтасын. Олай айтқан жоқпын. Оны менің атымнан біреулер шығарып жатыр. Адамдар қазір назарға түсу үшін не істемей жатыр!? - дейді ол.

Демек, бұл сөзді боксшы жоққа шығарады.

— Әрине, мен ешкімге олай деп сұхбат берген жоқпын. Бес-алты адам маған сондай ақпаратты жіберіп жатыр, - дейді Бибосынов.

Айта кетейік, 51 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов спорттық карьерасындағы екінші Олимпиадасынан жүлдесіз оралған. Парижде оның медальға барар жолын өзбек боксшысы Хасанбай Дусматов кесті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...