«Жеңіс» футбол клубы жол апатының салдарынан ойыншысынан айырылды, деп хабарлайды MADENI...
Boxam Elite-2026: Алты қазақстандық боксшы алтын жүлдегер атанды
ашық дереккөзден
1147
Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан халықаралық жарыс аяқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы спорт журналисті Аслан Қаженов жазды.
"Финалдық кездесулер қорытындысы бойынша 11 боксшымыздың 6-ауы жеңіске жетіп, чемпион атанды. Атап айтқанда, Үмида Садықова, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай қарсыластарын ұтты. Ал, Назерке Серік, Панар Сейітханқызы, Нұрасыл Асылхан, Аман Қонысбеков және Сағындық Тоғамбай күмісті қанағат тұтты. Бұған қоса, алты боксшымыз, яғни, Гүзал Садықова, Элянұр Тұрғанова, Нұрзат Оңғаров, Нұрбек Мұрсал, Тимур Нұрсейітов және Азамат Бектас қола жүлдеге қол созды", - деді Аслан Қаженов.