Қазақстан қоржынында 6-алтын: Азия ойындарында ММА-дан екінші "алтын"

Фото: Туризм және спорт министрлігі

СПОРТ
328

Қазақстандық ММА шебері Қадырбек Шынбаев Жапонияның Нагоя-Айчи қалаларында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында финалдық жекпе-жегін өткізді. Осылайша ол алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қадырбек Шынбаев 71 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Бехруз Хуршедзодамен бақ сынасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы басым түсіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Қадырбек Шынбаев Азия ойындарының чемпионы атанып, алтын медаль иеленді. Ал Бехруз Хуршедзода күміс жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша Қадырбек Шынбаев Азиада-2026-да елімізге 12-медалды алып келді. Қазір ел қоржынында 6 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....