Юлия Галышева фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді

Сурет: ҰОК

СПОРТ
2003

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады madeniportal.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Галышева жартылай финалға дейін жетіп, сол жерде франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді.

Үшінші орын үшін өткен жарыста қазақстандық спортшы канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті.

Алтын медальді Перрин Лаффон жеңіп алса, екінші орынды АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленді.

Анастасия Городко тоғызыншы орынға табан тіресе, Аяулым Әмренова 29-шы нәтижені көрсетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекеттенді деген күдікпен 10 адам ұсталды. Ұлт...

PESTEL

Өзбекстанда жаңа туған нәрестесін ауладағы дәретханаға тастап, өліміне себепкер болған 33 жастағы...