Әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан командалардың жеңіс жолы қандай?

Фото: championat.com

СПОРТ
113

Әлем чемпионатының жартылай финалында Франция - Испания 14 шілдеде кездессе, Англия - Аргентина 15 шілдеде бақ сынасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Екі ойында да Қазақстан уақытымен 00:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Франциялық футболшылар қазірге дейін алты мәрте жүлдеге қол жеткізді. Оның ішінде 1998, 2018 жылдары әлем чемпионы атағын жеңіп алса, 2006, 2022 жылдары күміс, 1958, 1986 жылдары қола медаль иегері атанды.

Ал Испания өз тарихында 2010 жылы алғаш рет жеңіс тұғырына көтерілген еді. Қызығы, олар одан өзге бірде-бір жүлде алған емес.

Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы қазірге дейін 1978,1 1986, 2022 жылдары әлем чемпионы атанса, 1930, 1990, 2014 жылдары күміс жүлдегер болды.

Сондай-ақ Англия құрамасы 1966 жылы әлем чемпионы атанғанымен оған дейін және одан кейін бірде-бір мәрте жүлдеге қол жеткізе алған жоқ. 

СПОРТ

Оңтүстік Африка футбол қауымдастығы қайғылы хабардан есеңгіреп қалды. Оңтүстік Африка құрамасы мен &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еріктілер 2025 жылғы 24 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданынан табылған кішкентай қыздың анасын неме...