Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген Назым Қызайбай Әлем кубогында чемпион атанды, деп хабарлайд...
Олимпиададан кейін алғаш рет: Михаил Шайдоров мұз айдынына оралады
Фото: Andy Cheung/Getty Images
387
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2026/27 жылғы халықаралық маусымдағы алғашқы жарысына қатысады. Қазақстандық спортшы 24-27 қыркүйек аралығында Словакия астанасы Братиславада өтетін Nepela Memorial турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Жарыс ISU Challenger Series халықаралық сериясының күнтізбесіне кіреді. Ерлер арасындағы жекелей сында алдын ала тізім бойынша 29 спортшы бақ сынамақ.
Бұл бәсеке Шайдоров үшін 2026 жылғы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісінен кейінгі алғашқы халықаралық старт болмақ.
Ақпан айында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, Олимпиада алтынын жеңіп алған еді.
Енді жанкүйерлер Олимпиада чемпионының жаңа маусымдағы алғашқы өнерін Братислава мұз айдынында тамашалайды.