Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері балуан Демеу Жадыраев пен оның бапкері Боранбек Қоңыратовтың би...
Бүгін Ұлттық құрама Ұлттар лигасында Фарер аралдарымен ойнайды
Фото: kff_team
Бүгін, 6 қазанда Ұлттық құрама Ұлттар лигасының 4-туры аясында Астанада Фарер аралдарымен кездеседі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Маңызды матч «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы және оның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.
Ойынға Эстониядан келген төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді. Бас төреші – Кристо Тохвер. Оған Сильвер Кыйв пен Сандер Сара қапталдан көмектеседі. Төртінші төреші міндетін Карл Коппель атқарады. VAR жүйесіне Марко Лийва жауап берсе, оның көмекшісі Юрий Фришер болады.
Командалар бұған дейін 6 рет кездескен. 1 рет Қазақстан ұтып, 2 рет тең есеп тіркелсе, 3 кездесуде Фарер аралдары жеңіске жеткен.
Соның бірі, Қазақстан мен Фарер аралдары Ұлттар лигасының осы маусымындағы алғашқы турда өзара ойнаған. Фарер аралдарында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталған.
Бұл Қазақстан құрамасының турнирдегі әзірге жалғыз ұпайы болып отыр. Кейінгі екі ойында ұлттық құрама Словакия мен Молдоваға 1:2 есебімен жол берді.
Үш турдың қорытындысы бойынша Қазақстан төртінші орында тұр. Ал Фарер аралдарының еншісінде үш ұпай бар және олар топта үшінші сатыда келеді.