Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы кім екені белгілі болды

Фото: sakenbibosinov парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
922

Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласының кім екенін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі 20 шілде күні Бішкекте өтетінін айтқан.

Бұл тек спортшының ғана емес, ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжановтың, Қазақстан бокс федерациясының басшысының рұқсатымен, жеке бапкерімен ақылдасып келісілген шешім екенін де айтып өткен. 

“Дайындық қазіргі таңда өте қызу үстінде. Бұйыртса 20 шілде күні елдің намысын абыроймен қорғап, еліме, отбасыма, жанкүйерлеріме жарқын жеңіс сыйлағым келеді”, - деген спортшы. 

Ал, “кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы кім болады” деген сұраққа, Сәкен Бибосынов қарсыласын өзі таңдағанын айтып жауап берді. 

“Жапондық прамоутерлер маған негізі жақсы қарсыластар ұсынды. Ішінен ең жақсысын таңдадық. Әлемдік рейтингте топ-60-тыққа кіріп тұрған, 10 кездесу өткізген, филиппиндік боксшы. 1ғана жеңілісі бар, төрт рет мерзімінен бұрын ұтқан. Осал қарсылас емес. Соған қазір тактикалық тұрғыда, барлық жоспармен дайындалып жатырмыз”. 

 

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...

PESTEL

«Қылмыстық чтиво» және «Маска» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал америкалық...