Боксшы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

коллаж: madeniportal.kz

СПОРТ
3897

Белгілі қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді. Бұл туралы “Оңтүстік” телеарнасының редакторы Гүлсанат Қалмырзақызы хабарлады, деп жазды madeniportal.kz.

“Сүйінші, Махмұд Сабырхан ұлдарыңыз үйленіп, бір басы екеу болды. Мың сұлудың ішінен бір сұлуды таңдап, көз алдымызда өскен Назым қыз келін болып шыға келді. Мырзағали ағамыздың тұңғышы. Той керемет болды. Құдалық мың жылдық болсын, Мырзағали аға! Жастар бақытты болсын”, - деп жазды журналист.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Қазақстан бокс құрамасының мүшесі. 2023 жылы әлем чемпионы атанды. Париж Олимпидасында 57 келі салмаққа дейінгілер арасында сынға түсіп, алғашқы кезеңде испаниялық Хосе Кильестен жеңіліп қалды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тұрғын үй кешенінде болған ірі өрттен бір әйел көз жұмып, тағы төрт адам ауруханаға жеткі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шәкірттері беделді халықаралық жарыста топ жарған ұстаздар мен тәлімге...