Қуат Хамитов арнайы титул үшін жұдырықтасады

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
2260

Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріповтің бокс ережесі бойынша WBC ұйымының арнайы белбеуі сарапқа салынады, деп хабарлады madeniportal.kz kaz.vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек 28 қыркүйек Алматы қаласында өтеді. Кештің басты әрі маңызды бөлігі Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов WBC белбеуі үшін филиппиндік Джо Нойнаймен жұдырықтасады. 

«WBC ұйымымен келістік. Олар біздің ивентке ерекше көңіл бөледі. Сонымен қоса Хамитов пен Шәріпов жекпе-жегінде арнайы біз үшін жасалған белбеу сарапқа салынады. Олар бокс ережесі бойынша алты раундтық жекпе-жек өткізеді. Дәл осындай белбеу Джейк Пол мен Томми Фьюри айқасында да сарапқа салынған болатын», - дейді промоутер Зия Әлиев. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...