Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турн...
Қытайлық әлем чемпионы Қазақстан атынан өнер көрсететін болды
Фото: ЖИ/Stan.kz
Үстел теннисінің әлемдік деңгейдегі майталманы, Қытай құрамасының бұрынғы жұлдызы Фан Бо үлкен спортқа қайта оралып, халықаралық аренада Қазақстан намысын қорғайтын болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
34 жастағы спортшы бұл шешімін Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінде ресми түрде жариялады. Мәліметтерге сәйкес, Фан Бо еліміздегі "Nomad Table Tennis Academy" клубымен келісімшартқа отырған. Ол биылғы жылдың маусым айынан бастап World Table Tennis (WTT) сериясындағы турнирлерде Қазақстан атынан бақ сынайды.
"Мен ресми түрде спортқа қайта оралатынымды мәлімдеймін. Енді Қазақстан атынан өнер көрсетемін және "Nomad" үстел теннисі академиясымен ынтымақтастық туралы келісімге келдім. Маусым айынан бастап WTT жарыстарына қатысуды жоспарлап отырмын. Айта кетейін, мен әлі де Қытай азаматы болып қала беремін", — деп жазды спортшы өз парақшасында.
Фан Бо — үстел теннисі тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған бірегей спортшы. Оның мансабындағы ең биік белесі — 2015 жылғы әлем чемпионатындағы жекелей сында жеңіп алған күміс жүлдесі. Сол турнирде ол әлемдік деңгейдегі Сюй Синь мен Олимпиада чемпионы Чжан Цзикэні тізе бүктіріп, финалда аңызға айналған Ма Лунмен тең дәрежеде өнер көрсетіп, жанкүйерлер есінде қалды. Сонымен қатар, ол Қытай құрамасымен бірге командалық есепте екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016) атанған. Спортшының ойын стилі өте агрессивті әрі жойқын форхенд (оң жақтан соққы) шабуылдарына негізделген.