Спорт вице-министрі теріс діни ағымды ұстанатын спортшыларға тексеру жүргізілетінін мәлімдеді

Фото: madeniportal.kz коллажы

СПОРТ
1497

Спорт вице-министрі Серік Жарасбаев теріс діни ағымды ұстанатын спортшылар тексерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Вице-министр спортшылар арасында түсіндіру жұмысы жүргізілетінін айтты. Бұл іс барысында теологтармен байланыс жүргізіліп жатыр екен. 

«Профилактикалық, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мен айтқандай, жол картасына да теологтарды тартып жатырмыз. Егер сыртқы бет-әлпетінде өзгеріс болса, қысқа балақты киімдер кисе, радикалды көзқарасты ұстанса, қауіпсіздік комитетіне ақпаратты жеткіземіз» -  деді министрдің орынбасары. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...