Назым Қызайбай бағалы сыйлық алды

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
1440

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға Алматы қаласының бокс федерациясы көлік мінгізді, деп хабарлады madeniportal.kz  1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Салтанатты құттықтау рәсімінде Алматының боксшылар қауымы мен ардагерлер қатысты. Ал қалалық бокс федерациясының вице-президенті Қайрат Дүйсенов Назым Қызайбайға Li-6 көлігін сыйға тартып, жеке бапкері Долкун Камековке ақшалай сыйақы табыстады.
 
Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында 50 келіде сынға түсіп, қола жүлдегер атанған болатын. Елге оралған спортшыға Алматы облысынан пәтер мен ақшалай сыйақы табысталды. Ал Алматы қаласының әкімдігі боксшыға 1 бөлмелі пәтер мен көлік мінгізген болатын. Сондай-ақ, таяуда алматылық кәсіпкерлер боксшыға кезекті көлігін мінгізген еді. Боксшыға сыйланған көліктер саны беске жетіп отыр.

Таяуда ғана жаттығу залына оралған боксшы өзіне сыйланған көліктердің бір қатарын сатуға шешім қабылдағанын мәлімдеді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...