"Тарихтағы үздік ойыншымын. Нүкте": Криштиану Роналдудың сұхбаты талқыға түсті

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
123

Португалиялық БАҚ Криштиану Роналдудың осыдан бір жыл бұрын берген сұхбатын жариялады. Онда ол өзін футбол тарихындағы үздік ойыншы деп санайтынын айтқан. Бұл үзінді форвардтың ұлттық құрамадағы дау-дамайына байланысты айтылған сын фонында жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жарияланған үзіндіде Роналду мен журналист арасында мынадай диалог өрбиді:

- Олар менің қазіргі сәтімді, голдарымды бағаламайды, түсінесің бе? Үнемі: "85 қалды…" дей береді, - дейді Криштиану. 

- Бірақ меніңше, олар сені пір тұтқандықтан, сені жақсы көргендіктен солай істейді. Яғни, олар сенің мыңыншы голыңды соққаныңды қатты қалайтыны сонша, қазірден бастап кері санақ жүргізіп жатыр.

"Бірақ маған бұл ұнамайды. Ұнамайды. Бәрі өздігінен болуы керек. Егер мен 920, 925 немесе 930 гол соқсам… Мен тарихтағы үздік ойыншымын. Нүкте. Мұнда тіпті талқылайтын ештеңе жоқ…", - дейді португалиялық.

- Сен тарихтағы үздіксің. Гол саны бойынша. Цифрлар бәрін айтып тұр. Цифрлар. Мыңыншы голға дейін жетіп, сол межені бағындыру керек пе? Бұл - мақсат. Оған жетемін деп ойлайсың ба?

- Білмеймін, бірақ саған шынымды айтайын…

- Сен оған жетуің керек. Мен осы сұрақпен сенің мезіңді шығардым. Сен міндеттісің!

- Мүмкін… Бірақ мен саған мынаны айтайын. Мен тым алыс болашақты ойламаймын. Балаларыммен ант етейін. Мен осы сәт туралы, қазіргі уақыт туралы ойлаймын. Ертең не болатынын білмеймін ғой. Егер бір күні таңертең ынтасыз оянсам, онда ары қарай ойнағым келмейді.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкенттегі жекеменшік мектепте бірінші сынып оқушысына тиісті деп айыпталған мұғалімнің ісі сотта қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Қытайдан 20 FAW жүк автокөлігін заңсыз әкелу схемасына қатысқан  үш азаматқа қатысты а...