«Жеңіс» футбол клубының ойыншысы жол апатынан көз жұмды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
679

«Жеңіс» футбол клубы жол апатының салдарынан ойыншысынан айырылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қайғылы жағдай Павлодар-Астана тас жолында болған. Футбол ұжымы бұл туралы ресми парақшаларында хабарлап, марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты.

Жол апаты салдарынан біздің команданың футболшысы Виктория Кайсаринова көз жұмды. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Осы жағдай жүк көлігімен соқтығысуға әкелді.

Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория ғажап ойыншы және нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - деп жазылған клубтың хабарламасында. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Азамат Сатыбалды Президенттің жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды,...