Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады....
Астанада Чемпиондар лигасының матчы кезінде тәртіп бұзған шетелдіктер қамауға алынды
Фото: әлеуметтік желіден
Астанада «Брюгге» жанкүйерлері «Кайрат» матчы кезінде «Борат» фильміндегі купальник киген әрекеті үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға 20 қаңтар күні матч кезінде орын алды. Футболда жанкүйерлер трибунасында мас күйінде киімдерін шешіп, тек іш киімде қалған шетелдіктер көпшіліктің назарын өздеріне аударып айқайлаған. Бұл әрекет қоғамдық тәртіпті бұзу деп танылып отыр.
Сот мәліметінше, бельгиялық үш азамат кінәларын мойындап, әрекеттерін эмоцияға берілгендіктен екенін айтып түсіндірген. Қылмыс дерегі бейнежазбалармен расталды.
Ұсақ бұзақылық әрекеті үшін 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамау қарастырылған. Алайда Астана соты жанкүйерлерге 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.