«Қайрат» ФК бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
1963

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Александр Кержаков қызметінен кетті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының ресми сайтында жарияланды.

«Ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Онымен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді. Кержаков «Қайратты» мамыр айының соңында басқарды. Оның жетекшілігімен командамыз 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең түсіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберді. Александр Анатольевичке атқарған жұмысына алғыс айта отырып, мансап жолында одан әрі табыс тілейміз!», - делінген «Қайрат» футбол клубының ресми сайтында.

 Александр Кержаков мамырдың соңында «Қайраттың» бас бапкері болып тағайындалған еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...