Жанкүйер матч кезінде футболшыға подкат жасап, жарақаттады

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

СПОРТ
280

"Ювентустің" маусым алдындағы жолдастық кездесуі кезінде команда жанкүйері алаңға жүгіріп шығып, қорғаушы Федерико Гаттиге қарсы қауіпті подкат жасады. Енді ол маусымның алғашқы матчіне қатыса алмауы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл жағдай негізгі құрам мен жастар құрамы арасындағы жолдастық матч кезінде болған. Клубтық дәстүр бойынша, ойынға келген жанкүйерлердің үзіліс кезінде футболшылармен тілдесуге мүмкіндігі бар.

Жанкүйерлердің бірі бұл мүмкіндікті ерекше тәсілмен пайдалануды жөн көрген. Ол команданың негізгі қорғаушысына дөрекі подкат жасап көрсетті.

Жанкүйердің бұл ерсі қылығы маусым басында клубтың жетекші ойыншыларының бірінен айырылуына әкеп соғуы мүмкін. Италиялық БАҚ қорғаушының бұлшықеті созылып кеткенін хабарлады.

"Ювентус" келесі жексенбіде Фрозинонеде өтетін 2026/27 А сериясы маусымының бірінші турында Федерико Гаттидің көмегіне жүгіне алмауы мүмкін", - деп жазады басылым.

Гатти команданың келесі жаттығуына қатыспағаны белгілі, бірақ алдағы ойынға қатысты соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. 

Айта кетейік, былтыр Гатти медиальды менискінің жыртылуына байланысты ота жасатып, 8 ойынды өткізіп алған болатын.

Жаңа жарақатқа қатысты футболшының өзі де, клуб та әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде өткен заманауи көшпенділер фестивалінде 70 жастағы ап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...