УЕФА алматылық «Қайрат» қақпашысының сейвін үздік деп атады, деп хабарлады MadeniPortal....
Айбек Оралбай Азиадада Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды
Фото: ҰОК
311
Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында бокстан финалдық жекпе-жектер аяқталды. Айбек Оралбай ел қоржынына бокстан екінші алтынды салды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ерлер арасында 90 келіден жоғары салмақта қазақстандық боксшы Айбек Оралбай шаршы алаңға шығып, өзбекстандық Жахонгир Зокировпен алтын жүлдені сарапқа салды.
Үш раунд қортындысы бойынша, отандасымыз қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарында жеңіп алған он бірінші, ал бокстан жеңіп алған екінші алтын медалі.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Төрехан Сабырхан бүгін Жапонияда бокстан Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды.