– Дархан мырза, өтіп кеткен төл мерекеңіз құтты болсын! – Рахмет! Өздеріңізге де құ...
Нұрлан Бекенов: "Отандық сот жүйесін толық трансформация күтіп тұр"
Фотосурет ұсынылды
Кез келген құқық бұзушылық әрекетте нақты шешім қабылдап, әділдік етуде сот төрағалығының маңыздылығы жоғары. Жыл басынан бері осы салада атқарылған істер мен жеткен нақты нәтижелерді саралау мақсатында Қосшы қалалық сотының төрағасы Нұрлан Бекеновпен сұхбат құрған едік. Білікті басшы жүйелі жұмысты толыққанды тарқатып, жетілдіру бағытын кеңейтіп жеткізді.
– Сот жүйесінің қызметіне кеңірек тоқталып өтіңізші...Сот саласы заманына лайықты жаңару деңгейіне өтті ме?
– Сот жүйесі – адамның құқықтары мен бостандықтарының сақталуының, қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың қамтамасыз етілуінің кепілі. Ал судьялар сот жүйесіндегі негізгі тұлға болып табылады. Елімізде судьялыққа үміткерлер барынша қатаң, бірнеше сатылы іріктеуден өтеді және оларға қойылатын талап қашанда жоғары. Сот ғимаратына келген азаматтарды бірінші болып қабылдап, сұрақтары бойынша жол көрсететіндер – сот әкімшісінің мамандары. Олардың киім үлгісі, сөйлеу мәдениеті, әдеп нормаларын сақтауы сот жүйесі туралы қоғамдық пікірді қалыптастырады. Сол себептен, сот әкімшісінің мамандары да сот жүйесіндегі үлкен жауапкершілікті көтеріп келеді. Бүгінгі күні қазақстандық сот жүйесі биліктің маңызды тармағына айналды.
Мемлекет тарапынан сот жүйесініңматериалдық-техникалық жабдықтармен қаржыландыруларына, судьялар мен сот қызметкерлерінің ыңғайлы жұмыс істеуіне көп көңіл бөлінді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары заң жүйесін тұрақты жетілдіру мақсатында, сот-құқықтық реформа аясында сот жүйесіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Сот отырысында аудио-бейне жазу, бейнеконференция байланысын қолдану сот төрелігінің ашықтығы мен айқындылығының деңгейін, сот отырысы хаттамасының сапасын арттырады. «Сот кабинеті» сервисін электрондық іс жүргізу өндірісінің жүйесіне енгізу сотқа тараптар арасындағы байланысты жеңілдетті. Енгізілген «Төрелік» жүйесі ақпараттық деректермен жедел алмасу мен жоғары деңгейдегі сенімділікті қамтамасыз етіп, жеңілдетілген құжат айналымы мен сот ісін жүргізуге қолайлы жағдай туғызып отыр. Сот имиджінің әлеуетіне қол жеткізу үшін сот билігі ұйымдар мен азаматтардың сотқа деген сенімін одан әрі арттырып, Конституция мен заң талаптарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етуі керек. Сот төрелігін сапалы атқаруды жетілдіру жолымен халық сеніміне қол жеткізуге болады. Сот төрелігінің әділдігі мен толық орындалуы еліміздің кемел болмысының көрінісі болмақшы. Сот жүйесінің дамуы тоқтап қалатын құбылыс емес, оны үздіксіз жетілдіріп отыру қоғамның біртұтас дамуына оң әсерін тигізеді. Ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын одан әрі қорғау бағытында сот әділдігін жүзеге асыруда барынша объективті, ашық әрі жариялы түрде қызмет етті. Сондықтан, сот жүйесіндегі оң өзгерістердің барлығы жалғасын тауып, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді деген сенім мол.
– Жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды саралап бере аласыз ба?
– 2024 жылдың 5 ай бойынша сотпен барлығы 1175 іс материалдар қаралды, оның 63,8% мемлекеттік тілде. Соның ішінде 188 қылмыстық, 592 азаматтық, 419 әкімшілік іс қаралып, жүктеме орташа 32,2% құрады.
– Адамның құқығы мен бостандығы қашанда бірінші орында болуы маңызды. Жалпы биылғы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша қаралған істер бар ма?
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында адам құқығын қорғау мәселесін саяси жаңғырумен қатар қояды. «Мен адам құқықтарын қорғау бағытына ерекше назар аударамын, өйткені оның жай-күйі, сайып келгенде, біздің қоғамның даму деңгейіне әсер етеді», деп атап өтті. Біз құқықтық және әділ мемлекет құру жолымен кезең-кезеңімен ілгерілеп келеміз. Мұны ел Президенті «Мемлекетіміздің стратегиялық бағдарының басым міндетінің бірі – саяси жаңғыруды біртіндеп жүзеге асыру» деп түсіндіреді. Ал бұл міндет соңғы үш жылда адам құқығын қорғау саласына едәуір өзгерістер енгізіп, осы бағыттағы жұмыстарды біршама ілгерілете түскені анық. Солардың ішіндегі елеулісі – Үкімет бекіткен Адам құқығын қорғау жөніндегі кешенді жоспар. Рас, Президент әу бастан адам құқығын қорғау саласын қашанда жеке-дара бөліп қарап, бұл мәселе бірінші кезектегі мәселеге айналды. Жоғарыда біз атап өткен жоспар да саяси жаңғырудың маңызды бір кезеңі болып саналады. Жалпы, елімізде адам құқықтарын қорғау мәселесі егемендік алған алғашқы жылдан ерекше назарда тұр. Осыдан 27 жыл бұрын қабылданған Ата Заңымызда да еліміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, ең қымбат қазынасын – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Ел дамуының ең маңызды құжатына айналған Конституцияның алғашқы екі бөлімі халықаралық құқықтық шарттарға сай адам құқықтарын қорғауға негізделген. Жалпы әлеуметтік жəне экономикалық, азаматтық пен саяси құқықтың барлығын бір жерге біріктірсек те, нормалардың ішінде адам құқының қорғалуы басымырақ түседі. Отыз жылдан бері қастерлеп келе жатқан тәуелсіздігіміздің басты ұстанымының бірі де осы – адам құқықтарының сақталуы. Шындап келгенде, бұл біздің ең жанды жеріміз. Өйткені «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» болса, басты заңға сәйкес «Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс». Сондықтан адам құқығы қашаннан ең биік құндылық болып қала береді. Ал қылмыстық істер арасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатыстысы болған жоқ.
– Сот жүйесін дамыту бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде? Халық пен сот арасындағы байланыс, сенімді нығайту үшін атқарылған істерді тарқытап айтып бере аласыз ба?
– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің реформаларында биліктің сот тармағын жетілдіру үшін түбегейлі жаңа әдістер мен жүйені енгізу керектігін айтқан болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауында заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің негізі ретінде заң үстемдігі мен сапалы сот төрелігін атады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот қорғауына құқықтарды қорғауды құқықтық реттеу елдің сот жүйесін жедел жаңғыртуды талап етеді. 2023 жылғы 28 наурызда ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды. «Сот реформасы – бұл құқықтық мемлекеттің маңызды критерийі, инвестициялық тартымдылықтың негізі, жекеменшік құқығын қорғауды қамтамасыз ету. Сот жүйесін реформалаудың жаңа тәсілдері судьялардың тәуелсіздігін одан әрі нығайтуды, қоғамның соттарға деген сенімін арттыруды, сот төрелігін іске асыруға жаңа кәсіби кадрларды тартуды ынталандыруды, сот процесінің ыңғайлылығы мен тиімділігін көтеруді қамтамасыз етуі тиіс», – деп атап өтті Қ.Тоқаев. Қабылданған заңдарға сәйкес Президент кәсіби судьялар корпусын сот реформаларының шешуші факторы деп атады. Сот жүйесінде IT қызметтерді қолдану туралы реформада сәтті жүзеге асып, бүгінде жүзеге асырылып келеді. Бұл ең алдымен сыбайлас жемқорлықпен күресудің өзіндік әдісі ретінде жұмыс істеп жатыр. Электронды сервистерді енгізу сот ісін жүргізуді едәуір жеделдетіп, сот жүйесінің ашықтығын арттырды. Сондай-ақ азаматтардың шығындарын азайта отырып сот процесіне жылдам қол жеткізуге септігін тигізді. Сот жүйесіндегі IT қызметтердің мақсаты – азаматтар мен соттар арасында тиімді коммуникация құру, іс жүргізу кезінде туындайтын қиындықтарды болдырмау, қоғам тарапынан соттарға деген сенімді арттыру. IT-технологияларды пайдалану сот ісін жүргізудің әдеттегі процесіне жұмсалатын уақыты едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Реформалар процестердің ашықтығымен қатар, сот жүктемесі мәселесін шешуге де бағытталған. Мәселен, сотта күніне ондаған іс сұрыпталады. Бұл өз кезегінде судьялар жұмысының күрделі екенін көрсетеді. Енді жаңа заңнамаға сәйкес, елдің Жоғарғы Сот органына салықтық құқық немесе жер қойнауын пайдалану құқығы сияқты мамандандырылған құқық салаларында үлкен тәжірибесі бар көрнекті заңгерлерді тартуға болады. Осылайша жұмысты біршама жеңілдету қарастырылған. Жалпы, сот жүйесіндегі реформалар, ең алдымен, халықтың судьяларға деген сенімін арттыруға бағытталған. Президенттің ұсыныстары негізінде тәжірибелі мамандарға баса назар аудара отырып, кадрларды жаңа іріктеу, процесті жеңілдететін және адами факторды жоятын жаңа технологияларды енгізу, сот төрелігінің ашық алаңын құру жұмыстары бүгінде біртіндеп іске асырылып жатыр. ҚР Ұлттық даму жоспарына көз жүгіртсек, алдағы бірнеше жылда отандық сот жүйесін толық трансформация күтіп тұр.
– Жыл басынан бері қаралған азаматтық, қылмыстық істерге тоқталып өтсеңіз...
– Сотқа 33 адамға қатысты 27 қылмыстық іс келіп түскен, 25 адамға /22 іс/ қатысты айыптау үкімі шығарылған. Осы уақыт аралығында ақтау үкімі шығарылмаған, медиация тәртібімен қысқартылған 1 қылмыстық іс бар.Қаралған істер бойынша 16,0 пайызға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты жаза тағайындалған, оның ішінде- 4 іс ауыр қылмыс бойынша 30,0 пайызды, 3 ісауырлығы орташа қылмыстар бойынша 7,1 пайыз. Бір іс ҚК 345 бабы 3 б. К.К.Сагандыков қатысты (2 жыл 6 ай мерзімі бас бостандығынан айыру тағайындалды). Қалғандарына альтернативті бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар тағайындалған. Апелляциялық сатымен 1 айыптау үкімі өзгертіліп, 3,7 пайызды құраған (Б.Можиевқа қатысты, Д.Шариповқа қатысты) Апелляциямен бұзылған үкімдер және негізсіз созбалаңға салынып қаралған қылмыстық істер, өндірісте резонансты қылмыстық істер жоқ.161 материал, оның ішінде тергеу судьясымен 155 материал қаралған. Қылмыстық іс материалдардың 24,2 % мемлекеттік тілде қаралған.Қамауға алу туралы санкция өтініш саны 10,оның ішінде 5 ауыр қылмыстар бойынша,2 ауырлығы орташа қанағаттандырылған,3 өтініштен бас тартылды. Ал азаматтық істер бойынша сотқа орта есеппен күніне 2-3 іс түсуде.2024 жылдың 5 ай бойынша сотқа 277 арыз келіп түскен,пилоттық жоба бойынша 100 арызды тіркеуден бас тартылды, оның 196 /71,0%/ мәні бойынша қаралған 54 /19,6%/ (оның ішінде 33 іс бітімгершілік арқылы) қайтарылған , 2 арыз бойынша қабылдаудан бас тартылған. Шешім шығару арқылы 124, бұйрық арқылы 28 іс қаралып, 21 арызданушының өтінішіне сәйкес қараусыз қалдырылған /10,7 %/.Қаралған істердің 52,8% татуласу жолымен шешілген.Істердің басым көпшілігі келісім-шарттық міндеттемелер бойынша /35,9%/, отбасылық даулар /35,1%/, материалдық шығындарды өтеу /15,3%/, мәмілені жарамсыз деп тану туралы /4,7 %/ арыздар бойынша қаралған.Азаматтық іс материалдардың 47,3% мемлекеттік тілде жүргізілді. Апелляциямен 3 шешім бұзылды. Облыстық соттан ұйғарым бұзылып келген істер болмаған. Сотпен 419 әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер қаралып, 82 іс бойынша қамаққа алу, 223 іс бойынша айыппұл, 26 іс бойынша ескерту сияқты жазалар тағайындалған. 88 іс бойынша іс қысқартылған, оның ішінде татуласумен байланыстысы 29. (Салынған айыппұл соммасы – 15 013 930, төленген – 10 224 283). Көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы туралы 81 іс қаралды,13 іс бойынша қамаққа алу,38 іс бойынша айыппұл, 29 іс бойынша ҚР шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберілді, бір іс бойынша қысқартылды. Әкімшілік іс материалдардың 74,3% мемлекеттік тілде қаралған.
– Отбасылық соттың маңыздығы неде? Жалпы сотқа жүгінетінотбасылар көп пе?
– Шыны керек, отбасындағы құндылықтарға ерекше мән беріп, ұядағы тәртіп пен заңдылықты бәрінен биік қоятын біздің қоғамда бұл сұрақтардың өзектілігі әлі ортаймай келеді. Қазіргі таңда ювеналды сот институты 60-тан астам елде жұмыс істейді. Тізімнің ішінде Жапония, Ұлыбритания, Германия секілді әлемнің ірі державалары да бар. Бұл мемлекеттерде Отбасылық соттың жеке дара қызметтерінің оң тәжірибесі қалыптасқан. Мәселен, ұлттық мәдениеті мен салтына өте сергек қарайтын Жапонияда отбасы даулары мен кәмелет жасына толмағандардың құқықбұзушылықтары тек отбасылық соттарда қаралып, шешіледі. Ал Ұлыбританияның отбасылық соттарында неке, отбасы, ана мен балаға қатысты заңнамалық актілері сарапқа салынады. Ал елімізде Отбасылық сот қанатқақты жобасы 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап енгізілді. Сингапур елінің үлгісіне арқасүйеген тың жобаны Жоғарғы сот жүргізіп, оған жергілікт ісоттар, мемлекеттік органдар, әкімшіліктер және қоғамдық институттар жұмылдырылды. Ювеналды соттар әр саланың мамандарымен тығыз жұмыс істейді. Атап айтқанда, психолог, нарколог, медиатор, адвокаттармен бірігіп, дауды соттан тыс шешу, отбасы құндылықтарын арттыру, отбасылық зорлық зомбылыққа төзбеушілік және балаға қолайлы әділеттілікті қалыптастыру, психологиялық, наркологиялық көмек көрсетудің алгоритмін анықтау бойынша күрделі істерді ортақ қарайды.
– Мамандардың кәсіби біліктіліктілігін арттыру бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Жақында “ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Конституциялық заң қабылданды.“Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Конституциялық заңының жобасы Мемлекет басшысының Жолдауында сот төрелігін атқару сапасын қамтамасыз ету және судьялардың кәсіби деңгейін арттыру қажеттілігі жөнінде берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді. Конституциялық заңның мақсаты - сот төрелігінің атқарылу сапасын, судьялар корпусының кәсіби біліктілігін, олардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруға бағытталған құқықтық тетіктерді жетілдіру арқылы сот жүйесін одан әрі дамытады.Сот жюриімен сот ісін қарау кезінде заңдылықтың өрескел бұзылуының әрбір фактісі бойынша судьяға қатысты тәртіптік іс материалдарын тексерудің жаңа тетігі енгізілді, бұл судьялар тарапынан заң бұзушылықтарды болдырмауға оң әсерін тигізетін болды. Қазіргі таңда тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы шешімдерді Жоғарғы Соттың және облыстық соттардың пленарлық отырыстары қабылдайды, нәтижесінде іс жүзінде Сот жюриіне осындай бұзушылықтардың азғантай ғана бөлігі қарауға түседі. (26%-ы ғана). Тәртіптік істер бойынша жүктеменің ұлғаюы мүмкін деген болжамға байланысты Конституциялық заң жобасымен Сот жюриінің құрамын 9-дан 15 мүшеге дейін ұлғайту қарастырылды, оған 13 судья, сондай-ақ кеңесші дауыс беру құқығы бар заңгерлер қауымының 2 өкілі енді. Түзетулердің келесі бағыты сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссияның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін өзгертуді қамтиды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссия судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүзеге асырып келген өлшемшарттар қатарынан бірнеше талаптар, оның ішінде “адамгершілік қасиеттері” өлшемшарты алынып тасталды, себебі ол бойынша бағалауды Сот жюриі, судья әдебі жөніндегі комиссия және пленарлық отырыстары да жүзеге асырады. Іс жүзінде бұл тәртіп бойынша судья бағалаудан қайталанып өтіп отырған. Конституциялық заң бойынша судьяның кәсіби қызметін бағалауды қолданыстағы нормаларда қарастырылғандай бір жылдық қызметінің нәтижелері бойынша емес, алғашқы үш жылдық нәтиже бойынша жүргізіледі. Өйткені судьялар 1 жыл ішінде олардың кәсіби біліктіліктілігін толыққанды бағалау үшін жеткілікті көлемде істерді қарап, тиісті тәжірибе жинақтап үлгермейді. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияға қарау нәтижесі бойынша судьяны атқаратын лауазымына сәйкес деп тану туралы шешім шығару және оны Сот төрелігі Академиясының біліктілікті арттыру курстарына жолдауына қатысты өкілеттіктер берілді. Бұл тетік судьялар корпусының сапасын арттыруды көздейді.
– Мәнді сұхбатыңыз үшін рахмет, нәтижелі істер көп болсын!
Гүлназ БИСЕН