Іс-шара 8 сағатқа жуық уақытқа созылды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

ШЫҰ саммиті 2024
2466

Елордада 3-4 шілде күндері өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті аяқталды, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.

Түрлі мемлекет басшыларының қатысуымен өткен іс-шара 8 сағатқа жуық уақытқа созылды.

"Құрметті мемлекеттер басшылары, қымбатты достар. Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жөнінде жан-жақты пікір алмастық. Сіздер ұсынған ауқымды бастамалар ШЫҰ кеңістігінде және одан тыс жерлерде тұрақты бейбітшілікті, көпжақты ынтымақтастықты және тұрақты прогресті қамтамасыз етуге көмектесетініне сенімдімін. Осымен Астанадағы ШЫҰ саммитін жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ Қазақстан басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге табыс тіледі. Енді ШЫҰ төрағалығы Қытайға өтеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...