Араб мұсылман философиясының өзіндік ерекшеліктері

ТАНЫМ
5503

Орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған, еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мұсылман елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін ғылымда фалсафа деп атау дəстүрі бар. Оларды орыс тіліндегі əдебиеттерде «араб тіліндегі философия» немесе «араб философтары» дейді. Анығында бұлар ерекше ойлау менталитетіне ие болған фəлсафа өкілдері. 

Фалсафа туралы 1991 жылы Москваның «Наука» баспасынан жарық көрген «Исламның энциклопедиялық сөздігінде » мынадай түсінік берілген: «ал-фасафиа» - термин, которым в средневековой мусульманской литературе обозначали философию мыслителей, ориентировавшихся на античные модели философствования называвшихся фаласафиа ( ед. ч файласуф) а также саму античную философию» [1]. 

Бұл түсініктен, мынадай жағдайлардың басы ашылып тұр. Біріншіден, фалсафа философия дегеннің арабшаланған түрі. Демек, араб тілі орта ғасырда философиялық мəдениеттің тіліне айналған. Философияның бір тілдік негізде өрбігені тарихта белгілі, айталық, антиктық философия грек тілі негізінде болса, Шығыс Азия мен Қытайда Тибет тілінде, Орта Азия мен Еуразиялық кеңістікте түркі тілінде, Батыс Еуропада орта ғасырлардан жаңа дəуірге дейін, латын тілінде, қазіргі заманда мұндай міндетті ағылшын тілі игеріп кетуі ықтимал. 

Фалсафаның араб тілінде өрбуіне мəденитарихи, саяси-əлеуметтік жағдайлар болған. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мəдени əлеуметтік жағдай : ислам діні, оны таратушы басты саяси күш - Араб халифаты. Халифат мемлекеттік кұрылым ретінде Аравияда 7 ғасырдың жиырмасыншы жылдары пайғамбарымыз Мұхаммедтің діни реформасы нəтижесінде өмірге келген. Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін, халифат мүлдем ұлан - асыр империяға айналды. Əдетте мұндай империялардың ғұмыры ұзақ болмаушы еді, халифат болса, 7- ғасырдай уақыт өмір сүрді. Бұл империялар тарихында болмаған мерзім. Əлемді дүр сілкіндірген социализмнің өмірі небəрі жетпіс жылға əзер жетсе, халифат дүниеге жеті жүз жылға жуық өз өктемдігін жүргізді. Араб тілі осы империяның мемлекеттік тілі болды. Мұхаммед пайғамбар діни ұстаз, саяси басшы жəне ең жоғары үкім шығарушы болғандықтан, оның тілі дінде, саясатта, шариғатта ( заңда) мемлекеттік қызмет атқарған. 

Араб тілі - Құран тілі. Бес уақыт намаз міндетті түрде арабша оқылады. Демек, мұсылмандық жеткен жерлерде хат тану араб тілінен басталады. Сөйтіп, сауатты адам араб тілін меңгерген адам деп мойындалды. Араб тілін меңгеру - білімділіктің нəрі мұсылмандықтың белгісі. Осы жағдайға сай оқу, білім беру жүйесі арабша қалыптасып, ендігі жерде араб тілі мұсылман өркениетінің тіліне айналды. 

Фалсафа мұсылман мəдениетінің туындысы. Бұл негізінен, мұсылман елдерінің ойшылдарына тəн дүниетаным. Фалсафа ілімінің қандай өкілі болсын, мұсылмандыққа қарсы шықпаған,қайта, керісінше, əлемдік мəдениет үлгілерін, əсіресе философтарды мұсылмандық дүниетаным тұрғысынан қарап, соған орай бейімдеген. Фалсафаның осы ерекшелігі кезінде христиан ойшылдарының ашуызасын туғызған. Фалсафаның мұндай күйде болуының табиғи-тарихи қажеттілігі болды. 

Араб халифтері жəне елдің зиялы кауымы мұсылман мəдениетінің өнерінің деңгейін жоғары көтеру қажеттілігін түсінді. Оның ең басты себебі, ислам діні өзінен алты ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен тарихи бəсекеге түсті. Бұл бəсекенің негізінде дүниені бөлу мəселесі тұрды. Сөйтіп, мұсылмандар жəне кəпірлер деген ұғымдар қалыптасты. Ертеректе ислам дінін қылыштың жүзімен, білектің күшімен жер-жерге зорлап енгізсе, келе-келе бұл тəсілдің өміршең еместігін халифтер, олардың кеңесшілері түсіне бастады. Ендігі жерде əлемнің меңгерудің жолы ғылым, өнер, білім, философия екенін түсінген халифтер осы салалардың өсіп өнуіне бар мүмкіндіктерді жасай бастады. Осындай саясаттың негізінде араб тіліндегі философия пайда болды, ол тарихта «фалсафа» деген атпен қалды. 

Кейбір ғылыми əдебиеттерде, философия тарихындағы фалсафаның орнын анықтауда əр түрлі пікірлер бар. Біреулер араб тіліндегі философияның басты қызыметі грек ойшылдарын аударып, оған камментарии ғана жасаған, яғни өзіндік ойлау мəдениеті жоғары болмаған десе, бұл пікірге орыс ғалымы А. А. Игнотенко қарсы дəлел келтіреді: «Фалсафа не стала простым переводам на арабский язык античной философии, она - новый во многих отношениях более высокий этап развития человеческой мысли. Идеи фалясифа стали в последующем одним из могучих импульсов становления», - дейді [2]. Олардың айтуынша, арабтар Платонды Аристотель деп қабылдаған бұл жерде бір түсінбестік бар. Мүмкін, арабтарда кейбір оқу орындарда осындай жағдай болуы өте ықтимал. Алайда алғашқы фалсафашы Əл-Кинди қателікке бармаған, оның Аристотель кітаптарының саны жəне кұрылымы туралы еңбектерінде мұндай кітап туралы сөз жоқ. 

XX ғасырдың атақты ойшылы; Б. Рассель философия туралы құнды ойлар айтқан: «... Репутация Аристотеля создана главным образом ими в античные времена он редко упоминался и не считался равным Платону», - дей келе пікірін былайша жалғастырған, - « ... Мы обязаны арабам в знании греческой философии, потому что, когда ее снова начали изучать в Европе, требуемые технические термины были взяты с греческого или латинского языков. В философии арабы были лучшими комментаторами, чем оригинальными мыслителями. Их значение для нас состоит в том, что они, а не христиане были непосредственными наследниками той части греческой традиции, которая сохранилась только в Восточной империи. 

Контакт с магаметтонами в Испании и в меньшей степени в Сицилии способствовал ознакомлению Запада с Аристотелем, а также арабскими цифрами, алгеброй и химией. Именно этот контакт содействовал возрождению эрудицции в XI веке, приведшему к схолостической философии. Много позже, начиная с XIII века и дальше. Изучение греческого языка дало возможность идти прямо к трудам Платона, Аристотеля и других греческих писателей античных времен, но если бы арабы не сохранили традицию, люди эпохи Возраждения могли бы и не зоподозрить, как много можно получить блогодария возрождению классической учености» [3].

Сонымен қатар, антиктік Платон мен Аристотелдің ара салмағы туралы. ПлатонАристотелдің ұстазы, мүмкін содан, əлде оның ойларының көркем тілмен берілуінен бе, қайтседе ол заманда екеуін катар қоймаған. Платонның салмағы зиялы ортада Аристотелден əлде қайда басым болған. Арабтар болса, осы мəселені философия тарихында өзгеше бастауға салған, олар Аристотелді бірінші орынға шығарған оның себебі фалсафа тарихын оқыпүйренушілерге түсінікті. 

Өйткені, ұмыт болған антиктік философияны тірілтіп, оған комментарилер жазып, аударып, онымен Европа жұртшылығын таныстырып бір сөзбен айтқанда грек философиясындағы дəстүрді жалғастырушылар, сөзсіз фалсафашыар, Б.Рассел сөзімен айтқанда, «Арабтар». Егер олар болмаса, грек философиясы қай заманда кайтадан жаңғырар еді? Осындай істің нəтижесінде Европада грек, латын тілдері қайта жанданды, олар ғылым, білім, өнер, философия тілдеріне айналды. Сөйтіп, Еуропада классикалык филология дəстүрі қалыптасты енді зиялы қауымның грек, латын, араб тілдерін білуі заңдылыққа айналды, бұл жағдай Еуропада жəне Россияда XX ғасырға дейін жетті. 

Арабтар салған дəстүр немесе грек философиясын қайта жаңғырту XI ғасырғы Батыс Еуропа схоластикасына негіз болды. Бұл туралы кезінде И.Г.Гердер былай деп жазған: «Арабтар болмаса, Гербер де, Альберд Великий де, Вилла Новалық Арнольд те, Роджер Беконде, Л. Раймондта болмас едІ. Олардың бəрі Испанияда арабтардан оқыды немесе солардың шығармаларын оқыды. Тіптен Фридрих 2-нің өзі араб кітаптарын аударуға қамқор болып ғылымдардың жандануына жағдай жасады» [4]. 

Осы мəселе туралы замандасымыз Ренне Генонныңда айтқан мына пікірлерін қосуға болады: «Схолостика деген атаумен танылған орта ғасырлық философия: мұсылмандық, иудейлік жəне християндық болып бөлінеді. Алайда оның дəл осы мұсылмандық саласы қалған екеуінің бастау көзі болды. Əсіресе иудейлік схоластика Еуропада ол тұста араб тілі арнасында гүлденді. Мəселен, иудей философиясының кейінгі Спинозаға дейінгі ғасырларға дем берген Мұса Ибн-Маймунның аса маңызды шығармалары осыған көз жеткізді. Спинозаның өзінен де Ибн-Маймунның кейбір идеялары шаң беріп қалып отыруы тегін емес» [5]. Орта ғасырлық Схолостика болса, В. Вундттың айтуынша, жаңа заман философиясының басы болған [6]. 

Араб философтары, еуропалық Қайта өрлеу заманындағы интеллектуалдық халге айтарлыктай əсері болған. Бұл туралы, А.Ф. Лосевтің мынадай пікірі бар, ол белгілі Ибн-Рушдтың ізбасары Сигер Брабандский туралы: «... поскольку наша изложение əстетики Ренессанса пытается развивать единную логическую линию, то, пажалуй, о нем будет удобным упомянуть именно сейчас. Здесь он интересен для нас как представитель учения двойной истине который тоже весьма заметно способcтвовала выделению искуства в особую область, размеживанию его религий глубокому вхождению в его специфику подобного рода учение развивалось еще далеко до Европейского Возрождения, именно у арабского философа Аверроса. В 13-14 вв. В связи с растущей либерализацией художественной области подобного рода учение, несомненно, получало большое значение» [7]. 

Б.Расселдің араб философиясының Қайта өрлеу дүниетанымына ықпалы дегенге Л.Лосевтің Помпонаццидің «ақиқаттың екі сипаты» туралы жоғарыда айтылған нактылы дəлел. Л.Лосевтің «личностно - материальная концепция» деп отырған казак үғымына сай аударсақ, ол былай болып шығады: ол - Жаратушы мен жаратылғандардың (сезімдік заттардың) тұтастығы. Жаратушыны тану адамға берілмеген, бірақ оның жаратқандарын танып, білу мүмкіндігі бар. Бұл мүсылмандық дүниетанымға сай келетін фалсафаның басты проблемасы. Бұл идеяны Абай былайша білдірген: «Безендірген жер жүзін Тəңірім шебер». Біз дүниені Тəңірдің (Жаратушының) қалайша безендіргенін) білмейміз, оның сыры Жаратушының өзіне ғана мəлім, ол айқын сезім, танып отырғанымыз «безендірілген дүние», оны тану, сезіну адамның үлесінде. 

Қайта өрлеуге фалсафаның əсері дегенде, оның тек христиандык дүниетанымға негізделмей, христиандык - мұсылмандық синтезде болғанын мойындауға тура келеді. Сөйтіп қайта өрлеудің əлемдік мəдениет тарихында алатын орны діни партикуляризмді жеңіп, жаңа түсінік, жаңа дүние таным ұсынуында еді, оны Еуропа гуманизм дəстүрі деп атап кеткен. Себебі, биік гуманизм діни саналардан, əрине, жоғары болуы түсінікті. Күні бүгінге дейін Қайта өрлеу заманы қалыптастырған жаңа дүниетанымды зерттеушілер ескермей келеді. Бүл жаңа дəуір басы болатын, бірак өкінішке орай, онын ғұмыры ұзақ болмады. Қайта өрлеуден кейінгі келген Жаңа заман философиясы деп аталатын тарихи - мəдени феномен Батыс Еуропалық арнаға түсіп, мəдениет тарихында Шығыс жəне Батыс деген дилемманы өмірге əкелді. Жаңа заман философиясында араб тіліндегі фалсафа ғана ұмыт болған жоқ, Еуропада аверроизм деп аталған ілімді жактаушылардың аса көрнекті өкілі Сигер Брабанский есімі де ұмыт болды. Себебі, Батыс Еуропа ойшылдары теология мен философияны бір-бірінен ажыратуға қаншама талпынғандарымен, Мераб Мамардашвили айтқандай: "Классическую европейскую культуру, т.е. ту, что складывается к началу 17 века на гребне возрожденческого подъма, можно определить как культуру христианскую" [8]. Сондықтан да Еуропада араб тіліндегі философияны, яғни фалсафаны бағалау христиандык. дəстүрде болып отырды. Басты мəселе - Аристотель мен Платонды араб философиясының түсінігінен тазартып, олардан християндык дəстүрдегі ойшылдар жасау мақсаты тұрды. Осындай сыңаржақ көзқарас туралы Рене Генон озінің "Еуропаға ислам өркениетінің ықпалы" деген еңбегінде нақтылы айтқан. 

Философия тарихына арналған алғашқы оқулық - хрестоматия болғандықтан, оның құрлымы туралы бірер сөз айтқан. 

Арнайы əдебиеттерде фалсафа тарихы əлКиндиден басталып, Ибн Рушдпен аяқталып жүр. Біз де осы тəртіпті сақтауға тырыстык. Одан əріде фалсафаның типологиясың белгілеу қажеттілігі болды. Фалсафа тарихының типологиясын анықтауда қандай олшемдерді алу керек деген мəселеге айналды. Əдетте, типологиянын өлшемдері: тарихи, географиялық, аймақтық немесе ұлттық болып кледі. Біз фалсафаның типологиясын анықтауда саясигеографиялық өлшем қолдандық. Себебі фалсафа араб тілі негізінде ғана емес, сол саяси негіздерде жүзеге асқан феномен. Осы түрғыдан оның үш тарихи кезеңін белгіледік. 

Бірінші кезең. Бағдат халифатына қатысты, əл-Кинди, "Таза ағайындар" еңбектеріне байланысты қарастырылатын тарихи ~ мəдени кеңістік. 

Екінші кезең. Халифаттан өзге мұсылман мемлекеттерінің пайда болуына байланысты ислам мəдениеті Аравиядан тыс аймақтар да гүлдене бастады, соның бір көрінісі - Орта Азия мен Қазакстан аумағында ерекше түрде дамыған фалсафа, оның өкілдері: əл-Фараби, Ибн Сина, Омар Хаям, Аттар, əл-Ғазали, т.б. Бұлар парсы түркі жұртының ойшылдары. 

Үшінші кезең. Мұсылман испаниясындағы Еуропалық фалсафаның тарихи-мəдени кеңістігі, оның өкілдері: Ибн Бадж, Ибн Туфейл, Ибн Араби, Ибн Рушд. 

Сонымен, фалсафа үш географиялық аймақта өніп-өсті. Сонымен бірге фалсафаны таза күйінде қабылдау да қиын. Себебі, онымен бірге мұсылман дүниетанымында мынандай ағымдар, мектептер болған: мутазилиттер, қалам, суфизм, т.б. Бұларды бір-бірінен ажырату қиын, себебі, мутазилизм VIII-IX ғасырлардағы исламның бір бағыты деп қарастырушылық бар. Мутазилиттеррационализм жəне білім жағында болып, халиф билігін зиялылық мəнде түсіндірген, олар əділеттілік Алладан болғанымен , Құран сөзін догмаға айналдыруға қарсы болған. Сондыктан мутазилизм каламның бір бағыты деу де талас тудыратын пікір. Себебі, калам ислам қағидаларын логикалық тəсілдермен түсіндіруге машықталған əрі діни беделге құрылған ілім. Каламның қалыптасуында, Е.Бертельстің айтуынша, грек гностиктерінің əсері мол болған. Муттакалимдер негізінен мутазилиттерге қарсы болған мен, Ибн Халдунның пікірінше, муттакалимдердІң кейінгі еңбектерінде қаламның мəселелері мен фалсафаның мəселеле, бір - бірімен араласып кеткені сондай, бұл ғылымдар мүлдем бірігіп кеткен. Фалсафа тарихын Ибн Халдуннан артық білу мүмкін іс емес, соңдықтан беделге де ғылыми негіз ретінде сүйенген дұрыс болар. Осы себепті исламның негізін салушылар: əл-Ашари мен əл-Матурудилерді фалсафаның пайда болуының теориялық алғы шарттары деп қабылдау орынды.

 ______________ 

1. Ислам əнциклопедиялық сөздіг». - М., 1991. - 250.б. 

2. Игнатенко А.А. В поисках счастья. - М.,1989. 

3. Рассел Б. История западной философии. - Ростсв-на Дону, 1998. - С.328-329. 

4. Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. - М., 1977. - С.601. 

5. Ақиқат журналы. - №7,1994, 42.б. 

6. Вундт В. В ведение философии. - М., 1999. - С. 139. 

7. Лосев А.Ф. Эстетика возрождения. - М., 1978. - С. 214 

8. Вопросы философии. №5, 1992.c.115.

П.М. Сулейменов

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...