Бар екені күмәнді тарихи тұлғалар: Бар ма, жоқ па?!

ТАНЫМ
3010

Тарих сахнасында бар секілді тұлғалардың жоқ секілді өмірі жайлы не білеміз? Олар, расында, бар ма, жоқ па?! Бар болса неге күдік пен күмән талай ғасыр өтсе де сейілген жоқ?! Жоқ болса неге үлкен тарихи оқиғаларға ол тұлғалардың қатысы бар?! Олар мифтер ме, әлде нақты адамдар ма?! "Мәдениет порталы" бар екені күмәнде тарихи тұлғалар жайлы сөз қозғамақ. Мархабат!

Дай Дуду, Дантемен "Құдіретті комедияны" талқылау. 2006 жыл

Гомер

Долгое время считалось, что Гомер был профессиональным сказителем, который исполнял и придумывал эпические поэмы. В том числе знаковые произведения европейской литературы: «Одиссею» и «Илиаду».

Ұзақ уақыт бойы Гомерді эпикалық поэмаларды авторы ретінде есептелді. Бірақ зерттеушілер Гомердің өмірі мен шығармашылығын мұқият талдай бастағанда, көптеген сұрақтарға, дәлірек айтсақ күмәндарға тап келді. Ғалымдар оның өзіне тиесілі еңбектердің авторы екеніне күмән келтіріп қана қоймай, сондай-ақ мұндай адамның бар-жоғын біржақты шеше алмады.

Ең өкініштісі, әлі күнге дейін Гомердің қай жерде және қашан өмір сүргенін нақты анықтау мүмкін емес. Кейбір деректер біздің дәуірімізге дейінгі XIII-XII ғасырлар туралы, басқалары - IX-VIII ғасырлар туралы айтады. Яғни, жалпы есеппен екі деректің арасы жермен көктей! Ал гректердің ең атақты шығармалары – «Одиссея» мен «Илиада» ол қайтыс болғаннан кейін жазылған. Біздің ойымызша бұл шығармалардың нақты авторы болмаған, ауыздан-ауызға тарап, әр баяндауыш мәтінге өзінше бір нәрсе енгізіп отырған.

Ликург

Антикалық кезеңнің өзінде-ақ Спартаның мемлекеттік және әлеуметтік негіздерін қалаушы Ликург деп есептелді. Ликург – Спартаның мемлекеттік жүйесін, қос билік құрамын, ақсақалдар кеңесін, әскери істердің алғашқы идеялық алғышарттарын бекіткен билеуші. 

Алайда Ликургтың қандай заңдарды қабылдағаны белгісіз. Оның Спартаның қос билеуші үйінің қайсысына жататыны белгісіз. Геродоттың қолжазбасына сенсек Агиада билеушілер үйіне жатады. Кейінгі авторлар онымен келіспей, Ликургты Еврипонтидтерге жатқызды. Ежелгі грек жазушысы Ксенофонт аңызға айналған Ликург біздің дәуірімізге дейінгі 1000 жылдар шамасында билік құрған деп есептесе, Александр Македонский дәуірінің ғалымдары 9 ғасыр деген дәйек келтірді.

Қарама-қайшы пікірлер мен жеткіліксіз ақпараттар қазіргі зерттеушілерді де тығырыққа тіреді. Ликург қашан және қайда өмір сүрген? Тіпті кей тарихшылар Ликургтың ешқашан болмағанына және оның тек спартандықтардың қиялында ғана екеніне сенімді. 

Дегенмен, қарама-қарсы көзқарастар да бар. Кейбір тарихшылар үшін Ликург Спартаның басына қара бұлт үйірілген шақта елін аман алып қалған тарихи тұлға, билеуші. Бірақ тарихи тұлға болса неге күмән әлі сейілген жоқ?!

Король Артур

Әрине, тастан Экскалибур қылышын суырып, «Дөңгелек үстел рыцарларының» жетекшісі аты аңызға айналған Король Артурды қалайша жоқ адам дей аламыз?! Алайда кельттердің көсемдерінің немесе қолбасшыларының бірі мифтік патшаның тарихи прототипі болуы әбден мүмкін.

Дегенмен, Артурмен байланысты кейбір оқиғалардың шындығы тарихшылар арасында күмән тудырмайды. Біздің заманымыздың VI ғасырында Британ аралында өмір сүрген кельттер сакстардың герман тайпаларының шапқыншылығына қарсы күресіп, бірнеше жеңіске жеткені белгілі. Соның ішінде Бадон жеңісі - Артурға тиесілі жеңістердің бірі ғана.

Өкініштісі, Артур патшаның немесе оның прототипінің бар екеніне басқа ешқандай дәлел жоқ. 6 ғасырдағы құжаттарда, соның ішінде Бадон шайқасын сипаттайтын құжаттарда батыр туралы айтылмайды. Король мен саксондар арасындағы текетірес туралы алғашқы ақпарат «Камбрия жылнамасы» мен «Бриттар тарихында» кездеседі. Ал бұл екеуінің өзі жоғарыдағы соғыстан 300 жылдан кейін құрастырылған құжаттар. Оның үстіне құрастырушы авторлар деректерді қайдан алғаны белгісіз. 

Король Артурдың өзі кейіпкер ретінде 12 ғасырда, дәлірек айтсақ, Гальфридтің «Британдық корольдердің тарихы» атты еңбегі арқыла таныла бастады. Сондықтан әлі күнге дейін Король Артурды нақты бір тарихи тұлға деп есептеу мүмкін емес. 

Рагнар Лодброк

«Былғары шалбар» (Лодброк) лақап атымен аңызға айналған Рагнар 9 ғасырда өмір сүрген деп есептеледі. Рагнар Ұлыбритания мен Парижге шабуыл жасап, Францияның жерін тартып алып, соңында англо-саксон патшасы Элла II тарапынан өлтірілген қолбасшы.

Алғашқы Рагнар туралы ақпарат өзі «өмір сүрген» уақыттан кейін екі ғасыр өткен соң ғана кейбір дастандарда бастайды. Алайда ол жердегі деректер бір-бірі қарама-қайшы. Деректерге сүйенсек,  Рагнар Ұлы Карлмен және оның немересі Чарльз Тазбен, тіпті король Элла II-мен соғысқан-мыс. Ал енді Ұлы Карл мен Элла ІІ-нің арасы қанша жыл екенін есептей беріңіз...

Рагнардың ерліктері жайлы айтылған дастандардың өзі аңыздар мен фантастикалық бөлшектерге толы. Ол бейне бір миф кейіпкері секілді әбжыландармен айқасады, сиқырлы тұмары мұғжиза жасап оны талай апаттан аман алып қалады. Ал мұндай ақпараттарға тарихи факт ретінде қарау қиынның қиыны.

Әрине, Рагнармен байланысты кейбір оқиғалар тарихта болған. Мысалы, викингтер 841 жылы Франция королінен жер алып, 845 жылы Парижге шабуыл жасады. Бірақ тарихшылар бұл жорықтарды әртүрлі адамдар басқарды деп есептейді. Олай болса, Рагнар - әртүрлі адамдардың істерімен танылған скандинавиялық көшбасшының ұжымдық бейнесі деп есептеуге толық құқық бар. Құқық бар дейміз-ау, бірақ, тарих беттерінде Рагнардың ұлы деп танылған Ивар, Убба, Халфдан нақты тарихи тұлғалар болып саналады. Және оларды дәлелдейтін сенімді дәйектер жетерлік. Англосаксон хроникасы бойынша, бұлар 865 жылы Шығыс Англияға скандинавиялықтардың шабуылын басқарады. Бірақ тарихшылар олар Лотброктың балалары ма, жоқ па, оны біржақты айта алмайды.

Дайындаған madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...