Ербол Азанбек: «Кредитті кешіру дұрыс па?»

ТАНЫМ
1727

Кредитті кешіру дұрыс па? Дені сау экономика үшін дұрыс емес. Бірақ қазіргі жағдайда амал жоқ. «Болашақта қайталанбауы керек», депті Президент.

Қайталанбауы үшін:

1)Мектептерде қаржы сауаттылығының әліппесін оқыта бастау керек. 4 жыл бұрын жазғанмын.

2)Қаржылық сауаттылықтты арттырудың қазақстандық бағдарламасы қабылдануы керек. Ол алдымен қазақ тілінде жазылуы, қазақ тілді халыққа бағытталуы керек. Қазіргі БАҚ арқылы жүргізіліп жатқан қаржылық сауаттылық тиімді емес. Атамекеннің «Бастау бизнес» бағдарламасы сынды ауқымды бағдарлама жасап, ауыл, аудандарды аралап, дәріс өткізу керек.

3)Қаржы саласындағы қоғаммен байланысты күшейту керек. Шешім қабылдайтын адамдар орыс тілді, қоғамның 75% қазақтілді. Коммуникация нашар.

4)Іскерлік тақырыптағы қазақтілді контенттің көбеюіне ықпал жасау керек. Қоғам хайп, ән мен сәнге тойып жатыр, қаржы туралы оқитыны, көретіні не жарнама, не негатив. Ортасы, адамдарға пайдалы ақпарат қайда?

5)Қазақстандықтардың айлық табысын арттыру керек. Адам кредитті айлық табысы жетпеген соң не көрсеқызарлықпен алады. Кредит — құрал. Ал қазақстандықтар үшін басында мүмкіндік, артынан проблема.

6)Онлайн кредит беретін, банкке жатпайтын, қызметі лицензияланбаған ұйымдарды жабу керек.

7)Айлық табысы күнкөріс деңгейінен төмен және болашақта қарызды қайтара алуы күмәнді азаматтарға кредит беруге тиым салу жалпы құқығын шектеу шығар, бірақ дұрыс.


Данияр Сағындық

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...