Әркімнің өмірден алатын ырзық-несібесі болады. Ақындық – Алла тағала мен табиғаттың бірен-сара...
Асылұя – патшалар династиясы (басы)
Хунь халқы б.д.д. ІІІ мыңжылдықтағы хунь-юй («хоңыр үй») тайпасынан қалыптасқан. Халықтың өз атауы хоңыр, «Р» дыбысы жоқ қытай «хоңыр үй» атауын «хунь-юй» деп, яғни «хоңыр» атауын «хунь» деп жазбаларына енгізген. Орыс тілінде хоңыр «хунр» делінсе, «Р» дыбысы жоқ қытайлар хоңыр халқын «хунь» деген.
Б.д.д. V-IV ғасырларда атақты Хұң (хунь) империясы қалыптасты. Империя билігі "силюань-ди" тайпасында болды. Хұңдар 24 тайпалы халық, «силюань-ди», «хуянь», «лянь», «сюйбу» деген 4 тайпа мемлекет билігінде өз орындары бар таңдаулы «ақ» тайпалар, қалған 20-сы – өз көсемі мен жасағы бар қарапайым тайпалар. Билеуші "силюань-ди" тайпасы тек таңдаулы 3 тайпамен ғана қыз алысып, беріскен. Билік жүйесіндегі мансаптарды таңдаулы 4 тайпа өзара бөліскен, ең жоғарғы патшалық билік «шанью» тек «силюань-ди» тайпасына тиесілі болса, «сюйбу» тайпасы мемлекеттің сот жүйесін қолында ұстаған. Қытай тілінің білікті маманы Оңдасын Битановтың көмегімен «хуянь» – құман тайпасы, «лянь» – ұлан (алан) тайпасы, «сюйбу» сұрбөрі тайпасы екенін анықтадық (сұрбөрі – атақты «көкбөрі» тайпасы, қазақта «көк аспан» мен «сұр аспан» мағыналас). Ал билеуші "силюань-ди" "асылұйаң-дар" деген тайпа болып шықты, яғни «Асылұяң» деп аталған (хұңдық "дар" жалғауын қытай "ди" деп қысқартып жіберген). Билеуші тайпаның адамдарын «асылұйаң-дар» дейтінін естіген қытай оны «силюань-ди» деп көрсеткен. Демек, Хұң империясын билеген тайпа атауы – Асылұя.
Лев Гумилевтің қытай деректерінде мынадай жолдар бар: «Қытай билігі І ғасырда хуянь тайпасының бір өкілін алдап шақырып, оны шанью етіп сайлауға тырысқан, алайда ол адамның өзі де, тайпасы да оған көнбеген». Онда барша хұң халқы тек силюань тайпасы адамын ғана шанью деп мойындағаны жазылған. Қытай империясы хұңдардың билеуші династиясының беделін түсіруге, ыңғайы келсе билеуші төрт тайпа арасына «сына» қағуға тырысты. Өйткені Қытай империясы қалайда Хұң империясын әлсіретуге мүдделі болды. Сондықтан «Моде әкесі Тоуманьды өлтіріп, билікке келген» деген қытай дерегіне сене беру орынсыз.
Жоғарыда қытай жазбалары хұң атауын тарихқа өзгертіп енгізгенін айттық. Себебі қытай тілінде «Р» дыбысы болмауында және кей әріптердің өзгеше дыбысталуында дедік. Мысалы, қытай тілі заңдылығына сәйкес қазақ – хасакы, сақ – сакы, ошақ – юэчжакы, хоңырмын хуньмуны деп дыбысталуы тиіс. Алайда қытай бөтен атауларды «қысқартқыш», мәселен олардың жазбаларына қазақ – хаса, сақ – си, ошақ – юэчжи, хоңырмын хуньмо болып енген. Мұхият зерделеген адамға Моде есімі «Мүде», оның әкесінің Тоумань есімі «Таумаң», ал Шанью «Шыңүй» екенін байқау қиын емес. Ол есімдер мен атаулар хұңдардікі, ал хұңдар түркітілді болғаны белгілі. Шанью империя билеушісі, оны «шыңүй» деп түзесек, мағынасы нағыз патшаға лайық атау болып шығады («шың» – вершина, ал «үй» – дом, шыңүй – высочайший дом), шыңүй – «Ханүй» немесе «Патшаүй» деген мағынада. Демек, қытай жазбасындағы «шанью» – хұң тілінде «шыңүй». Қытай жылнамасы шыңүй туыстары (ханзадалар) «шығыс джук ханзадасы» және «батыс джук ханзадасы» деп екіге бөлінетінін көрсетеді. Ондағы «джук» дегені «жік» – қазіргі «ру» орнында қолданылған сөз. Бүгінгі тілмен айтсақ, «шығыс ру ханзадасы» және «батыс ру ханзадасы» болады. Қазақтың «жік-жікке бөлінбе» деген сөзі «руға бөлінбе» деген мағынада әлі де айтылады. Мысалы, «селджук», дұрысында – «асылжік», ал «борджигин» «бөріжігің» болады («жік» пен «жігің» – «ру» мен «руың» мағынасында). Жігіт сөзі де «жік еті» атауынан қалыптасқан, өзбек, түркімен, әзербайжандар етті «гуш» (күш) дейді, қазақша «бұлшық ет» сөзі де «күш» дегенді білдіреді. Яғни ол заманда жіктің (рудың) бұлшық етті жастарын «жік ет» («ру күші») деп атаған, одан «жігіт» сөзі қалыптасқан. Осы деректер ертеде «ру» сөзі орнында «жік» атауы қолданылғанын айғақтайды.
Асылұя династиясының халқы қазақ екенін, яғни қазақ хұң халқының үзілмеген жалғасы екенін осы «Асылұя» атауының хунь-хұңдар заманынан еш өзгермей «қазақы» күйде бізге жетуі айқын дәлелдейді. Оның үстіне мемлекет орталығын, яғни билеушілер отыратын мекенді қазақ «Астана» деп атайды, ол «Ас-станы» атауынан қалыптасқан. Барша түркілік ұлттар мемлекет атауына «стан» сөзін қосып атайды, арғы тегі қазақтан болған орыс тілді казактар да жорыққа жиналар орынды «стан» дейді (тілдері славяндалғанда ол «станица» болып өзгерген). Ал Төргі Асылжіктер (тюрки селджук) Константинополь қаласын басып алып, оны «Истанбул» деп атады. Онысы «ұстан бол», яғни «біз қол ұстасып, жиналатын орталық бол» деген мағынада. Осы деректер «стан» әуелде «ұстан» болғанын, оның мағынасы «қол ұстасып жиналар орын» екенін көрсетеді. Яғни Қазақстан – қазақтар қол ұстанатын (жиналатын) жер, Татарстан – татарлар қол ұстанатын (жиналатын) жер мағынасында. Сонда билеуші Ас адамдары отырған орталықты қазақ халқы «Ас-станы» деп атағанын, осы атау кейін «Астана» болып орныққанын аңғарамыз.
Оғыз елін ХІ ғасырда билеген, сосын Осман империясының негізін қалаған Асылжік династиясы атауы араб әріпті жазбалар ықпалымен «селджук» болып өзгерді. Асылжік (селджук) ханзадалары мен кейінгі Шыңғысхан ұрпақтары «сұлтан» деп аталды, ол атау әуелде «асылдан» болған. Олар Асылұя династиясынан болғандықтан «Асылдан» деп аталған, кейін араб әріпті жазбалар ықпалымен алдыңғы «А» түсіп қалып, «сұлтан» болып өзгеріп кеткен.
Асылжіктер (селджук) VІ ғасырда Түркі қағанатын орнатқан Тюрки Ашина руынан тарайды. Тюрки Ашина руын қытайлар «Тугэ Асянь-ше» деп жазады. Олар ІV ғасырда Ордостағы хұңдарды билеген, сосын V ғасырда Алтайға ауып келген. «Тугэ Асянь-ше» дұрысында – «Төргі Асұяң-шы» («Асұяң-шы» - «асылұя династиясынан», ал «Төргі» – жоғары төрдегі ру, яғни «билеуші» деген мағынаны береді). Яғни, «Тюрки Ашина» – Асылұя династиясының «Төргі» деген руы. Төргі Асұяңшы атауын «Р» дыбысы жоқ қытай «тугэ асянь-ше» етсе, иран-араб жазбалары «тюрк ашина» етіп тарихқа енгізді. Ал «тюргеш» – «тюрк ашина» атауының қысқарған нұсқасы. Демек, Орта Азияны VІІ ғасырда билеген Түргеш тобы да Төргі Асұяңшы – Тюрк Ашина династиясынан болып табылады.
Еуропаны ІV ғасырда тітіреткен Аттила (Аттылы) патшаның атасы Баламир (Баламір) ежелгі Хунь империясын орнатқан Мүде (Моде) шыңүйдің (шанью) 15-ші ұрпағы екенін ғалымдар анықтаған. Яғни Атилла патша да – Асылұя ұрпағы. Сол Атилла билеген аймақта VІІ ғасыр мен ХІ ғасыр арасында Ұлы Бұлғар империясы өмір сүрді. Оның ХІ ғасырда Византияға бағынған аймағындағы халқы (бұлғарлар) ХІІ ғасырда христиан дінін қабылдау арқылы «болгар» деген ұлтқа айналған. Олардың Асеандеген руы бас болып Византиядан бостандық алып, сол жүзжылдықта Болгарское Царство мемлекетін орнатты. Осы билеуші «асеан» руы «асұяң» болуы әбден мүмкін. Болгария тарихында билеушілер әуелде «ханасювеги» деген мағынасы белгісіз атаумен аталғаны, сосын «князь» делініп, кейін Болгар патшалығы орнағанда «царь» атауы орныққаны айтылған. Мұндағы «Ханасювеги» дұрысында «хан асүй бегі» екені анық көрініп тұр. Демек, болгарлардың түркітілді аталары – бұлғарлар ханның туыстарын, яғни ханзадаларды «хан асүй бегі» деген. Осы «хан асүй бегі» атауындағы «асүй» Ұлы Бұлғар патшалығын билеген Асылұя династиясы өкілдері екенін растайды. Болгарское Царство мемлекетін орнатқан Асеан (асұяң)руы мен болгар тарихында көрсетілетін Аспарух хан есімі де сөзіміздің дәлелі.
Кейінгі жылдары өзбек ғалымдары Ибн Батута жазбасын түпнұсқасынан өзбекшеге аударды. Олар Алтын Орда астанасы түпнұсқада «Ас-сарай» екенін дәлелдеп отыр. Демек, Шыңғысхан негізін салған Алтын Орданың астанасы, Ресей айтқандай, «Ақ сарай» емес, «Ас сарай» деген қала екен. Хұң империясын билеген адам «шыңүй» (шанью) деп аталды, ал Шыңғысханның өз есімі – Теміршың («Р» дыбысы жоқ қытай «Тимучин» деген). Теміршың мен Шыңғысхан деген екі есімде де «шың» сөзі болуы бекер емес, «шың» – Шыңғысханның ежелгі Хұң империясын орнатқан Мүде шыңүйдің ұрпағы екенін көрсетеді.
Шыңғысхан ұстанған «конституция» «Яссы» деп жазылады. Ал оның дұрысы «Ассы» болуы мүмкін. Шыңғысхан ұстанған тәртіп – «Ас дәстүрі», яғни Асылұя династиясы қалыптастырған «конституция» болып табылады. Ол билікке келген соң Теміршың есімін Шыңғысхан деп өзгертті, оның себебі белгісіз. Бірақ Шыңғысхан есімінің дұрысы «Шың-ас-хан» десек, қателеспейміз. Мағынасы. «Шың» дәрежелі, «Ас» ұрпағы болған «хан». Оның Шыңасхан есімін Шыңғысхан еткен өзге тілді жазбалар ықпалы екені анық.
Сонымен, Хұң империясын билеген – Асылұя тайпасы. Осы тайпа ұрпақтары барлық түркілік елдерді, тіпті Еуразиялық мемлекеттерді кем дегенде 20 ғасырға дейін билеген. Нақты деректерге жүгінсек:
Кангью (қаңлы) мемлекеті. Ежелгі грек тарихшылары деректерінде
кангью тайпасы сақ-скиф халқынан екені жазылады. Қытай деректері б.д.д. ІІ ғасырда кангью тайпасы Ферғана ойпатының солтүстік-батысындағы таулы аймақта отырғанын, оларға көрші хұңдардың алан (ұлан) тайпасы барын баяндайды. Осы жазбадағы «кангью» сөзін «қаңғы-үй» дейміз, өйткені, даланы тастап тауға «қаңғып» кеткендіктен, өзге сақтар «қаңғы-үй» деп атаған. Олар сол тауда отырып Хунь империясы ықпалына түскенін, олармен алан (ұлан-лянь) тайпасы аралас отырғаны байқатады. Б.д.д. І ғасырда олар қазіргі қазақ даласындағы сақ халқы билігін қолына алып, Кангью патшалығын орнатты, ал бұл Хунь империясы көмегімен іске асты. Қытай деректері Кангью патшалығы Хунь империясына толық тәуелді болғанын дәлелдейді. Оны Лев Гумилев те қытай деректерімен анықтап көрсеткен. Қытай деректері Кангью мемлекеті «аш далада» орналасқанын және Үйсүн мемлекетімен көрші әрі жау болғанын растайды. Ал Ресей тарихты бұрмалау ниетімен «аш даланы» Мырзашөл деп көрсетті, дұрысында ол Бетпақдала. Осы деректерден Кангью патшалығы аймағы Бетпақдаладан басталып, солтүстікке қарай созылып жатқанын, Үйсүн империясы шекарасы сол заманда Арал теңізіне құйған Шу өзені мен Балқаш көлі бойында жатқанын байқатады. Қаңлы тайпасының әлі күнге дейін Жетісу мен Арал (Сырдария) аймағында отыруыда сол замандардан қалыптасқан деу орынды.
Үйсүн патшалығы б.д.д. І ғасырдан бастап Қытай империясы ықпалында болды, яғни, Кангью мен Үйсүн мемлекеттерінің жаулығы Хұң (хунь) империясы мен Қытай империясы жаулығымен тығыз байланысты. Хұң империясында бүлік шығарған ханзаданың Кангью патшалығына барып бой тасалағанын дәлелдейтін құжаттар бар. Хұң империясының ыдырауы билікке таласқан ханзадалар бүлігінен басталды, қаңғыүй тайпасының бүлікші ханзаданы қолдағанын шыңүй әулеті кешірмеген тәрізді. Өйткені, Хұң империясы ыдырап, халқы І ғасырда біздің далаға келгеннен кейін Кангью патшалығы тарих сахнасынан көрінбей кетті. Биліктен айрылған қаңғыүй тайпасы кешегі жауы Үйсүн империясымен тіл табысып, сонда ығысқаны байқалады. Олар «кангары» («қаңғылар») атауымен VІ ғасырда тарих сахнасынан қайта көрінді.
Сырдария аумағынан барып, ХІ ғасырда Үз (оғыз) елін бағындырып, онда Ислам дінін орнықтырған Түркі Асылжіктердің (тюрки селджук) негізгі күші қаңлы тайпасы болғаны белгілі, яғни атау ол кезде «қаңлы» болып орныққан. Осы деректер ежелгі Кангью патшалығын және VІ-ХІ ғасырлардағы қаңлы тайпасын Асылұя династиясы билегенін айғақтайды. Жетісу қаңлыларындағы «ақ қаңлы» руы ежелгі Кангью патшалығын билеген Асылұя тобынан қалыптасқан, ал Сырдария қаңлыларындағы түрке руы Төргі Асылжік (тюрки селджук) тайпасынан ірге қалаған дегеніміз жөн. Тюрки Селджук-Түркі Асылжік династиясының негізін салған – Мәлік Селджук әл-Ғази деген билеуші, оның әкесінің лауазымы – Сю-баши, әкесі өлген соң Мәлік Селджук әл-Ғази Сю-баши болған. Осындағы «Сю-баши» дұрысында – «Асүй-басы» деген қазақы атау («Асылүй басшысы» немесе «Ас династиясының басшысы» деген мағынада), оны да «Сю-баши» еткен араб әріпті жазбалар ықпалы.
Алан мен Кавказ. Б.д.д. І ғасырда Кавказды жаулаған аландарды
(ұлан, қытайша – «лянь») Асылұя тайпасының «ас-тұғыр» руы биледі, армиян жазбасы ІV ғасырда аландарда «аш-дигор» руы болғанын айғақтайды. Араб тарихшысы Әл Масуди аландардың VІІ ғасырда христиан дінін қабылдағанын, алайда олардың ІХ ғасырда священниктерін Византияға қуып жіберіп ескі сенімдеріне ауысқанын, ал таудың арғы жағындағы далада Ұлы Бұлғария ханы сол жүзжылдықта Ислам дінін қабылдағанын жазады. Бұлғар ханзадалары «ханасювеги», яғни «хан асүй бегі» деп аталғаны белгілі. Демек Ұлы Бұлғарияны билеген – Асылұя адамдары.
Әл Масуди деректерінен шығатын қорытынды: Ұлы Бұлғарияда Ислам діні орнығуына қарсы кей ханзадалар Кавказға кетіп, ондағы Алан елі билігін ас-тұғыр(аш-дигор) тобынан тартып алып, аландарды ескі «тәңірі» сеніміне қайтарған. Аландар ұрпағы – балқар мен қарашай ұлттары және осетиндер құрамындағы дигор тобы. Алан елін билеген сол «бұлғарлық» династия балқар ұлтын қалыптастырса, қараша халық, яғни қарапайым аландар – қазіргі қарашай ұлты. Биліктен айрылған аш-дигор тобы «ир» халқын бағындырып, осетин ұлтының негізін қалады (Әл Масуди аландарға көрші ир деген халық отырғанын көрсеткен және осетиндердің негізгі бөлігі өзін «ирон» дейтіндер).
«Осетин» атауы грузиндік «Ас-етин» («ас еді») сөзінен шыққанын ғалымдар дәлелдейді. Яғни, ир халқын билеген ас-тұғыр (аш-дигор) тобын грузиндер «Ас-етин» деп атағандықтан, халық атауы «Осетин» болып орнықты. Қазір осетин ұлтының 80 пайызы «ирон» деп аталатын парсытілді этнос, ал қалғаны – соларға сіңіп өз түркітілін жоғалта бастаған аландық «дигор» тобы. Қарашайлар мен дигорлардың үлкен бөлігі кейінгі заманға дейін балқар төрелері билігіне жүгініп келгені белгілі. Балқарлардың сословиелік құрылымы Хұң империясы жүйесіне өте ұқсас, ең биік билік «Ұлыүй» төренің қолында. Осы деректер балқар ұлты аландарды билеген бұлғарлық Асылұя династиясынан қалыптасқанын көрсетеді.
Қытай деректері хұңдардың таңдаулы хуянь (құман) тайпасының үлкен тобы біздің заманымыздың I ғасырында (93 жылы делінген) батысқа ауып кеткенін жазады. Б.з. І ғасырында Құман (хуянь) тайпасы орныққан өзен Құман деп аталғанын рим деректері растайды. Қазір ол өзен Кубань деп аталады. Олардың бір тобы кейінгі Атилла заманында Қырымдағы сақ-скифтік урус-сакалбан еліне кеткен, ал негізгі бөлігі Закавказеге кетіп сонда «құмық» деген халық болып қалыптасты. Әл Масуди жазбасы Закавказедегі құмық халқы Х ғасырда христиан дінді және алан билеушілеріне тәуелді болғанын айғақтайды. Яғни ежелгі хұң халқының құман тайпасынан қалыптасқан құмық елі Асылұя династиясы билігін мойындаудан айнымаған.
Қосымша:
Сол І-ІІІ ғасырларда батыс далаға орныққан Асылұя тайпасы қазақтың
Жаппас тайпасын қалыптастырған болуы мүмкін (көршілерінің «жаппай ас» деуімен «жаппас» атауы шыққан). Ал Асылұя тайпасының шығыс далада қалғаны қоңырат руы тәрізді («қарамен» құдаласпайтын Шыңғысхан әулеті тек қоңырат тайпасымен қыз алысып, қыз берісті, осы жайт қоңырат «ақ тайпа» екенін көрсетеді). Жаппас пен қоңырат тайпаларының арғы тегі «Алтын адам» деп көрсетілуі сөзімізге дәлел. Хұң халқының алан (ұлан) тайпасы ұрпақтары да қазақ халқында сақталды. Олар – тарихи деректерде «алан-танаиды» деп көрсетілетін тана тайпасы мен құрамында байтана руы бар дулат тайпасы (алан көсемі Дула есімі кейін «алан» атауы орнын басқанын венгр-мажарлары дерегі көрсетеді).
Күлтөбе қалашығының кангью-қаңлы тайпасына еш қатысы жоқ. Ол
қалашық – тәжік-парсылардың тау етегіндегі мекені. Қалашықтан табылған кірпіштегі жазбаларда «кангью» атауына және кангью тайпасына қатысты еш дерек жоқтығына қарамастан, Қазақстан археологы Подушкин ол шаһарды кангьюлердікі деп сендіруге тырысады. Кангью тайпасы сак-скиф халқына жататынын ежелгі грек жазбалары көрсеткені мәлім. Ал Ресей болса сақ-скифтер – парсы тілділер деп бұрмалап келді. Подушкиннің пиғылы – Күлтөбеде табылған парсылық жазбаларды «кангью тайпасыныңкі» деп, ресейлік сол жалған тұжырымды санамызға сіңіре түсу.
Ирон-осетин тілі иран тіліне туыс екенін және осетиндер құрамындағы
дигор тобының аландардан екенін пайдаланған Ресей «Аландар ұрпағы – осетиндер, осетин тілі (ирон тілі) парсы-иран тіліне туыс, демек аландар ирантілді болған. Ал алан тайпасы скиф-сарматтарға жатады, олай болса скиф-сармат халқы (сактар) парсытілді болған» деп бұрмалады. Бір-бірін «алан» дейтін түркітілді қарашай мен балқарлардың нағыз аландар екенін әдейі көзге ілмеді, оны айтса бар өтіріктерінің күлі көкке ұшатынын жақсы түсінді. Міне, сақ-скиф халқының парсытілділер екеніне Ресей дәлел ретінде келтіретін осы екі жайт та негізсіз екенін көреміз, «өтіріктің құйрығы – бір тұтам» деген осы.
Осы тұста айта кетер бір маңызды жайт: Соңғы жылдары қазақтың бір тарихшы қызы Ираннан қазақ халқы жайлы тың дерек тапқаны белгілі. Ол Х ғасырда қаңлы тайпасын қазақ халқынан деп көрсеткен ирандық жазбаны тапты (өкінішке орай, қазақ тарихи ғылымын билеп отырған орысқұл қазақтар ол деректі көзге ілмеді, тіпті ол жайтты ұмыттыруға күш салды). Мәлік Селджук әл-Ғази – ХІ ғасырда Сыр бойынан (қазақ даласынан) барып оғыз елін бағындырған тұлға, оның әскерінде қаңлы тайпасы да болғаны белгілі.
Иранның атақты жыршысы Фердауси «Рустам» дастанында біздің далада Х ғасырда Қазақ хандығы болғанын, оның ат үстінде найза ұстаған жауынгер халқы ҚАЗАҚ деп аталатынын жазып кеткені мәлім. Демек Мәлік Селджук әл-Ғази – Қазақ хандығын билеген династия өкілі, оның есімінің соңындағы «әл-Ғази» деген сөздің дұрысы «әл-ғазақ» болып табылады («қазақтан» деген мағынада, яғни «Мәлік Селджук қазақтан» деп аталған). Араб әріпті жазбадағы «ғазақ» атауын «ғази» деп бұрмалаған Ресей саясаты, олар осылайша «қазақ» атауының болғанын жасырды (көне жазбада соңғы «қ» әрпінің кей жері өшіп «и» әрпіне ұқсап кеткенін пайдаланғаны түсінікті). Мәлік Асылжік әл-қазақ бастаған қазақтар оғыз елін («үзік», кейін «үз» деп аталған тайпа-ел) бағындырып биледі, ол елде Ислам дінін орнатты. Араб жазбаларында ол елдің «базух» және «ушук» деген екі топтан тұратыны айтылады. «Ушук», дұрысында «үзік» деген сол елдің өз атауы, ал «базух» – «казах» деген атау (арабтың «к» әрпі мен «б» әрпінің жазылу ұқсастықтарын пайдаланып «казах» атауын «базух» етіп тарихқа енгізген Ресей саясаты екені даусыз). Тарихшылардың «селджук тобы кынык тайпасынан» деп таныйтыныда сөзімізге дәлел, өйткені «қынық» пен «қазақ» атаулары арапша жазылуында өте жақын екені белгілі. «Н» мен «з» әріптері арапша жазылуында өте ұқсас, осыны пайдаланған Ресей «селджук қазақ тобынан» деген деректі «селджуктер қынық тайпасынан» деп бұрмалап кеткен. Әрине ұзақ ғасырлар оғыз (үз) елін билегендіктен олар қазақтілділігінен айрылып оғызтілділер болып өзгергені түсінікті, осы себептен Төргі Асылжіктер (тюрки селджук)қалыптастырған түрік халқы мен оғыздар ұрпағы түркімендер тілі жақын болып табылады.
Асылұя - Еуразияны билеген династия
Гунн Империясы. Шамамен IV ғасырда орнаған Гунн империясын билегендер де Асылұя ұрпақтары. Аттила (Аттылы) көсемнің әкесі – Мундзук (Мыңжік), ал арғы атасы Баламирдің (Баламір) атақты Моде (Мүде) шыңүй-шаньюдің он бесінші ұрпағы екенін ғалымдар дәлелдеген. Жалпы Гунн империясы мен Жужан қағанаты әуелде бір империя болған тәрізді. Яғни, ол – Маңғыстауда күш жинаған үйсүндік династия мен Асылұя тобы орнатқан алып империя (Маңғыстаудағы Алтынқазған деген жерден табылған «Гунн билеушілеріне тиесілі» делінген асыл заттар сөзімізге куә).
Жужандар басып алған Закавказьеде Савир мемлекеті пайда болғаны және оның патшалары мен Гунн билеушілері бір адамдар екені Жужан мен Гунн әуелде бір империя болғанын байқатады.
Жужан қағанаты. Жужан билеушілері – б.д.д. І ғасырда Үйсүн империясы билігінен айрылған топтың ұрпақтары. Үйсүн елі жүнді халқынан болғанымен, оларды билеген хоңыр (хұң) халқы адамдары (өздерін «хоңырмын» дегендіктен, қытай жазбасына «хуньмо» болып енген).
Қытай деректері Үйсүн билеушілері әйелді тек хұң халқынан алатынын, хұң қызынан туған адам ғана тақ мұрагері болатынын көрсетеді. Осы дерек Үйсүн мемлекетін билеген династия мен Асылұя тайпасы құдалықты дәстүр еткенін дәлелдейді. Үйсүн княздігін билеген хұңдар (хуньмо) сұрбөрі (сюйбу) тайпасынан сияқты, ал Хұң империясында сұрбөрі тайпасы сот жүйесін басқарғаны мәлім. Үйсүн княздігі халқы қытай деректерінде юэчжи деп те көрсетілетінін айттық. Хұң империясын орнатқан Мүде (Моде) шыңүй сол юэчжи-үйсүн елінде ер жетті, Үйсүн княздігін билеген хұңдар оның нағашы жұрты болуы мүмкін. Демек Үйсүн княздігін билеген сұрбөрілік династия мен Хунь империясын билеген асылұялық династия құдалық байланыста болған, бұл Үйсүн билігі «қытай жиендеріне» тигенше жалғасқан. Үйсүн мемлекеті б.д.д. ІІІ ғасырда Шыңжанда кішігірім княздік болып тұрғанда, халқы ошақ (юэчжи) тайпасы болатын (қытай «ошақ» атауын «юэчжакы» деудің орнына, қысқаша «юэчжи» деген). Қытай империясы көмегіне сүйенген Үйсүн княздігі (ошақ-юэчжи елі) б.д.д ІІ ғасырда Орта Азияны басып алып Үйсүн империясын орнатты (Ресей оны тарихқа Кушан патшалығы деп енгізді), соның нәтижесінде қытайларға Орта Азияға жол ашылып, Ұлы Жібек жолы басталды.
Сол Үйсүн империясын билеген династия б.д.д. 1 ғасырда «қытайшыл» және «хуньшыл» болып екіге бөлініп, өзара билікке таласқаны белгілі, ақыры «қытайшыл» топ жеңіп, жеңілгені Каспий теңізі жаққа кеткен (Тарихшылар «юэчжилер мен уйсундер қақтығысы» дейтін оқиғалар). Олардың өздері хұңдардың сұрбөрі тайпасынан болғанымен, негізгі күші ошақ (юэчжи) тайпасының тазжүрек руы болған. Сол себепті Каспий теңізі маңындағы жергілікті тайпалар оларды «жүр-жан» деп атаған (Каспий теңізі сол заманнан ІХ ғасырға дейін Журжан деп аталды, ал тазжүрек руы қазір сол аймақта отырған Таз тайпасы болып қалыптасты).
Жүржан елі ІІІ ғасырдың соңында Үйсүн империясының Орта Азия аймағын басып алып өз билігін орнатты. Яғни, «аталарына тиесілі болған билікті қайтарып алды» (Л.Гумилев «Үйсүндер жерін ІІІ ғасырдың соңында хундар басып алғанын қытай деректері дәлелдейтінін» жазған). Осылайша ІV ғасырдың басында қазіргі Қазақстан мен Орта Азияда Жүржан мемлекеті (қытайша «жужан») пайда болды. Үйсүн империясы билеушілері қазіргі Шыңжан аймағында ғана өз биліктерін сақтап қалды және Солтүстік Қытай билігін де қолдарына алды. Олардың басты әскери күші табын тайпасы болған (қытайша «табгачи» немесе «тоба»).
Жүржандар (жужан) ІV ғасырдың екінші жартысында (367 жылы) сол шығыс аймақты да жаулай бастады. Осы тұста «тоба мен жужандар соғысы» деген атауға ие тарихи оқиғалар орын алды. Жужандардың арғы тегі үйсүндік билеуші династиядан екенін айттық. Жужандар өздері мен тобгач-тоба династиясы бір халық екенін мойындайтыны қытай деректерінде келтірілген. Яғни, жужан мен тобгач-тоба билеушілері Үйсүндік билеуші династияға жататындықтан, өзара туыстығын мойындаған. Қазіргі табын тайпасының қоңыр руы сол Үйсүндік «қоңыр» (хуньмо) династиясынан қалыптасқан. Осы себептен «тобгач-тоба» дегендер табын тайпасы, ал басқарушылары Үйсүндік билеуші династия дегеніміз орынды.
Ресейліктер тобгачтар мен жужандар сяньби халқынан, яғни маңғол тілділер деп бұрмалады. Қытайлық «Ляншу» дерегі мен «Наньши» дерегі жужандар хуньдарға туыс тайпа дейді, ал «Вэйшу» дерегі «жужандар суншу тайпасы» деп көрсетеді. Қытай жазбалары хуньдарды «сюнну» деп те атаған, «сюнну» мен «суншу» ұқсас дыбысталатыны көрініп тұр. Яғни, үшінші дерек алдыңғы екеуін растайды. Ресей ғалымдары осы «суншу» атауын «сянби» деп түсіндіру арқылы «жужандар – сяньбилік тайпа» деді. Сосын жужандардың тоба-табгачтарға туыстығы жайлы деректі пайдаланып, «тоба-табгачтар да сяньбилер» деп тұжырымдады. Алайда үш деректің екеуі «жужандар – хуньдарға туыс тайпа» дейді, демек, үшінші деректі де солай түсінуге болады. Сонда жужандар да, тобғач-тобалар да – түркітілділер. Жужан билеушілерінің арғы тегі хұңдардың сұрбөрі (сюйбу) тайпасынан болса, аналары асылұяң (силюань) тайпасынан. Осы себептен олар «сұрбөр-ас» деп аталған деп білеміз.
Жужан-гунн заманында хұңзақ халқының абар тайпасы Кавказға орнықты (қазіргі авар ұлты солардан қалыптасты). Маңғыстаулық маңғы тайпасының бір тобы Закавказеге сол заманда барды, олардың екінші үлкен бөлігі қазіргі Маңғолия аймағын мекендеді. Шыңғысхан заманындағы маңғыл тайпасы сол жужандар заманында Маңғыстаудан барған маңғы тайпасы болатын (Шыңғысхан заманында маңғыл тайпасында тайджут руы болды, ал ол адайжұрт атауының қытайша жазбаға түскен нұсқасы болатын). Жужан-гунндердің Кавказдағы әскері абар мен маңғы тайпалары, қазіргі Маңғолия аймағындағы әскері маңғы мен жергілікті теле (деле) тайпасы болғанын тарихи жазбалар растайды.
Сяньби-қидандар өздерін бағындырып билеген жүржан-жужандарды «манжур» дегендіктен, олардың аймағы кейін Манжурия деп аталып кетті («ман» – маңғы, ал «жур» – жүржан). Қидандар – ежелгі сяньбилердің өзі, ал сяньбилер ежелгі қытайлық Ся елінің солтүстікке кетіп ондағы ху тайпасымен араласуымен қалыптасқан (ху тайпасы жапон мен корейлердің арғы тегі). Яғни сяньбилер қытай мен ху халқы араласуымен пайда болған, осы себептен хұң тілінде олар «худан» деп те аталды (мағынасы – ху халқынан). Осы «худан» атауы тарихқа қытай жазбалары ықпалымен «хидан» болып енген. Ал жужан-манжурлар болса қидан-сяньбилерді, өздеріне бөтен болғандықтан, «халық» деп атаған тәрізді. Сондықтан сяньби-қидандар кейін «халха» деп аталып кеткен (қазіргі маңғолдар сол халхалар екені, маңғол мен жапон, корей тілдері өзара туыс екеніде ақиқат).
Қол астындағы қидан-халхалар ықпалымен манжурлар «жужандық» түркілік тілін жоғалтты. Алайда, оларда қазақы белгілер әлі де бар деседі. Кейінгі ІХ-ХІ ғасырларда Қидан мемлекетін билеген сол манжур-жужандық династия. Оларды қытай дерегі «сяо» деп көрсетеді, дұрысы – «асұя» (Асылұя атауының қысқарған нұсқасы). Ал ХVІ ғасырда Қытайды басып алып, Манжур-Цинь империясын орнатқан ру «журжен» деп аталған. Олардың әскері қидан-халхалар болды, қазір маңғол санатындағы сол халхалар Маңғолияға ХVІ ғасырда ғана келіп орнықты. Оған дейін бұл аймақты тек қазақ тайпалары иеленді. Осы деректер жужандардың дұрыс атауы «жүржан» екенін, Шыңғысхан заманындағы «маңғыл» тайпасы Каспийден барған «маңғы» тайпасы екенін дәлелдейді (тайджут руы – адайжұрт, яғни адай руы). Шыңғысхан заманындағы маңғыл тайпасы мен қазіргі халха-маңғолдардың еш туыстық байланысы жоқ. Десе де, оларды билеген топтар өзара туыс және журжандық Асылұяның ұрпақтары болып табылады. Қытай дерегі қидандардың солтүстігінде татаб (татар) тайпасы отырғанын айтады. Олардың солтүстік шығысқа барғандары саха (якут-жахұт) халқын қалыптастырды, қалғаны – Шыңғысхан заманындағы татар тайпасы.
Қытай шекарасындағы оңтүстік хұңдары (Ордос хунндары) қытай жазбалары «Юивэнь», «Хэсси», «Лянь» деген атаулармен кездесетін кішігірім мемлекеттер орнатқан. Бірақ ол мемлекеттерді жужандар заманында Қытай империясы жойып жіберді. Қытай жазбалары хұңдарды «сюнну» деп те көрсетеді, мағынасы «жабайы» дегенге саяды. Осы «сюнну» атауы кейін қытайша «най» деп те оқылғанын франсуз ғалымы Марсель Гране атап өтеді. Қытайша «най» сөзінің мағынасы «сүт», сүтті тағамдар өндіретін сюнну-хұңдарды қытайлардың «сүт елі» мағынасыда «най» деп атап кетуі заңдылық. Осы дерек қытайлар IV ғасырдан кейін оңтүстік хұңдарын «най» деп атай бастағанын байқатады. Сол най-хұңдардың кей топтары қытай қысымынан батысқа кеткен. Оларды Асылұя тобы бастап жүрді, өйткені хұңдар тек Асылұя династиясын «билеуші» деп таныған.
Қытай деректерінде Жужандар әскер ретінде қолданған теле-телегут тайпасы бүлік шығарып өз мемлекетін құрғаны туралы мәлімет бар. Шындығында, сол бүлікті бастаған оңтүстіктен барып теле-телеуттерді өз билігіне көндірген най-хұңдар тәрізді. Себебі, «хун державасы» делінетін Юеван мемлекеті сол кезде сол аймақта пайда болды. Оның алдында қытай шекарасында болған хұң мемлекеті де Юйвэнь деп аталды. Екеуі өзара ұқсас атау және екеуін де орнатқан хұңдар екенін қытай дерегі дәлелдейді. Сол Юеван мемлекетінің аймағына қазіргі Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының жері кіретінін қытай деректерінен аңғару қиын емес (қазір найман тайпасы мекендейтін аймақтар). Демек, қытай шекарасындағы Юйвэнь мемлекеті жойылғанда най-хұңдар солтүстік-батысқа кеткен, олар сол жердегі Телеут тайпасымен одақтасып, Юеван державасын орнатқан (найман құрамындағы төлегетай сол телеуттер екені түсінікті). Артынан аталған мемлекеттің солтүстік аймағы жужандарға бағынды, ал оңтүстік аймағын эфталиттер басып алды. Дегенмен, най-хұңдар сол аймаққа орнығып, оларды Асылұялық топ басқарып, биледі деп тұжырым жасауға әбден болады. Олардың солтүстіктегі өзен бойын мекендегендері Най өзенінің атауын қалыптастырды. Оларға кейін Маңғы тайпасының кей рулары енгендіктен болар, най атауы «наймаң», яғни «найман» болып өзгерді (Наймандардағы көкжарлы, матай, базархан, қараша, қаржау, тіней, балықшы рулары мен маңғылық адайлардың жары, матай, базар, қараш, қаржау, тіней, балықшы рулары туыс деуге негіз бар). Кейін, ХІІІ ғасырда олар қазіргі Маңғолияда жеке Найман хандығын орнатты (наймандар құрамындағы Асан руы мен Ақнайман руы сол Асылұя династиясынан қалыптасқан болуы мүмкін). Демек Найман тайпасы хұң халқының І ғасырда Қытай шекарасында қалған бөлігінің VІ ғасырда қазіргі Маңғолия мен Қазақстан аумағына көшіп келуімен қалыптасты десек, қателеспейміз.
Жужан патшалығын билеген династия кейінірек «шивей» деп аталды. Әуелгі атаулары «сұрбөрас» екенін айттық. Сұрбөрі (сюйбу) – атақты «көкбөрі» тайпасы (қазақта «көк аспан» мен «сұр аспан» мағыналас, яғни «көк» пен «сұр» сөзі қатар қолданылады). Жужан атауын тарихқа енгізген «Р» дыбысы жоқ қытай жазбалары, дұрысында оның атауы – Жүржан, билеуші династия – «сұрбөрас». «Сұрбөр» атауы парсы-грек жазбаларында «савир» деп кездеседі. Сондықтан жужандар Закавказеде орнатқан мемлекет тарихқа Савир болып енді. Ол заманда Каспий теңізі «Журжан» деп аталса, Кавказдағы Савир мемлекетінің халқы кейін «журжан» деген христиан дінді ұлтқа айналғанын араб тарихшысы Әл-Масуди жазбасы айғақтайды.
Үйсүндер – ежелгі таулық жүнді халқынан, жүнділердің таңбасы таудың Тазқара құсы болған. Үйсүн империясы орнына Жужан империясын орнатқандар да үйсүндік династияның бір тармағы екенін айттық. Сол себептен Сыйбөрас династиясының таңбасы Тазқара болып сақталды. Кейінгі Түркі Ашиндермен болған билікке талас сұрбөрас атауын «шибөраш» етті. Оны қытай жазбалары «шивей» деп көрсетеді. «Шыңғысхан әулеті – ежелгі шивей ұрпақтары» делінеді, кейінгі манжурлық жүржен билеушілері де өздерін ежелгі шивей ұрпақтары ретінде таниды. Шыңғысхан әулеті жағымсыз «шибөраш» атауын Х ғасырдан кейін «бөріжігің» (қытайша «боджигин») деп өзгертуге қол жеткізді. Ал олардың мұсылмандыққа өткен Орта Азиялық туыстары қара тайпалармен құдаласып, қарапайым қазақ тайпасына айналды. Олар жағымсыз «шибөраш» атауын «шапыраш» деп өзгерткен. Яғни Шапырашты тайпасының арғы тегі Шыңғысханның Бөріжігің руымен туыс, екеуінің арғы тегі Жужан империясын билеген шибөраш-сұрбөрас династиясына барып тіреледі.
Эфталиты патшалығы. IV ғасыр соңында Жужан қағанаты иелігінде қазіргі қазақ даласы мен Маңғолия аймағы қалды. Оңтүстік Қазақстан, Орта Азия, Шыңжан, Ауғанстан аймақтарын бүгінгі Түркіменстан жерінен келген Эфталит әскері басып алды. Ал батыс аймақта дербес Гунн империясы пайда болды (Закавказьедегі жужан-жүржандар кейін дербес Савир империясын орнатты). Эфталит елін кейде "ақ гунндер" деп те атайды. Қазіргі Түркіменстанда І ғасырда «хунь» тайпасы болғанын қытай дерегі нақтылайды. Лев Гумилев: «Олар хунь болуы мүмкін емес, мүмкін хионидтер болар» деп бұрмалап жіберді. Алайда, хуньдарды жақсы білетін қытай қателесе қоймас, яғни Хунь империясы жойылғанда хұңдардың бір тобы сол аймаққа барып орныққан.
Эфталиттер сақтардың Языги тайпасы мекендеген аймақтан шықты, ал Языги – грек тілі бұрмалаған Үзікүй тайпасы. Кейін үзік атауы қысқарып «үз» болған, ал билеуші тайпа «ақ-үз» деп аталған. Араб әріпті жазбалардағы «ақ-үз» атауын «оқ-үз» деп тарихқа бұрмалап енгізген – Ресей империясы. Оларды біз Үз (оғыз) елі дейміз, түркімендер – солардың ұрпақтары. Үз елі (эфталит) келіп басып алған аймақ – ежелгі үйсүн жері, оларға отырықшы үйсүндер ғана бағынды. Ал қытай тарихшылары үйсүндер би-көсемдерін «Бек» деп атайтынын жазған. Үйсүндер сол әдетімен өздерін билеп бастаған үз тайпасы адамдарын «Үз-бек» деп атап кеткенін, кейін осы атау Орта Азияның барша отырықшыларына ортақ атау болғанын байқау қиын емес. Үзбек ұлты құрамында саналатын 92 рудың қатарында Үз руыда көрсетілген, ал үйсүн (уйшун) тайпасы үзбек ұлтының негізі (фундаменті) екенін ғалымдар мойындайды. Үз тілі (оғыз) мен үйсүн тілі араласып, үзбек тілі пайда болды. Үзбек ұлтының қалыптасуы осылайша V ғасырдан басталды.
Түркімендерді танытатын бір ерекшелік – алабай иті, түркімен ұлты қалыптаспай тұрып ондай ит болған. Осындай «епті алып иті» бар Үз (оғыз) елін көршілері «ептіалпит елі» деп атаған, осы атауды өзгетілді жазбалар «Эфталит» етіп тарихқа енгізген деп тұжырымдаймыз. Ал олардың билеушілері – «Ақ гунндер», яғни Хуньдық билеуші династия, дәлірек айтсақ, Асылұя династиясы.
Закавказедегі Савир мемлекеті. Ресей Савир мемлекеті Солтүстік Кавказда болды деп бұрмалады. Алайда, оның орны Закавказьеде болғанын тарихи деректерді салыстыра қарасақ, анық аңғарамыз. Савир мен Гунн билеушілері бір адам екені де анық байқалады. Ал гунндар Закавказьені IV ғасырдың екінші жартысында жаулап алғаны белгілі. Закавказедегі Савир мемлекеті өз заманында Иран мен Византияны тітіреткен айбынды империя болды, оның әскери күшін абар, сұрбөр (савир), маңғы (адай руыда бар) тайпалары құраған (абар тайпасы өзін хунзах халқынан деп таныды, ал сұрбөрі мен маңғы тайпалары шеттегі Маңғыстау жарты аралынан шыққандықтан өздерін хунзах халқынан деп санамаған).
Бұлақ (Болах) патша өлген соң орнына жесірі Бөріқыз (Боарикс) отырды. Сол кезден бастап Савир билеушілері византиялық христиандыққа өте бастады. Оның орнын басқан Жілікті (Зилигда) патша да, одан соң билеген Мұрагер (Муагер) патша да Византиямен тығыз одақтас болғаны және христиан дінін қабылдағаны рас. Савир империясын Асылұя династиясына жататын Сыйбөрас династиясы биледі, халқы журжан деп аталды. Византиялық шіркеу тілімен христиандық қабылдаған сол журжандар Х ғасырда Кіші Кавказ тауында отырған христиан дінді журзан деген ұлтқа айналғанын араб тарихшысы Әл Масуди жазады. Журзан атауы кейін гурзан, сосын грузин болып орнықты. Осылайша Закавказеде Савир империясын орнатқан журжандар византиялық христиандықты қабылдау арқылы грузин ұлтын қалыптастырды.
Грузин тілінің 18 диалектіге бөлінуі олардың құрамына көптеген кавказдық этностар енгенін айғақтайды. Алайда, ұлттың негізін салған түркілік жүржан-жужандар болған. Византиялық шіркеу тілі журжан-грузиндер тілін мүлде өзгертті деуге болады. Десе де, грузиндердің негізгі сөздері қазақылығын сақтаған. «Мен, сен, сенің, қала, ошақ, адам, нәзік, бар, тапал, қаріп, сақтаушы, көше, шиша, шалбар, сағат, перде, елтірі, зере, сыпырғы, сурет, шабыс, дарбаза, естімеу, сұрау-біліс, кеше, сапаржүгі, қағаз, шанышқылы, болды, талқан, қолы, шошу, ақшам, бабам, сатылы, айран, бақ, Самарадан, ұшқыр, шошқа еті, шәлі (орамал)" деген қазақ сөздері грузинше де өте ұқсас айтылады. Грузин тіліндегі көптеген қазақы сөздер мен грузиндердің ұлттық музыкалық аспабының қазақы домбраның тап өзі екені сөзіміздің айқын дәлелі. Грузияны империя еткен атақты Давид Строитель патша Асылұя династиясының өкілі. Оның дұрыс тегі – «Давид Астартөлі» (Астартөлі – «Ас ұрпағы» деген мағынада, ол тарихқа «Строитель» болып бұрмаланып енген).
Қосымша:
А) Атилла сақтардың Сирақ тайпасын бағындырған соң, оларға көсем етіп Асылұя адамдарын тағайындады. Осы себепті сирақ тайпасы «сирақ-ас» деп аталып кеткен деу орынды. Сол Сирақас тайпасы ұрпағы қазіргі Шеркеш тайпасы болуы мүмкін (сирақас-шеркас-шеркеш деген өзгерістермен қалыптасқан тәрізді).
Б) «Найман – сегіз тайпалы қидандар» деген орыс ғалымдарының болжамы қате, өйткені қидандар ұрпағы кәзіргі халха-маңғолдар. Наймандар – қытайлар IV ғасырдан кейін «най» деп атап кеткен оңтүстік хұңдары, олардың көбі қытайға сіңіп кетті. Қытай қысымынан батысқа ауған най-хұңдар өз мемлекетін орнатқан. Кейін маңғы тайпасымен одақтас болып, «най» атауы «наймаң» болып өзгерді. Ал олардың одақтас әскері болған теле-телеут халқы наймандардың үш тармағының бірі «төлегетай» болып сақталды (теле-телеут халқы І ғасырдағы дилин халқының нақ өзі болып табылады).
В) Табгачи-тоба тайпасының солтүстік Қытайды билегендері қытайға сіңіп кетті. Олардың Үйсүн империясының Орта Азиялық бөлігінде қалған тобы қазақтың Табын тайпасы болып сақталды. Хоңырмын-хуньмо династиясының бір тармағы табын құрамына Қоңыр руы болып сіңді. Табгачи-тобалардың «туфа» деп көрсетілетін руы кейін тува ұлтын қалыптастырды. Сібірге барған табындар башқыр ұлты құрамында қалды, оларды «үйсүн» деп те атайды. Яғни, осы факт табын ежелгі жүнді-үйсүн халқынан екенін айғақтайды.
Г) Шыңжанда әуелгі кішігірім Үйсүн княздігін орнатқан ошақ-юэчжи тайпасы кейін қазақтың Ошақты тайпасы болып сақталды. Ал Хоңырмын-хуньмо династиясы – Ошақты тайпасының төрт руының бірі қоңыр руы.
Д) Орыс-грузин сөздігі: Я – ме, ты – шен, твой – шени, йз – дан, город – калак, семья – оджах, человек – адамиан, низкий – дабали, нежный – нази, бедный – гариби, есть – вар, водка – арак, уходит – кетили, камера хранение – сакани, улица – куча, стекло – шуша, брюки – шарвал, кожа – пэтри, плата – кирис, ручка – калам, сахар – шакар, (қуырдақ) – кхаурма, рынок – базар, часы – саат, шторы – пардэ, тмин – дзира, бритва – сапарси, картина – суратиа, зал – дарбаз, работа – мушабс, плохо слышно – исмис, разговор – саубрис, вчера – гушин, багажник – сабаргули, бумага – кагалди, вилка – чангали, конец – боло, репа – талгани, рука – хэли, страх – шиши, ужин – вахшами, мой дед – бабуачем, этаж – сартулзе, сметана – аражан, сад – баги, я из Москвы – ме вар московидан, из Самары – Самаридан, скорый – чкари, ветчина – шашхи, платок - шалли. (Орыс-грузин тілашары / Вахтангашвили Е.А)
Еуразияны билеген Асылұя династиясы
Түркі қағанаты, Авар қағанаты,
Он ақ түтін-Батыс түркі қағанаты
7) Түркі қағанаты. Орхонда қалған хұңдарды IV ғасырда билеген ру қытай жазбасында «тугэ», «асянь-ше» деген екі атаумен кездеседі. Олардың дұрыс атауы «төргі асұяң-шы», яғни Асылұя тайпасының Төргі деген руы. Солтүстік Қытайды билеген үйсүндік хуньмо-тоба (табын) династиясы V ғасырда Орхон хұңдарын басып алды, биліктен айрылған «төргі асұяң-шы» (тугэ асянь-ше) руы Алтай тауына барып орнықты. Олардың «Хунь ханзадасы ұрпақтары» екені және тарихқа «Тюрки ашина» болып енгені белгілі. Осы төргі асұяң-шы руы әйелді тек сұрбөрі (сюйбу) тайпасынан алуды дәстүр еткен, яғни төргі асұяң-шы (тюрки ашина) руы аналары сұрбөрі тайпасының қыздары болған. Сұрбөрілік болғандықтан оларды «бөрі қыз» деп те атаған. Осыны дұрыс түсінбеуден «Тюрки ашинларды бөрі қаншық емізіп өсірген» деген қисынсыз аңыз қалды. Осыған ұқсас жағдай: Закавказедегі Савир империясын Болах (Бұлақ) патшаның жесірі Боарикс ханым билегені белгілі. Ғалымдар Боарикс есімі дұрысында Бөріқыз екенін бірауыздан мақұлдағаны мәлім, яғни ол сұрбөрі тайпасының қызы болғандықтан «бөрі қыз» деп аталған (күйеуі Болах Аттиланың туысы, яғни ол Асылұя тайпасы адамы).
Төргі асұя (Тюрки ашина) руының нағашылары сұрбөрі тайпасы болғандықтан, Жужан патшалығын билеген «сұрбөрас» династиясымен жақындаса алды (Тюрки ашиналар жужандарға темір өндіріп берген, яғни жужандардың қамқорлығында болған). Бұл жағдай Тюрки ашиналар билікті сұрбөрас тобынан тартып алғанша жалғасты. Әуелі сұрбөрас династиясымен жақын болған «Төргі асұя» (Тюрки ашина) тобы кейін билікті тартып алып, Жужан империясы орнына VI ғасырда Төргі қағанатын орнатты (Түркі қағанаты). Осылайша, Асылұяның «Төргі асұяң-шы» (қытайша – тугэ асянь-ше) руы тарихқа «Түркі қағанатын орнатқан Тюрки Ашина династиясы» болып енді.
Түркі (төргі) қағанаты заманында қазіргі Қазақстандағы хұңзақ халқы «хазақ» деп аталатын, яғни қазақ халқы өз атауымен қалыптасып қойған. Алдыңғы мақалаларда арғын, керей, ошақ, уақ, қаңлы, албан, сыбан (суан), жаппас, қоңырат, маңғы (адай), тазжүрек (таз), тана тайпаларының қалыптасу тарихын айттық, ал Қытай шекарасында қалған «оңтүстік құңдары» ІV ғасырдан кейін «най» (қытайша «сүт елі» деген мағына береді) деп аталып кетті. Олардың қытайланудан аман қалып, VІ ғасырда солтүстік-батысқа кеткені қазақ халқы құрамына наймаң (найман) атауымен жеке тайпа болып кірді (құрамына маңғы рулары да кірігіп кеткендіктен, «най» атауы найман болып өзгерді). Аталған тайпалар VІІ ғасырда өздерін қазақ деп танып үлгерген (Қытай жазбасы VІІ ғасырда Қашқар аймағында «хаса» деген халық болғанын дәлелдейді, қытай бертінге дейін қазақты «хаса» деп атағаны даусыз. Осы дерек қазақ халқының сол жүз жылдықтағы шығыс шекарасы Қашқар аймағы болғанын аңғартады). Алайда, билеуші Төргі асұя (Тюрки ашина) руы таулы Алтайдан келгендіктен әрі хан әулетінен болғандықтан, әуелде өздерін «қазақ» деп атай қоймаған. Билеуші сол ру болғандықтан мемлекет Төргі (тюрки) қағанаты деп аталып, мемлекет халқының «қазақ» деген өз атауы елеусіз қалды. Үндістан аймағына жеткен Түркі қағанаты әскерінің жеке адамдары араб әріпті жазбаларда «халаж» немесе «хилж» деп көрсетілген (олардың жеке ру-тайпаның атауы еместігі, керісінше, барлық ру-тайпа жауынгерлеріне ортақ атау екені дәлелденген). Осы екі атау мен «қазақ» атауы арабшада ұқсас жазылатыны Түркі қағанаты әскері қазақ халқы екенін айғақтайды («Қазақ» атауын білмейтін зерттеушілер оларды «хилж» немесе «халаж» деп түсініп, тарихқа солай енгізген).
حذح (хазах) حلج (халаж)
Түркі қағанаты батыстағы билігін Қара теңізге дейін жайды, ол аймақтағы әскери күші бұлғар тайпасы болды. Түркі қағанаты Орта Азияны билеген Эфталит-үз патшалығын жойып, Иранға дейінгі аймақты да бағындырды. Сол қысымнан қазіргі Түркіменстан аймағындағы үз (оғыз) халқының Хазар тайпасы VІ ғасырда Закавказеге ауып кеткен (хазарлар 555 жылы Закавказеде болғанын Псевдо-Захарий жазбасы растайды, ал 562 жылы хазарлардың Закавказеге анық орныққанын ғалымдар да мойындайды). Осылайша Тюрки ашина, нақтырақ айтсақ Төргі Асұя династиясы орнатқан атақты Түркі қағанатын орнатқандар Асылұяның Төргі деген руы болып табылады.
8) Еуропадағы Авар қағанаты. Закавказьедегі Савир мемлекеті VІ ғасырда Иран-Византия одағынан жеңіліп, жойылды. Осы соғыста Иранның әскери күші Хазар тайпасы болған (хазарлар 555 жылы Закавказеде орныққанын Псевдо-Захарий жазбасы растайды). Савир мемлекеті халқы – журжандар бұл кезде Византиялық христиандықты ұстанатын. Савир мемлекеті жойылғанда оның халқының кіші Кавказ тауына кеткендері кейін журжан (гуржан-грузин) халқын қалыптастырды. Оларды Сұрбөрас династиясы билеп қалды, грузиннің атақты патшасы Давид Астартөлі(Давид Строитель) – сол династия өкілі (Грузиндердің негізгі сөздері мен жалғаулары қазақ тіліне ұқсайтындығы және грузин ұлттық музыкалық аспабы мен домбыра бірдей екені сөзімізге куә. Алайда, Византиялық шіркеу тілі мен құрамына енген өзге этностар журжан-грузин тілін қатты өзгерткен).
Арап тарихшысы Ибн әл Асир жазбасында «XIII ғасырда гуржандарды (грузиндерді) билеген әйел патшаға өз елінен патша әулетінен болатын лайықты күйеу табылмағаны, сол себептен өзге елді билеген Түркі селджук династиясы адамын алдырып үйленгені» көрсететілген. Ал «селджук» -Асылжік, яғни Асылұядан тарайтын династия. Осы деректің өзі Журжан (гурзан-грузин) халқы билеуші деп тек Асылұя династиясы адамын мойындағанын дәлелдейді. Грузин астанасы Тбилиси елтаңбасында тазқара құсы бейнеленген, ол – сұрбөрас-жужандық таңба.
Савир мемлекеті халқының үлкен Кавказда қалғандары (негізінен, хунзах халқының Абар тайпасы) кейін онда таулық Сарир мемлекетін орнатты. Көп ұзамай Сарир мемлекеті билігін Төргі Асұя (Тюрки ашина) династиясы тартып алғанын авар хандары туындағы бөрі бейнесі дәлелдейді. Алайда аварлардың батыс бөлігінің таңбасында бүркіт бейнеленген (тазқара кейін бүркіт делініп кеткен деу орынды, яғни, ол да сұрбөрас-жужандық таңба). Дағыстандық аварлардың ата қонысыХунзах деп аталады, онда Сарир мемлекетінің астанасы Хунзах қалашығы орны сақталған және Хунзах атауының аварша мағынасы «хун жері» дегенді білдіреді.
Араб тарихшысы Әл Масудидің: «Армияндардың ең жауынгер бөлігі – сыйавурда» деген дерегі Х ғасырда таудағы армиян елі билігінде сыйавурда-сұрбөрас династиясы отырғанын байқатады.
Сұрбөрас династиясы Қырымдағы урус-сакалбан елінде де өз билігін сақтап қалғанын деректер айғақтайды. Урус-сакалбан елін билеген сұрбөрас тобы қысқаша «бөрі» деп аталып кеткен, кейін христиан-болгарлар көпше түрде оларды «Бюрики» деп атағандықтан, «бөрік» болып өзгеріп орнықты. Осы атау еуропалық жазбаларға «варяг» болып енген, ал Ресей иезуидтерінің зымиян саясаты «Бөрік» атауын «Рюрик» етіп бұрмалап тарихқа енгізді («Б» әрпін «Р» етіп өзгертті, сол урус-сакалбан елінің түркітілді қолжазбасын «славяндау» арқылы «Слова о полке Игорево» жазбасы пайда болғанын Олжас Сүлейменов «АЗиЯ» кітабында бұлтартпас дәлелдермен берген).
Ресей елтаңбасындағы екі басты бүркіт емес, ол үшкір құйрықты тазқара екенін ХVII ғасырдағы Ресей империясы елтаңбасынан анық көрінеді. (ортасындағы «салт аттының найзамен айдахарды түйреп тұрған» бейнесі, Бөрік-Рюрик әулеті «айдахарлы Қытаймен алысып өткен Хунь патшалары ұрпағы екенін» дәлелдейді). Тазқара бейнесі жужандық Сұрбөрас династиясына тиесілі, Ресей империясын орнатқан Рюрик-Бөрік әулеті сол династия ұрпақтары болып табылады.
Демек, Асылұялық Сұрбөрас династиясы өз билігін Кіші Кавказдың жетуі қиын таулы аймақтарында (грузин мен армиян елінде) және Қырым жарты аралында ғана сақтап қалды (урус пен сакалбан елінде). Грузин, армиян және қырымдық урус-сакалбан елдерін билеген Сұрбөрас топтары өзара байланыста болғанын тарихи деректер анық көрсетеді. Осы Сұрбөрастық «үштік одақ» Х ғасырдың соңында атақты Хазар қағанаты мен Ұлы Бұлғар империясын және таудағы аварлардың Сарир мемлекетін жойды, яғни, бақталастары Тюрки ашина тобы билейтін үш мемлекетті де жойған сол «үштік одақ» екенін кейін дәлелдеп береміз.
Таз Қара (Черный Гриф) Герб Россий XVII в.
Жойылған Савир мемлекеті халқының үлкен тобы (негізгі бөлігі Абар тайпасы) VІ ғасырда Еуропа аймағына қоныс аударды. Олар қазіргі Дон-Украйна далаларынан орын таппады, өйткені ол аймақ бақталастары билейтін Түркі қағанаты құрамына еніп қойған болатын (Византияға жорық жасаған бұлғар әскерінің өз жеріне аварлар келгенін естіп кері қайтқаны жазба деректерде сақталған). Савир-аварларды бастаған Сұрбөрас династиясының Баян ханы Еуропада Авар қағанатын (орталығы Венгрия аймағы) орнатты. Авар тайпасы ол жаққа «хунзах» деген халықтық атауын алып барды, Венргиядағы «кишкунзак» пен «надкунзак» атаулары соның дәлелі (Абар тайпасы I-IV ғасырларда Тарбағатайда отырған, хұң мен сақ қосылып «хұңзақ» халқына айналған, IV ғасырда Кавказға кеткен, ал отанында қалған хұңзақ халқы атауы қысқарып кейін хазақ болды).
Венгриядағы қазіргі Сомбатхей қаласы Авар қағанаты заманында «Савар» деген орталық қала болғаны, Авар қағанатын билеген Савир-сұрбөрас тобы екенінен хабар береді. Яғни, Еуропада VI-ІХ ғасырларда өмір сүрген Авар қағанатын жужандық Асылұя ұрпағы – Сұрбөрас династиясы билеген.
9) «Он ақ түтін» – Батыс Түркі қағанаты. Сұрбөрас династиясы қол қусырып қарап отырмаған. Олар VIІ ғасырда оңтайлы сәтті пайдаланып Түркі қағанатын екіге ыдыратып, қазіргі Қазақстан аймағындағы билікті қайта қолдарына алды. Осылайша тарихи жазбаларда «Он ақ түтін» деп кездесетін Батыс Түркі қағанаты пайда болды (арапша жазылуындағы ұқсастықтарын пайдаланып, «он ақ түтін» атауын «он оқ бутун» деп бұрмалаған Ресей). Ал Тюрки ашина (Төргі асұя) династиясы тек Шығыс Түркі қағанатында және батыстағы бұлғар даласында биліктерін сақтап қалды. Қазіргі Қазақстан аумағындағы Тюрки ашиналар жаулары Сұрбөрас династиясын «шибөраш» (шакал голодный) деп, өздерін «бөріші» (волкодав) деп атап кетті. Қазақстан аймағындағы биліктен айрылған сол бөріші-тюрки ашиналар (төргі асұя) VIІ ғасырда қазақ халқының өздерін қолдайтын бөлігін ертіп, батысқа кетуге мәжбүр болды. Сол бөріші-түркі ашиналардың бұлғар даласына барғандары ондағы билікті қолдарына алып, нығайтып, ол аймақта Ұлы Бұлғар мемлекетін орнатты. Олармен барған қазақтар Х ғасырдағы әл Масуди жазбасында «ғазақ көшпенділері» деп көрсетілсе (Ресейліктер бұрмалап «кочевники гузи» деп аударған), ХІ ғасырдағы тарихи деректерде «касог көшпенділер» деп жазылған, ал ХІІІ ғасырдағы Қырым жазбаларында оларды «казак» деп баяндайды.
Бөріші-түркі ашиналардың Закавказеге барғандары ондағы хазар тайпасын өз билігіне көндіріп, ол аймақты Иран-Византия одағынан тартып алып, Закавказеде Хазар қағанатын орнатты. Олармен ілесіп барған қазақтар екі Кавказ тауы арасындағы қыратты далаға орнықты (Колхида және Кура-Аракс жазықтары). Закавказедегі қазіргі Қазақ қаласы VIІІ ғасырдағы әскери бекініс екенін араб жазбалары баяндайды. Византия императоры ІХ ғасырда екі Кавказ тауы арасындағы елді «страна Касахия» деп көрсетті, ал араб тарихшысы әрі географы әл Масуди Х ғасырда сол жердің халқын «Кашак» деп жазды. Осы деректер қазақ халқының үлкен бөлігі VIІ ғасырда Закавказеге барып орнығып, онда кем дегенде ХІV ғасырға дейін өмір сүргенін, сосын Дон (дөң) аймағын мекендеп, кейін ХVI-ХVIІ ғасырларда Ресей әскеріне айналып, христиандық қабылдап, ұлттық киімдері – закавказелік, ал тілі орысша казак деген топқа айналғанын дәлелдейді. Дон казактарының ескі сөздері «киргиз-кайсакский» болғанын орыс тарихшылары мойындайды. Лев Толстой Кавказ казактары орыстармен орыс тілінде, ал өзара «татарша» сөйлесетінін жазған («терские казаки» - теріскей қазақтары). Атақты академик Бартольд «Казактар киргиз-кайсактардан тараған» деп анықтап кеткен.
Түркі қағанатын ыдыратқан «жужандық Асылұя» қазіргі Қазақстан аймағында Он ақ түтін қағанатын (Батыс түркі қағанаты) орнатты, олардың сұрбөрас атауы «шибөраш» болып өзгергенін айттық. Бөтен атауларды қысқартқыш әрі «р» дыбысы жоқ қытай жазбалары «шибөраш» атауын «шивей», «нушиви» деп атады. Шыңғысхан әулеті «ежелгі шивей» ұрпағы деп көрсетіледі. Ал нушиви дұрысында «он үй-шиви» екенін байқау қиын емес, яғни «он тайпа шибөраш». Олар орнатқан мемлекеттің «Он ақ түтін» деп аталуы да сөзімізге дәлел. «Он ақ түтін – Батыс түркі» қағандарының қытайша жазбадағы «шабалокэхань» (шибөрі қаған), «силибидолукэхань» (сұрибөриде ұлы қаған), лақап аты «нушиби батыры» делінетін «ирбис ышбара хан» (ербас шибөрі хан), «шаболохилиши-кэхань» (шибөрі хылышы қаған), «тонгалп силибидолу-кэхань» (тәнге алып сұрбөриде ұлы қаған), «сибир хан» (сұрбөр хан) деген атаулары олардың сұрбөраш-шибөраш тобы екенін байқатады.
Кейін осы «Он ақ түтін – Батыс түркі» қағанаты нушиви мен дула тайпалары арасындағы азаматтық соғыстар нәтижесінде жойылды. «Бес тайпа одағы» делінетін дула тайпасы құрамында 5 ру болған, оның бірі – «тюркаш» деген Түркі Ашина династиясы. Осы дерек Түркі Ашина династиясының негізгі әскери күші Дула тайпасы екенін анықтайды (алан тайпасы Дула көсемнің есімімен аталып кеткен). Дула құрамындағы «чумукунь», «шуниши», «хулуцзуй» деген рулар дұрысында «шымырқұң», «жанысы», «құлсызүй» екені анық. Ал шымыр, жаныс, құли – қазіргі дулат тайпасы құрамындағы рулар.
Сұрбөрас династиясының «шибөраш» деп өзгеруі олардың жақын одақтасы, туысы Сұрбөрі тайпасының да атауының өзгеруіне себеп болған тәрізді. Жағымсыз «шибөрі» атауы таңылуынан қорыққан тайпа көсемдері атауларын Жалайыр көсемнің есіміне өзгерткен десек, қателесе қоймаймыз. Яғни, жалайыр ежелгі сұрбөрі тайпасының өзі болып табылады. Жалайыр тайпасының үйсүндік тайпалар арасында жолы үлкен саналуы, шежіреде Жалайыр атауы батыр-көсемнің есімімен байланысты тарқатылуы және Шыңғысханның негізгі сенімді тірегі жалайыр тайпасы болғаны біздің тұжырымның дұрыстығын нығырлай түседі. Шыңғысханның ата-бабалары сол «шибөраш» (шивей) атауын Х ғасырдан кейін «бөріжігің» етіп өзгерткені қытай деректерінде байқалады («Бөріжігің» атауының өзі Шыңғысханның халқа-маңғол емес, қазақ тілді халықтан екенін айқын дәлелдейді).
Қосымша:
А) «Савир империясы жойылған соң, Иран-Византия одағы хазарлардың бір тобын VI ғасырда Закавказеге зорлап көшірді» деген қисынсыз тұжырымды енгізген Ресей ғалымдары. Иран-Византия одағы Закавказеге парсыларды немесе гректерді емес, өздеріне еш туыстығы жоқ хазарларды көшіруі ақылға симайды. Ресейдің олай бұрмалау себебі, Закавказені VIІ ғасырда жаулап алған Батыс Түркі қағанаты әскерінің хазақ екенін жасыру қажет болды. Орыс оқымыстылары хазар мен хазақ атаулары ұқсастығын пайдаланып, «Закавказені VIІ ғасырда жаулап алған Батыс Түркі қағанаты әскері – хазарлар» деген тұжырымды енгізді. Осылайша Батыс Түркі қағанаты әскері қазақтар екенін жасырып бақты. Қытай деректеріндегі «хаса» атауын да «хазар» деп тұжырымдатты. Хазар тайпасының Закавказеге VI ғасырда орнығып қойғанын көрсететін деректі өз өтіріктеріне сәйкестендіру үшін «Иран-Византия одағы хазарлардың бір тобын VI ғасырда Закавказеге зорлап көшірді» деген тұжырым жасады. Закавказені жаулап алған бөріші-тюрки ашиналардың әскері қазақтар болғанымен, онда орнаған мемлекет Хазар қағанаты деп аталды. Өйткені ол аймақта хазарлар VI ғасырда отырғандықтан, онда орнаған мемлекетті көрші халықтар Хазария деп атаған. Осы жайт та Ресейдің жалған тұжырымының орнығуына септесті.
Б) Қазақ халқының әуелгі атауы Құңзақ (хунзах) екенін абар тайпасымен байланысты деректер дәлелдейді. Хұң халқының абар тайпасы І ғасырда Тарбағатайды мекендегенін, ІV ғасырда Кавказға ауып барғанын тарихшылар растайды. Ресей, әрине байырғы әдетімен «Абар тайпасы мен дағыстандық аварлардың еш байланысы жоқ» дейді. Алайда, аварлар да савирлер тәрізді шаштарын артына буыу дәстүрі болған), аварларда шығыс жекпе-жегіне ұқсас күрес түрі бар. Бұл аварлардың шығыстан, яғни Тарбағатайдан келген абар тайпасынан қалыптасқанын анық аңғартады. Өйткені, шашты артына буу көшпенділерге тән, қытаймен тығыз қарым-қатынаста болған хұң халқында шығыс жекпе-жегі өнері болуы заңдылық.
Аварлардың хұң халқының абар тайпасынан екенін дәлелдеуге «хунзах» деген бір атау да жеткілікті. Өйткені, Дағыстан аварларының ата қонысы Хунзах деп аталады, ал оның мағынасы аварлар тілінде «хун аймағы» дегенді білдіреді. Хунь империясы жойылған І ғасырда хұң (хунь) халқы біздің өлкемізге келіп, сақ халқына қосылғаны анық дерек. Хунь халқының үлкен бөлігі батысқа кеткенін қытай жазбалары дәлелдейді, яғни хұңдар біздегі сақтар даласына келген. Билік құңдарда болғанына, Еділ өзені бойындағы гунндердің Аттила патшасының арғы бабасы Хунь империясын орнатқан Моде шанью екені дәлел, яғни құңдар билігі үзілмей жалғасқан. Билік Хұңдарда болғандықтан біздің даланы Алтайдағы түркілік этностар «Құңзақ» деп атап кеткен («Құң жақ», яғни «құңдар аймағы» деген мағынада). Ал ІV ғасырда осы Құңзақ атауы сол аймақ халқының аты болып кеткен, яғни, құң мен сақ халықтары біртұтас Құңзақ деген халық болып қалыптасқан. Абар тайпасы осы халықтың атауын Дағыстанға да, Венгрия аймағына да алып барды. Дағыстандағы аварлардың қонысы Хунзах деп аталуы, кезінде Авар қағанатының орталығы болған Венгриядағы Кунзак атаулы жерлер сол абар тайпасының халықтық атауы қандай болғанын паш етеді. Ал өз жеріндегі Құңзақ халқының атауы VIІ ғасырға дейін өзгеріп, қазақ болғанын нақты тарихи деректер дәлелдейді. Қазақ атауының шығу тарихының өзі ұлтымыздың ежелгі құң (хунь) мен сақ (скиф) халықтарының үзілмеген заңды жалғасы екенін айғақтайды.
В) Қазақ халқы VIІ ғасырда өз жерінде өз атауымен қалыптасқаны анық. Дәлел міне: Қытай дерегінде VIІ ғасырда «хаса» деп аталатын халық болғаны көрсетілген, ал қытайлар қазақтарды бертінге дейін «хаса» деп атады; Үндістанға дейін жаулаған Түркі қағанаты әскерінің жеке адамдары араб жазбаларында «халаж» деп кездеседі, ол атау мен «қазақ» сөзінің арабша жазылуы өте ұқсас; VII ғасырда қазіргі Қазақстан жерінен барып Закавказені жаулап алған жалпақ бет, қысық көз азиаттар қазақ деп аталған, олардың ұрпағы киімдері – кавказдық, түрлері – қара, ескі тілдері киргиз-кайсакша болған – казактар. Сол VII ғасырда Қырымға жақын батыс далаға орныққан қазақтарды Х ғасырда әл Масуди «ғазақ көшпенділері» деп жазды. Оны Ресей аудармашысы «кочевники гузи» деп бұрмалаған. Ал ХІ ғасыр оқиғаларын баяндайтын «Древнерусские летописи» деректерінде ол қазақтар «касог» деп көрсетіледі.
Орыс, грузин, армиян ұлттары өздері жайлы осындай нақты деректер тапса, оны ұтымды пайдаланар еді. Орыстар өздеріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қырымдық урус-сакалбан елін «рус-славян» деп бұрмалап, өз аталарына айналдырып жіберді. Осылайша «Орыс ертеден бар» деген тұжырымға өтірік болса да сендірді. Грузиндер атам заманда Колхида ойпатында болған елді еш дәлелсіз бабаларымыз десе, армияндар одан да ары жатқан ежелгі Урарту жұртын еш дерексіз арғы аталарымыз деп соқты. Ал «Иванов, Сидоровтардың» айтқанына сеніп қалған қазақ ғалымдары ешкім таласа алмас айқын деректерді пайдалана алмай, бейшара күйде отыр. Тіпті, қыпшақ руынан тарайтын кей беделді тарихшыларымыз қазақ халқы ертеден бар болғаны дәлелденсе, қазақтың қыпшақтан қалыптасқаны өтірік болып шығатынына күйініп, шынайы тарихты қаузауға қарсылық танытуда.
В) Төргі Асұя (Тюрки ашина) династиясын билеген Ысдемі мен Ысық қағандар есімі қазақ тілінде «Ас» (асылұя) атауының баламасы ретінде «Ыс» атауы орныға бастағанын байқатады. Кіші жүз құрамындағы Ыссық пен Ұлы жүз құрамындағы Ысты тайпаларын Төргі Асұя (Тюрки ашина) династиясынан қалыптасқан деуге негіз бар. Ысты мен Ыссық тайпалары Түркі қағанаты мен Түргеш қағанаты замандарында қазіргі Қазақстан аумағын билеген Төргі Асұя (Тюрки ашина немесе Тюргеш) династиясынан қалыптасқан.
Г) Ал Төргі асұя династиясының батысқа кеткен «Бөріші» деген тобы Закавказеге және Қара теңіз жағасына орныққанын айттық. Азарбайжандар құрамындағы қарапапақтарда «Хан тайпасы» деп аталатын «борчала» деген ру бар, осы борчала дұрысында – бөрішілер. Араб тарихшысы әл Масуди урус-сакалбан елінің бір бөлігі Хазар қағанатымен одақтас болғанын жазады, яғни, урус-сакалбан елінің бір бөлігін ашиналық Бөріші тобы билеген (негізгі бөлігін ашиналардың жауы сұрбөрас тобы билегенін айттық).
Мысырды билеген Бейбарыс сұлтан Қырымнан шыққаны, оның руы араб деректерінде «Бурши» деп көрсетілгені белгілі. Қырымдық урус-сакалбан елі кемелермен теңіз саудасын жасаған, Бейбарыс сұлтан бала кезінде құлдыққа түсіп, кемеде ескек есуші болғаны да мәлім. Оны құлдыққа салып, кейін Египетте сатып жіберген Ашина Бөрші династиясына жау Сұрбөрас тобы адамдары. Бейбарыс сұлтан билікке келген соң, Қырымда Ислам дінін орнатуға қатты күш салды, онда Бейбарыс салдырған мешіттің орны сақталған. Кейін Бейбарыс сұлтан шыққан Бөріші руы Беріш болып өзгеріп орнықты. Олардың біразы билеуші тап болғандықтан украйн, казак, албан және басқа да еуропалық ұлттар құрамына сіңді. Олардан аман қалып сақталғаны қазақтың кәзіргі Беріш тайпасы екені түсінікті.
Еуразияны билеген Асылұя династиясы
10) Ұлы Бұлғария мен Хазар қағанатын билеген Асылұя династиясы
VII ғасырда Асылұялық жужан сыйбөрас (ол кезде шибөраш болып өзгерген) тобы мен Асылұялық Тюрки ашина тобы арасындағы бақталастықтан Түркі қағанаты екіге ыдырады. Оның Шығыс Түркі Қағанаты бөлігіндегі билік Тюрки ашиналарда қалды, ал Он Ақ Түтін (Батыс Түркі қағанаты) бөлігін шибөраш тобы иеленді. Биліктен айрылған Түркі ашина тобы қазақ халқының өздеріне бағынышты бөлігін ертіп батысқа кетті. Олар бақталас жаулары сұрбөрас тобын «шибөраш» деп, өздерін «бөріші» деп атап кеткенін жоғарыда айттық. Сонымен Бөріші-ашина тобының 626 жылы Закавказені жаулап алғандары онда Хазар қағанатын орнатса, бұлғар тайпасы отырған батыс далаға барғандары 632 жылы Ұлы Бұлғар мемлекетін орнатты. Жалпы, бұлғар тайпасы отырған аймақ Түркі қағанаты құрамына VI ғасырда еніп қойған болатын, ал VII ғасырда келген Құбрат хан бастаған Бөріші-ашина тобы сол бұлғар даласындағы династиялық биліктерін нығайтып, Византия деректерінде Ұлы Бұлғар деп жазылған империяны орнатты. Олар бақталастары Сұрбөрас (Савир) тобы билейтін Еуропадағы алып Авар қағанатын ыдыратып тынды (Авар қағанаты қазіргі Венгрия аймағында кішігірім княздік деңгейде ІХ ғасырға дейін сақталған). Гунн империясы заманынан батыс дала мен Кавказды билеп келген жужандық Асылұя сұрбөрас тобы осылайша VI-VIІ ғасырлар арасында биліктен шеттетілді, олардың орнын әуелгі одақтастары әрі кейінгі бақталастары Түркі Ашина тобы басты. Яғни, Асылұялық жужан сұрбөрас династиясы орнын тағы бір Асылұялық түркі ашина династиясы басты.
Осылайша Еділ өзенінен бастап Византия шекарасына дейін созылып жатқан алып аймақта Түркі ашина династиясы билейтін Ұлы Бұлғар империясы пайда болды. Дәл осы кезде Кіші Кавказ тауының Журжан (Каспий) теңізіне тірелер тұсынан бастап Азу (Азов) теңізіне дейінгі аймақта Хазар қағанаты пайда болды, оны да орнатқан – қазіргі Қазақстаннан барған Бөріші-ашина тобы. Осы Бөріші-ашиналарға еріп барған әскер қазақ халқы болғанымен, екі мемлекет те сол аймақтардың негізгі халқы болған тайпалар атауымен «Ұлы Бұлғар» және «Хазар қағанаты» болып тарихқа енді. Сол себепті ол мемлекеттерді орнатуда басты роль атқарған қазақ атауы елеусіз қалды. Дегенмен, Ұлы Бұлғар аймағына барған қазақтар Х ғасырдағы араб ғалымы әл Масуди жазбасында «ғазақ көшпенділер» деп көрсетілсе, ХІ-ХІІ ғасырлардағы оқиғаларды баяндайтын көне урус жазбаларында «көшпенді касог халқы» деген атаумен кездеседі. Тіпті, Олжас Сүлейменов сол жазбаларда «гзах» атауы да сақталғанын айтқан болатын. Ал ХІІІ ғасырда сол қазақтардың Қырым аймағынада орныққандары «Сугдейский синаксар», «Кодекс Куманикус» жазбаларында «казак» деп жазылған.
Хазар қағанатын орнатуда басты күш болған қазақтар сол Закавказеде орнығып қалғанын онда сақталған құжаттардағы «Қазақ» пен «Касах» атаулары растайды. Византияның ІХ ғасырдағы императоры Константин Багрянородный жазбасы Колхида жазығындағы Қазақ елін «страна Касахия» деп айқындаса, әл Масуди жазбасынан Закавказедегі қазақ халқы Х ғасырда мұсылман және мұсылман емес болып екіге бөлінгенін, екеуінің ортасын Кавказ жотасында отырған қарапапах, алан елдері бөліп жатқанын аңғарамыз. Осы деректерге сенсек, қазіргі Азарбайжандағы Кура-Аракс даласында мұсылман княздігі (орталығы Қазақ қаласы) болған. Сол қазақтардың шығысында Жидан патшаның елі (еврей патша елі), оңтүстігіндегі тауда армияндар, солтүстігінде христиан дінді құмықтар, батысындағы тау жотасында мұсылман қарапапах елі (орталығы Тбилиси), солтүстік батысында ескі сенімдегі аландар, ал оңтүстік батысындағы тауда абхаз және журзан (грузин) елдері бары баяндалады. Қазіргі Грузиядағы Колхида жазығын мекендеген қазақтар ескі сенімін ұстанатынын, ортасынан хан сайлап, бағынуды білмегендіктен, көршілері тарапынан ұдайы қысымға ұшырап отырғаны да жазылған. Сонымен қатар ол қазақтардың жері Қара теңіз жағасына дейін созылып жатқан, олар «шәлі» деп аталатын өте қымбат мата өндірген және теңіз арқылы кемелермен сауда жасауды да меңгерген. Әл Масуди қазақтар мен балыққа табынатын ир халқын Ирон өзені бөліп тұрғанын да көрсетеді (Ирон – қазіргі Рион өзені, ир халқы – қазіргі өзін Ирон деп танитын осетиндер). Сол қазақтардың солтүстігіндегі көршісі Шемар (шешен мен ингуштердің ата-бабалары) елі екен. Шемар халқының сөзге шешен бөлігіне «шешен» атауын, тауды үңгіп үй салып тұрған тобына «үңгіш» атауын, аса қу, айлакер тобына «әккі» атауын берген сол қазақтар деген орынды. Яғни қазіргі шешен, ингуш және аккинцы деген өзара туыс үш ұлтқа атау берген закавказелік қазақтар. Кәзіргі Шешенстан, Солтүстік Осетия, Ингушетия аймағындағы далалы жерлерде де ол кезде қазақтар мекендеген деп білеміз. Олар Колхида даласындағы қазақтардың солтүстігіндегі таудың арғы жағында отырғандықтан «теріскей қазақтары» деп аталған (Колхидадағы қазақтар берген атау). Кейін «теріскей қазақтары» Ресей ықпалымен шохынып славянтілді болғанда «Терские Казаки» деп аталып кетті (Лев Толстой «өзара татарша сөйлеседі» деп көрсететін казактар сол «терские казаки-теріскей қазақтары»).
Ресейді билеп-төстеген иезуидтер (олардың жұмысшы күші – «Русское географическое общества» қоғамы) бұрмалап дайындаған тарихта: «Хазар қағанаты аймағына қазіргі Дағыстан мен Батыс Қазақстан аймақтары кірген» деген жолдар бар. Ал Ұлы Бұлғария жайында: «Ұлы Бұлғария көп ұзамай сол VII ғасырда ыдырап кеткен, бұлғарлардың қазіргі Болгарияға барғаны ондағы славяндармен араласып болгар ұлтын қалыптастырды. Қырым аймағында қалғандары да бар және Еділ өзені бойында қоныстанғандары Еділ Бұлғариясы мемлекетін орнатқан» деп жазған. Шыншылдығымен «Тарихшылардың имамы» атанған араб зерттеушісі әрі географы әл Масудидің «Ширван мен Әл Баб тарихы» атты еңбегі орыс тарихшыларының осы тұжырымдарын толық жалған екенін дәлелдейді.. Ал «Ширван мен Әл Баб тарихын» әлем ғалымдары әлдеқашан мойындаған.
Әл Масуди Хазар қағанатының әуелгі астанасы Самандар қазіргі Азарбайжанда болғанын (Гяндж қаласы тәрізді), ол жерді Мұсылман халифаты басып алған соң Хазар астанасы қазіргі Азов теңізіне жақын өзен бойына көшірілгенін жазады (Амал қаласы) және Х ғасырда Мұсылман халифаты мен Хазар қағанаты шекарасын Кавказ жотасы бөліп жатқанын байқатады. Сонымен қатар Кабх (Кавказ) тауының Әл Баб қаласы орналасқан бір сілемі Хазар (Каспий) теңізіне, екінші сілемі Трабзунд (Трапезонд) қаласы орналасқан Майтас (Қара) теңізіне жақын екенін көрсетеді. Қазіргі Трапезонд қаласы орналасқан жер әл Масуди айтып отырған тау кіші Кавказ екенін анық дәлелдейді. Демек, Әл Баб қаласы деп бүгінгі Дербент қаласын нұсқаған Ресей тұжырымы қисынсыз, Хазар қағанаты ешқашан Дағыстанда болмаған. Әл Баб қаласы ХІ ғасырда болған 11 балдық жойқын зілзаладан қирап қалған деу орынды, сол тосын оқиғадан шамамен 250 мың адам қаза болғаны және Кяпаз тауы да сол тұста жойылғаны жайында нақты жазбалар бар (Ибн әл Асир жазбасы).
Араб ғалымы әл Масудидің деректерінде Хазар қағанаты мен Ұлы Бұлғар империясы арасын Хазар өзені бөліп тұрғаны, екі мемлекет бейбіт өмір сүргені көрсетілген. Хазар өзені Қара теңіз бен Каспий теңізін қосып жатқан. Ол өзеннің орны жақында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қара теңізді Каспий теңізіне қосатын канал салу жобасында айтылған Кума-Маныч ойпаты екенін мамандар мойындайды. Қырымда отырып, кемелерімен көптеген елдермен сауда-саттық жасаған сакалба мен урус елі көптеген рулардан құралатыны және олар өлгенде денелері өртелетіні, әйелдері де қосыла өртелетіні жайында әл Масуди нақты айтып өтеді. Мұндағы сакалба – сакалбан, яғни сақ халқының албан тайпасы. Ал урус – V ғасырға дейін рим деректерінде «аорс» деп кездесетін сақ-скифтік арыс тайпасы. Олардың негізгі тобы Ұлы Бұлғар ханына да, Хазар қағантына да бағынбайтынын, алайда екінші аз тобы Хазар қағанатына бағынышты болғанын әл Масуди баяндайды.
Ұлы Бұлғар ханзадалары «ханасювеги» деп аталғаны Болгария тарихында сақталған. Оның «хан асүй бегі» екенін жоғарыда айттық. Хазар қағанатын билеген Тюрки Ашина династиясы екені ғалымдар тарапынан расталған, ал «хан асүй бегі» атауы Ұлы Бұлғарияны да билеген Асылұя тобы екенін дәлелдейді, нақтырақ айтсақ Тюрки Ашина тобының өкілдері. Қырымдағы урус-сакалбан елінің оларға бағынбайтын үлкен тобы Асылұяның жужан сұрбөрас тобы билігінде болған (алғашында Бөрі деп, кейін Бөрік деп аталған, содан соң Ресей саясатының салдарынан Рюрик болып қалыптасты). Урус-сакалбан елінің Хазар қағанатына бағынатын тобын Тюрки ашиналардың Бөріші руы билеген, атақты Бейбарыс сұлтан сол Бөріші руының ұрпағы (олардың аз бөлігі кейін Беріш деп аталып қазақ халқы құрамына кірігіп кетті). Албания мемлекетінің халқы албандар сол Қырымнан ауып барған сакалбан-урустардан қалыптасқан, мұны албан халқы құрамындағы Арбереш тобынан аңғаруға болады (урус елі атауы дұрысында – арыс (аорс), Арбереш атауы әуелде «арыс береш» болған).
Албания мен Ресейдің елтаңбалары бірдей – екі басты тазқара құсы (кейін «двухглавый орел» деп бұрмалаған). Бұл екі мемлекетті де Асылұялық жужан сұрбөрас династиясы орнатқан дәлелдейді (Бөрік-Рюрик тобы). Сол жужан сұрбөрас (шибөраш) династиясының ұрпағы Шыңғысханның туында да тазқара құсы бейнеленгені мәлім, оны орыс оқымыстылары «қарға» деп бұрмалайды. Шыңғысхан руының Бөріжігің (Бөрі руың) атауы да арғы тегі Жужан қағанатын билеген сұрбөрас тобынан екенін байқатады. Шыңғысхан әулетін ежелгі шивей тобынан деп тану оның әулеті шибөраш династиясына жататынын көрсетеді. ХІ ғасырда Қырымнан келіп Авар нуцальдігін орнатқан Урус тобы мен Шыңғысхан әулетінің одақтастығы да көп деректің бетін ашады. Бөрік-Рюрик тобы билеген Бұлғар елі (Ресей ғалымдары «Мәскеу княздігі» деп бұрмалаған) шын мәнінде Шыңғысхан династиясының қамқорлығында болғанын Ресей тарихшылары мойындай бастады (ешқандай Куликова шайқасы болмағанын да мойындауға мәжбүр). Осы деректер Асылұялық сұрбөрас-шибөрас династиясы өз туыстары қай елде билікте отырғанынан жақсы хабардар болғанын және оларды Шыңғысхан тарапы толық қолдағанын айғақтайды.
Әл Масуди Хазар қағанатын билеп отырғандар еврейлер екенін, олардың билікке Хазар билеушілеріне қыздарын ұзату арқылы келгенін, яғни сол қыздан туған жиендерінің арқасында Хазар қағанаты билігін иеленгенін баяндайды. Сонымен қатар Хазар қағаны «қуыршақ билеуші» екенін, оны тек мереке кезінде ел алдына шығарып, қалған уақытта «үй қамақта» ұстайтынын, билік негізі еврей патшаның қолында екенін және ол қаласа қағанды өлтіре алатынында жазады. Кәзір әлемдік билікті иеленетін еврейлік топтар бөтен елді билеу тәжірбиесін ең алғаш рет сол Хазар қағанатында жүзеге асырған (олар Асылұя династиясының билік тәсілінен сабақ алып жетілген). Араб ғалымының дерегінше, сол Х ғасырда урус-сакалба елі Хазар патшасына сый-сияпат жасап, Хазар өзені арқылы Журжан (Каспий) теңізіне кемелерімен баруға рұқсат алып, 500 кемемен Хазар өзенімен Каспий теңізі жағалауына өтіп, мұсылмандардың қалаларын тонаған. Олардың мұсылмандарды тонағанын естіген Хазар қағанатының жалдамалы әскері – мұсылман Арысы тайпасы қайтып келе жатқан урус-сакалбан кемелерін тонап, қырып, мұсылмандар үшін кек алған, ал Хазар қағанатын билеген еврей патша мұсылман Арысыларды тоқтатуға қорыққан, тек урус-сакалбандарға шабуыл болатынын ескертіп хабаршы жіберген. Осы құжаттар Ресейдің: «Русь адамдары ішкі Ресейден Волга өзені арқылы кемелерімен барып, Каспий жағалауын тонаған» деген тұжырымын толық жоққа шығарады. Әл Масуди жазбасы Ресей ғалымдарының «русь» пен «славян» деп атайтындары урус пен сакалбан екенін, олардың Ресейде емес Қырымда мекендегенін анық дәлелдейді. Олардың көп рулардан құралатынын және бір бөлігінің Хазар қағанаты әскері екенін көрсетіп, олардың түркітілдес екенін байқатады (орыс халқы рулардан құралмаған делінеді, олар отырған мекендеріне байланысты «новгородцы, суздальцы, черниговцы...» деп бөлінген деп танылады).
Әл Масуди урус елінің үлкен бөлігі – әл-уздган тайпасы екенін айтады, оны «уздан» дегеніміз жөн. Яғни, «үз тайпасынан» деген мағынада және ондағы «дан» жалғауы атаудың таза түркілік екенін аңғартады (қазіргі түркітілді әрі християн дінді гагауз ұлты сол тайпадан қалыптасуы мүмкін, «кака уз» – «жаман үз»). Әл Масуди жазбасын аударған ресейлік осы «әл-уздган» атауын «әл-урман» деп түсіндіреді, осылайша «урус елі Қырымға ертеде солтүстіктен келіп орныққан нормандар» деген жалған тұжырымды орнықтыруға тырысып бағады. Урус елінің жерлеу ғұрыптарынан олардың Х ғасырда ескі сенімді ұстанғанын байқаймыз, яғни олар орыс зерттеушілері айтқандай, православтық христиандар емес. Жалпы қырымдық урус-сакалбан елі ХІ ғасырда католиктік христиандар екені әлдеқашан мойындалған, оны Мұрат Аджи нақты дәлелдермен көрсеткен. Католиктік діни кітаптардың латын әрпімен түркі тілінде жазылған жиынтығы – «Кодекс Куманикус» ХІІІ ғасырда Қырымда басылған, оның тілі Қырымлар (Қырым татарлары) тіліне өте жақын екені ғалымдар тарапынан расталған. Демек аталған жазбаның қыпшақтар мен қазақтарға еш қатысы жоқ, ол – түркітілді әрі католик дінді урус-сакалба елінің діни кітабы. Олар Бейбарыс сұлтан заманында – ХV ғасырда мұсылмандыққа көшіп, отырған орнына байланысты Қырымлар деп аталған түркітілді мұсылман ұлт болып қалыптасқан. Ресей «Индияға кемемен барған тверлік орыс саудагері» дейтін Никита Афанасий, шынында Қырымдық түркітілді урус елінің мұсылман дінді адамы. Солай екенін оның жазбасында сақталған «А русь ерь тангрыд сакласын, олло сакла, худо сакла. Урусь ерь абодань болсынь» деген түркілік сөздері мен арапша дұғалары дәлелдейді (жазбаны славянтілді етіп өзгерткен ресейлік кей сөздердің мағынасын түсінбегендіктен орысша баламасын таба алмаған, сол себептен ондай сөздерді қалдыруға мәжбүр болған). Осы деректер мен дәйектерге сүйеніп, урус-сакалбан елінің орыс халқына еш туыстығы жоқ, орыс халқы кейін христиандыққа өткен бұлғарлардан тараған деп тұжырым жасауға әбден негіз бар.
Әл Масудидің жазуынша, Ұлы Бұлғар алып империя болған, оның бір шеті Византия шекарасына барып тірелген және Бұлғар ханы Еуропалық елдерге жиі әскери жорықтар жасап келген. Империяның кей аймағында жылдың кей мезгілінде түн өте қысқа екенін де баяндаған сол араб ғалымы. Ол жер қазіргі Мәскеу аймағы екенін ХІV ғасырда Бұлғар қаласында (қазіргі Мәскеу) болған араб саяхатшысы Ибн Батута жазады. Солай екенін Мәскеу климаты жайындағы нақты фактілер де дәлелдейді, яғни Ұлы Бұлғар империясы құрамына қазіргі Мәскеу аймағы кірген. Әл Масуди деректерінде Х ғасырда Ұлы Бұлғар ханы Ислам дінін қабылдағаны, оның баласы одан бұрын мұсылман болып қажылыққа барып келгені және Бағдатта отырған Халиф оның әкесіне (Ұлы Бұлғар ханына) сый ретінде Қағба жамылғысынан жыртыс беріп жібергені туралы жолдар бар. Ұлы Бұлғар ханы Орта Азиямен керуен саудасы арқылы байланысқан, ол жолда керуен қауіпсіз болған. Осы нақты деректер Ұлы Бұлғар империясы VІІ ғасырда ыдырап кетпегенін, керісінше ХІ ғасырға дейін өмір сүрген алып империя болғанын көрсетеді.
Ұлы Бұлғарияның мұсылман дінді ханының Орта Азиямен сауда жасайтын керуендері қазіргі Қазақстан арқылы өткен және қауіпсіз болған. Бұл біздің жеріміздегі Қимақ пен Қараханид деп екі бөлек көрсетілетін мемлекеттердің шынында мұсылман дінді біртұтас Қазақ хандығы екенін және көршілес мұсылман мемлекеттері арасында сауда керуендері қауіпсіз жүргенін байқатады (әріптерінің кей жері өшкен көне арабша қолжазбалардағы «қазақ» атауын «қимақ» немесе «қарақ» деп шатасу әбден мүмкін, Ресей бізді құлша билеген империя болғанын ескерсек, әдейі солай бұрмаланған десек те, қателесе қоймаймыз). Ұлы Бұлғар империясының аймағы мен бұлғар ханы баласының қажылығы жайлы деректер «Ибн Фадланның Еділ бұлғарларына саяхаты» деген жазбаның жалған екенін дәлелдейді (ол еңбектің жалған екенін ислам дінінен жеткілікті хабары бар кез келген адам оқыса да түсіне алады). Ресей ғалымдары осы жалған жарияланым арқылы қазіргі Қазақстан аумағында қазақ деген ұлт болмағандай, онда тек оғыздар мен башқырлар мекендегендей, мұсылман дінді бұлғар ханы алып империяны емес, шағын ғана Еділ бұлғарларын билегендей етіп көрсетуді, ал урус пен сакалбан елін Қырымда ғана емес, Орал тауы аймағында, яғни, ішкі Ресейде өмір сүрген русь-славян елі етіп танытуды мақсат етті. Сондықтан «Хазар қағанаты – Закавказеден бастап, Қара теңізге дейін созылып жатқан мемлекет емес, Дағыстаннан бастап, қазіргі Қазақстанның батысын ғана алып жатқан мемлекет» деген қисынсыз тұжырым жасады.
Хазар қағанаты туралы деректер жинаған Лев Гумилевтің өзі Хазарлар болды деген аймақтан хазар-еврей билеушілеріне тиесілі еш жәдігер таба алмағанын өкінішпен жазғаны белгілі (қайдан тапсын, мүлде басқа жақтан іздесе). Кеңес одағы кезіндегі саясат Әл Масуди мен Ибн Батута еңбектерін қасақана елеусіз қалдырды, бұл кездейсоқтық емес. Өйткені, аталған ғалымдардың зерттеулерінің шынайылығын әлем оқымыстылары мойындаса да, ондағы нақты деректер Ресей тарихының мүлдем өзгеше екенін көрсетеді. Есесіне, орыс билігі арнайы дайындатқан Ибн Фадлан, Рашид ад-дин, Махмуд Қашқари, Жалайыри, «Игор полкі туралы дастан», Дулати жазбалары барынша оқытылды, жарнамаланды. Ең өкініштісі, сол жалған жазбалар арқылы орыстың ғана емес, қазақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр, татар, түркімен, азарбайжан, құмық, башқыр, ноғай ұлттарының да тарихы түгел бұрмаланды. Онда түркітілді халықтар «кеше ғана пайда болған, бұрын мемлекеттілік дегенді білмеген жабайылар» кейпінде баяндалды. Ал христиан дінді орыс, грузин және армиян тарихтары көнеден бар халықтар ретінде жасақталды.
Ұлы Бұлғарияны билеуші әулеттің Ислам діні орнығуына наразы тобы, яғни «хан асүй бектерінің» бір тобы Кавказ тауына кеткен. Олар IX ғасырда Алан елі билігін қолдарына алды. VII ғасырда Алан епархиясын құрып христиандық қабылдаған Алан елінің IX ғасырда христиан дінінен бас тартуы осындай себептен деп білеміз (бұл оқиға Масуди жазбасында айтылады). Аландарды билеп келген Асылұялық аш-дигор тобы биліктен айрылды, осылайша олар өз халқынан бөлектеніп, кейінгі замандарда өздері билеген Ирон халқымен бірігіп осетин халқын қалыптастырған. Ұлы Бұлғариядан келіп Аландар билігін қолына алған бұлғарлық Асылұя тобынан балқар ұлты ірге қалады. Ал қараша халықтан, яғни қарапайым аландардан қарашай ұлты тарады. Балқарларды XVIII ғасырға дейін грузиндер Басианы, ал осетиндер Ас деп атаған екен. Сондай-ақ балқар халқының билік жүйесі мен Құң империясының билік жүйесі жақын екені көрініп тұр және ондай жүйе басқа көрші халықтарда жоқ (тек осетиндер құрамындағы Дигор тобында ұқсас жүйе бар, ол дигорлардың Асылұялық ас-тұғыр руы екенін аңғартады). Балқарлардың билеуші әулеті «Оли» (Ұлыүй) деп аталады, олардың төрелігіне қарашайлар мен дигорлар да (осетиндер құрамындағы) жүгінген. Осы деректерден балқар халқын билеген Асылұя тобы мен Ұлы Бұлғарияны билеген Асылұя әулеті туыс екенін көреміз. Дигорлар құрамында құл санатында болған «касогта» тобы мен балқарлар құрамында құл санатында болған «казак» тобы ХІ ғасырда аландарға құлдыққа түскен закавказелік қазақтар екені түсінікті.
Хазар қағанаты әуелде Закавказеде орнаған. Азарбайжандарды құмық және вайнах халықтары осы кезге дейін «хажари» деп атап келді. Демек, өзін «әзербайжан» емес, «азарбайжан» деп атайтын халық Хазар қағанаты заманында қалыптаса бастаған. Хазар тайпасы Кавказға Орта Азиядан VІ ғасырда келген және Оғыздық тайпа болып табылады. Қазіргі түркімен халқы құрамында Хасар тайпасы бар. Түркі қағанаты ығыстырған Хазар тайпалары VI ғасырда Закавказьеге ауған, онда олар Иранмен одақтас ретінде Савир империясын жоюға атсалысты. Кейін олар VII ғасырда келген Тюрки ашиналарға бағынды, ол аймақта хазарлар басым болғандықтан мемлекет Хазар қағанаты деп аталды. Әл Масуди армияндардың ең жауынгер тобы сиавурда тайпасы екенін жазады, осы дерек Савир империясын билеген сұрбөрі тобының Кіші Кавказ тауындағы армияндарды билеп қалғанын байқатады (олар Журзан (грузин) елі мен Қырымдағы урус-сакалбан елі билігінде өз қолдарында ұстап қалған).
Әл Масуди X ғасырда грузин (журзан делінген) мен абхаз княздіктері Тбилиси аймағындағы Исках б. Исмаил деген билеуші басқарған мұсылман мемлекетіне салық төлеп тұрғанын жазады. IX ғасырда Византия императоры осы елді Папагиядеп көрсеткен. Бұл – "түркімен бөркін" мысқылдаған атау. Бас киімдерінің түсіне қарап көршілері «қара папахтар» деп атаған. Қазіргі қара папах тобы азарбайжан ұлтының құрамында және біразы Грузия аймағында өмір сүріп жатыр. Қара папахтарқұрамындағы "хан тайпасы" деп аталатын Борчало тобының дұрыс атауы Бөршілерекенін аңғару қиын емес. Оның Теркавюн деген екінші атауын Төркі мен Көпүй деп бөліп қарау керек. Өйткені, XI ғасырдағы Киев княздігіндегі черноклобук халқы құрамында торки мен копуй топтары болған. Осы деректер Киев княздігін билеген черноклобук халқы Закавказьеден барған қара папахтар екенін дәлелдейді, яғни Куәб (Киев) княздігінде билеген Асылұя тобы. Демек, оларды билеген Бөріші (қазіргі Беріш руы) тайпасы Төргі асұя (Тюрки ашина) тобынан.
Қарапапах халқы Тбилиси аумағында қалыптасты. Савир империясы жойылған соң Тбилиси VІ ғасырда Иран билігінде болды, Иран әскері хазар тайпасынан құралды. Демек VІ ғасырда Тбилиси аймағын хазарлар мекендеді, ал VІІ ғасырда ол жерді Тюрки ашина әскері болып келген қазақтар басып алды. Сол қазақтар қысымынан кіші Кавказ тауына кеткен хазарлар Х ғасырда аджар ұлты болып қалыптаса бастағанын әл Масуди жазбасынан аңғарамыз. Ал орнында қалып қойған хазарлар мен жаңа келген қазақтардың бірігіп араласуымен қарапапақ халқы пайда болған. Ол қазақтар хазарларша түркімен бөркін киюді әдетке айналдырды. Олар ғана емес, сол маңдағы барша халықтар сол бас киімді киюді дәстүр ете бастады және ол бас киім «папах» деген ортақ атауға ие болды. Осылайша Тбилиси аймағындағы хазарлар мен қазақтардан бір халық құралды. Олар өздеріне бағынышты айналадағы өзге халықтардан ерекшелену үшін тек қара түсті папах киді. Осы себептен олардың халықтық атауы қарапапах болып қалыптасты. Қарапапахты билеген – Асылұя династиясы, олардың Бөріші деген Тюрки ашиналық топ екенін азарбайжан қарапапахтары құрамындағы «хан тайпасы борчала» тобының атауы дәлелдейді. Қарақалпақ ұлты сол Закавказеден келген қарапапахтардан қалыптасқанын кейінгі жазбаларымызда айтатын боламыз. Қарапапах халқы тәрізді қарақалпақ ұлты да тек қара түсті түркімен баскиімін киетіні анық факт.
Азарбайжан жерінде «қара бөрік» дегендер де болған, алайда олар қара папах тобынан емес. Олар – ХІІІ ғасырда Орта Азиядан Закавказьеге келген қыпшақ әскері құрамындағы қара бөріктер. Қыпшақ тайпасы – Хорезмшах Джалелидиннің әскері болатын, оларды өкшелеген Шыңғысхан әскері екені белгілі. Яғни, Қара папах тобы Закавказьеге ондағы қара бөріктерден бірнеше ғасыр бұрын келген.
Сонымен Х ғасырда Хазар қағанатын, Ұлы Бұлғар империясын, Тбилиси аумағындағы Қарапапах мемлекетін, жартылай таулық Алан елін және үлкен Кавказ тауындағы Сарир мемлекетін билегендер Асылұяның Тюрки ашина династиясыболып табылады. Ал журзан (грузин) княздігі мен армиян елін және Қырымда дербес отырған сакалбан-урустарды Асылұяның жужан сұрбөрас тобы билеген. Соңғылары ыңғайлы сәтте бақталас жаулары – Тюрки ашиналар билеген мемлекеттерді жойып жібереді. Ол жайында кезекті мақаламызда жазамыз.

Савир мемлекеті халқының үлкен Кавказда қалғандары (негізінен, хунзах халқының Абар тайпасы) кейін онда таулық Сарир мемлекетін орнатты. Көп ұзамай Сарир мемлекеті билігін Төргі Асұя (Тюрки ашина) династиясы тартып алғанын авар хандары туындағы бөрі бейнесі дәлелдейді. Алайда аварлардың батыс бөлігінің таңбасында бүркіт бейнеленген (тазқара кейін бүркіт делініп кеткен деу орынды, яғни, ол да сұрбөрас-жужандық таңба). Дағыстандық аварлардың ата қонысыХунзахдеп аталады, онда Сарир мемлекетінің астанасы Хунзах қалашығы орны сақталған және Хунзах атауының аварша мағынасы «хун жері» дегенді білдіреді.

(Жалғасы)
14. Қарлұқ қағанаты мен Қараханиды: Ресей идеологиясы орнықтырған ресми тарихта «Тюргеш қағанатынан кейін 756 жылы (VIII ғасыр) Қарлұқ қағанаты орнады. Сосын оның орнын 840 жылы (ІХ ғасыр) Қараханиды мемлекеті басқан» деп оқытылады. Бұл сенімсіз деректер мен дәлелсіз болжамдардан құралған жалған тұжырымдар екені анық. Қарлұқтар құрамында «тюргеш» деген бар, ал Тюргеш тобы Тюрки Ашина династиясының өзі екенін алдыңғы мақаламызда жаздық (тюрк ашина – тюркаш). Яғни, Қарлұқ қағанаты заманында да қазіргі Орта Азия мен Қазақстан аумағында Тюрки Ашина (тюркаш-түркеш) династиясы билігі жалғасқан.
Әлем ғалымдары мойындаған тарихи жазбалардың бірегейі – ХІІІ ғасырдағы араб тарихшысы Ибн әл Асирдің «Китаб әл-камил фи-т-та'рих» атты еңбегі. Атақты академик В.В.Бартольдтың «Ибн ал-Асир с величайшей добросовестностью и редким по тому времени критическим тактом собрал огромный материал для своего труда», дегені сөзімізге айғақ. Әрине, аталған тарихи жазбаны Ресей оқымыстылары орысшаға аударған. Сондықтан онда көптеген түркілік атаулар мен есімдер бұрмаланған, жазбадағы деректер тізбегі ресейлік жалған тұжырымдарға сай өзгертілген. Мысалы, орысша аудармада жақша ішінде түркілік атаулардың арабша жазбадағы жазылу нұсқасы көрсетілген, алайда «карлук», «гузи», «учук», «базук» тәрізді аса маңызды атаулардың жазылу нұсқалары жоқ (оларды «в тексте:***» деп жұлдызшалармен жасырған). Дегенмен, осы орысша аударманың өзінен шынайы тарих орыстар айтқандай еместігін түсіну қиын емес (тікелей арабша нұсқадан қазақша аударса, көп шындық ашылар еді).
Ресейлік иезуйдтердің зымиян саясаты Түргеш қағанатындағы қазақ халқын «карлук» деп бұрмалап енгізген тарихқа. Араб әріптерінің жазылу ұқсастықтары оларға солай бұрмалауға мүмкіндік берді (арабша оңнан солға қарай оқылатынын ескертеміз): كزاق – казақ, كرلق – карлуқ. Осылайша 751 жылғы Талас (Атлах) шайқасында мұсылман араб әскерімен қосылып Син әскерін талқандаған қазақ емес, Қарлұқтар болып шыға келді. Алайда шынайылығын әлем ғалымдары ғана емес, Ресей тарихшылары да амалсыз мойындаған Ибн әл Асир жазбасы тарихымыздың мүлде өзгеше екендігін көрсетеді.
Қытай жазбаларында «карлук» деген жоқ, орыстар қытай жазбасына «гэлолу» деп енген атауды «карлук» деп түсіндіруге мәжбүр болды. Шындығында, «гэлолу» – «Керейлер» деген атаудың қытайша бұрмалануы, гэлолу құрамындағы «молуо», «чисы», «ташили» деген рулар – керей тайпасының молқы, шеруші, тарышы рулары. Сол гэлолу тайпасы мекендеген аймақта әлі күнге дейін қазақтың Керей тайпасы отыр. Ал Қарлұқ пен Қараханиды деген атаулармен еш ру немесе ел сақталмаған, олар із-түзсіз жоқ болды. Қайдан сақталсын, ондай атаумен тарихта еш ел немесе тайпа болмаса, ол атаулар қазақтың болғанын жасырумен айналысқан ресейліктердің қаламынан туған. Каньгю – каңлы, жужан – жүржэн, тайджут – адайжұрт, мангу – маңғыл мен маңғыт, най (қытайша «сүт елі») – найман (най мен маңғы одағынан), гэлолу – керей, аргунь – арғын, хунрат – қоңырат, уйсун – үйсүн, дула – дулат, кифчак – қыпшақ, бурч – беріш, черкаш – шеркеш, хэгу – қырғы немесе қырғыз, уху – уақ, юэчжи – ошақ, ата – аталық, хунь – қоңыр, хуньмо – қоңырмын, тартар – татар, сильюань – асылұяң (ас), борджигин – бөріжігің, шивей – шибөраш (шапыраш), лань – ұлан (алан), сюйбу – сұрбөрі (көкбөрі), хуянь – құман (куманды мен құмық), ханасювеги – ханасүйбегі, тугэ – төргі (тюрки), асяньщэ – асұяңшы, сирак – сирақты, язык – үзік (үз-ақүз), үзбек – өзбек, аорс – арыс (урус), касах, кашак, хаса, косаг – қазақ, үйқыр – ұйғыр, қарапапах – қарақалпақ, тазжік – таз және тәжік, джалайыр – жалайыр, аккойлы – аққойлы, қаракойлы – қарақойлы, чумукун – шымырқұң, шуниш – жаныс, хулсузю – құли, абар – абыралы мен авар, сакалбан – албан, сыван – сыбан, шахсеван – сақсыбан, алан танаиды – тана мен байтана, алан – қарашай мен балқар және дигор (осетин) мен дула (дулат), асылдан – сұлтан, асылжік – селджук болып жалғаса береді. Осылайша ежелгі тайпа-елдер мен олардың ұрпақтарының үзілмеген байланысын көреміз. Ал жеке дара мемлекет орнатты делінетін Қараханиды мен Қарлұқтардан еш із қалмаған. Өйткені, мұндай атаулар тарихта болмаған. Тараздағы Қарахан баба кесенесі Қараханидилердің болғанына дәлел емес. Өйткені, оның ХІХ ғасырда салынғаны белгілі, Қараханиди династиясының тарихта болғанын дәлелдеу үшін тұрғызылған.
Енді Син елі жайында дұрыс анықтама алып алсақ, ресейліктер «Син – Қытай елі» деп тұжырымдаған. Қытайда ең алғашқы Цинь мемлекеті біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда болды. Оны орнатқан Шихуанды қытай деректері «сюну (варварлар) елінен, яғни, хунь елі адамы» деп көрсеткен. Ал Хунь империясын билеуші «Шың» деп аталған, мағынасы – аса биік ұлы, билеуші әулеті Шыңүй деп аталған (шанью) және билеушілер тек асылұяң руынан болған (силюань). Хунь адамы орнатқан қытайлық мемлекеттің «Цинь» атауы мен хунь билеушісінің «Шың» лауазымы ұқсас дыбысталады. Шамасы, Қытайда мемлекет орнатқан Хунь өзін «Шың» деп ататқан. Осы атау қытай тілінде «Цинь» болып, мемлекет осы атаумен тарихқа енген.
Қазіргі Қытайда VI ғасырдан бастап Шыңғысхан заманына дейін болған мемлекеттер: Суй (581-618 ж.ж), Тан (618-907 ж.ж), Сун (960-1279 ж.ж), Юань (1280-1368 ж.ж). Ресейліктер «751 жылы Талас шайқасында арабтар мен көшпелі түркілер әскері қытай (Син) әскерін талқандады» деп тұжырымдайды. Ол заманда қытай елінде Тан мемлекеті болыпты, оның атауы Син атауына еш ұқсамайды. Тан мемлекеті VIII ғасырда өз ішіндегі алауыздықтан өте әлсіз болған. Қытай тарихында сол жүзжылдықта Талас шайқасы орын алғаны жазылмайды. Олай болса араб жазбасындағы «Син» қытай елі болуы мүмкін емес, оның үстіне Ибн әл Асир «Син елі – түркілер» деп анық көрсеткен. Ибн әл Асир жазбасы «Син елі» деп деректеген аймаққа қазіргі Маңғолия мен «ішкі Маңғолия» және батыс Манжурия енген дейміз (ежелгі Хунь халқы жері), арабша жазбадағы атау – «Син» емес «Шин», дәлірек айтсақ, «Шың». Ол аймақта VIII ғасырда Үйқыр кағанаты болды.
Қытайдың солтүстік батысында, кәзіргі Баян Нур қаласы орналасқан аймақта Х ғасыр мен ХІ ғасырда таңғұттардың өте қуатты Ся мемлекеті болған (таңғұт емес, татар елі екені Ибн әл Асир деректерінен байқалады). Ол атаудың дұрысы Асұя деп білеміз, яғни, Асылұя династиясы билеген түркі-татарлар мемлекеті.
Манжур журжэндері ХІІ ғасырдың басында Цзинь империясын орнатқан (1115-1234 ж.ж) және оның құрамына Солтүстік Қытайда енген, артынша оның орнын Шыңғысхан империясы басқаны мәлім. Кейін XVI ғасырда сол Манжур журжэндері Қытайды қайта бағындырып, Цин империясын орнатқаны белгілі.
Асылұя жайлы алдыңғы мақалаларымыздың бірінде ІV-VІ ғасырлар арасындағы Жужан қағанаты жайлы айтылған. Сол мақалада «жужан» сөзі дұрысында «жүржан» екенін айттық. Олардың әуелгі қалыптасқан жері – Журжан теңізінің (Каспий)жағасы, Маңғыстаудан маңғы тайпасын ертіп жорықтарын бастаған, сол маңғылармен жүржандар орныққан аймақ Маңжүр (Манжурия) деп аталып кеткен. Алайда, билеуші жүржандар онда (жүржэн) дербес ру болып сақталып қалған, «р» дыбысы жоқ қытай жазбасына «жүржан» атауы «жужан» болып енген. Шыңғысхан заманындағы маңғыл тайпасы сол Маңғыстаудан барған маңғы тайпасының тап өзі. Жужан қағанатын билеген – Сұрбөрас династиясы (сұрбөрі тайпасы мен хан тайпасы асылұя одағынан қалыптасқан), кейін бақталастары – Төргі Асұяшы (тюрки ашина) династиясы оларды «Шибөраш» деп ататып кеткен және осы шибөраш қытай жазбасымен тарихқа «шивей» болып енген. Бұл деректердің бәрі біздің мақаламызда нақты дәлелдермен жазылған.
Маңжүр жүржэндері өздерін ежелгі шивей ұрпағы деп білген және Шыңғысхан династиясы да өздерін шивей ұрпағымыз деп таниды. Маңжүрлер (манжур) қол астындағы хидан-халхалар ықпалымен және кейін қытай тілі ықпалымен ХVII ғасырдан кейін түркітілділігін жоғалтты. Алайда, әлі де тілдерінде қазақы сөздер кездеседі. Дегенмен, олар сол ХVII ғасырға дейін түркітілділігін сақтап келген. Манжур жүржэндері өздері орнатқан екі мемлекетті де «Цинь» деп атады, ал қытай елінде ежелде болған Цинь мемлекетін орнатқан хунь адамы (ол да түркітілді). Осы «Цин» атауы дұрысында «Шың» дедік, ол – билеушіге, патша-ханға берілетін лауазым. Өз империясын ХІІІ ғасырда орнатқан Теміршың есімін Шыңасхан деп өзгертті, оның екі есімінде де «Шың» сөзі бары бекер емес. Оның «Теміршың» есімін «Тимучин» еткен «р» дыбысы жоқ қытай жазбалары, ал «Шыңасхан» есімін «Чингисхан» еткен арапша жазбалар ықпалы. Ол – Асылұя тайпасынан тарайтын шибөраш (шивей) династиясынан, осы «шибөраш» деген жағымсыз атауды оның аталары «бөріжігің» деп өзгерткен (Шыңғысхан руы – борджигин, яғни бөріжігің). Ол есімін Шыңасхан деген лауазым-есімге өзгертті, мағынасы: «Шың» дәрежелі, «Ас» ұрпағынан болған «Хан» (Шың-Ас-Хан). Ежелден түркілер мекендеген қазіргі Маңғолия мен Батыс Манжурия аймақтарын араб-парсылар ертеден «Шин» атауымен таныған. Міне, осы атауды орысша «Син» деп көрсеткен ресейліктер екені түсінікті (арапшада: شين – шин, سين – син). Ал Солтүстік Қытай өлкесі XI ғасырдан бастап Шың елі орнатқан Империялар (манжур жүржандық Цзинь (Шың) империясы мен Шыңғысхан империясы) құрамында болды, сол себептен XIV ғасырдағы арап жазбалары ол аймақтыда «Шин елі» (Син елі) деп көрсетеді. Ал оған дейінгі арап жазбаларындағы «Шин елі», ежелде хунь халқы мекендеген қазіргі Маңғолия мен Батыс Манжурия аймақтары (Ибн әл Асирдің «Син елі – түркілер» деп көрсетуі соның дәлелі).
Түркі Ашина династиясы билеген Түргеш қағанаты VIIІ ғасырдың ортасына таман шығыс аймағынан айрылып қалған, онда жужандық Асылұя шивей-шибөраш династиясы билік алып, Үйқыр қағанаты орнағанын алдыңғы мақаламызда көрсеткенбіз. Оның дербестігін 745 жылы Қытай императоры амалсыз мойындаған және Гули Пэйло (ұлы бөрі) хан өзін Гудулупигацюэкэханем (Құттылы-бек-Асүйі-ханы) деп жариялағаны мәлім. Ол аймақты арап жазбалары «Шин елі» деп танығанын, оны ресейліктер «Син» деп орысшалғанын айттық. Олай болса, Талас шайқасына бір жағынан Шың елі әскері (Үйқыр қағанаты әскері), екінші жағынан Түргеш пен мұсылман арабтардың біріккен әскері қатысқан. Түргеш елінің бір бөлігі ол заман мұсылман болған, мемлекет те мұсылман халифаты құрамында деп танылған. Сондықтан араб пен түркі мұсылмандары қазіргі Маңғолиядан келген дінсіз Шың елі әскерімен соғысқан. Талас шайқасына қатысқан көшпелі түркілер қазақ халқы, оны жасыру үшін арап дерегіндегі «казақ» атауын «карлуқ» деп бұрмалаған және сол қазақ халқының мемлекетін Карлуқ қағанаты етіп тарихқа енгізген Ресей саясаты. Сол Қазақ мемлекеті ханының IX ғасырда Ислам дінін қабылдағанын көрсеткен арап дерегінде бұрмалаған, ондағы «Қазақхан» атауын «Қарахакан» деп орысшалаған және мемлекет атауын Қараханиды етіп тарихқа енгізгенде Ресей империясы. Оны төмендегі деректер де растайды.
Халқымыздың шынайы тарихынан сыр шертетін әрі Ресей идеологтары тарапынан бұрмаланбаған Ибн әл Асир жазба мұрасын мұхият зерделеп көрсек: «И наступил год девяносто четвертый (713 г)... В этом году Кутайба, форсировав реку, обязал жителей Бухары, Кеша, Насафа и Хорезма двадцать тысяч воинов, они присоединились к нему. И направил он их в Шаш, а сам двинулся на Фергану и прибыл к Ходженту. Поднялись его жители, встретили и неоднократно вступали в сражение. И каждый раз успех сопутствовал мусульманам… В этом (750 г) поссорились ихшид Ферганы и царь Шаша. Ихшид попросил помощи у царя Сина, и дал ему подкрепление из 100 тысяч воинов, царя Шаша окружили, и он сдался на милость царя Сина, и тот не причинил зла ни ему, ни его приближенным. Известие об этом достигло Абу Муслима, и он выслал на войну с ними Зийада ибн Салиха. Они встретились на реке Тараза, и мусульмане победили их, перебили 50 тысяч и взяли в плен около 20 тысяч, остальные бежали в Син. Битва произошла в зулхиджжа в тридцать, третьем году (751 г)».
Шаш – қазіргі Ташкент қаласы, ал Тараз дегені – қазіргі Талас өзені. Осы деректен Ташкент аймағына мұсылман арабтар 713 жылы орнығып қойғанын байқаймыз. Ал 750 жылы Шаш қаласын Син патшасы (Үйқыр қағанаты әскері) басып алғанын естіген халиф Әбу Муслима ол жаққа қосымша әскер жіберген. Яғни, Ташкент пен Тараз халқы VIІI ғасырдың басында мұсылман болған (халиф мұсылман жерін кәпірлерден қорғауға тиіс, сол себептен Ташкент пен Тараз аймағына қосыша әскер жіберген). Ол аймаққа Ислам дінін жеткізген арабтар сол маңға орнығып қалды. Өйткені, арабтардың барған жеріне орнығып, ислам дінін жаюды мақсат еткені белгілі. Ресей оқымыстыларының «Талас шайқасында жеңіске жеткен арабтар өз елдеріне қайтып кеткен тәрізді» деген тұжырымдары орынсыз.
Өзге аймақтарда билеуші болып араб қолбасшылары сайланды, тек түркілер отырған аймақтарда олай болмаған. Өйткені, сонау Хунь империясы заманынан бастап, күні кешеге дейін түркілер әлемінде тек Асылұя династиясы ұрпағын ғана патша деп танитын дәстүр сақталып келді. Сондықтан мұсылман араб халифтері түркілердің патшалық дәстүрін бұзуға тырыспады, түркі патшаларының халифатқа тәуелді екенін мойындауы олар үшін жеткілікті болған (тіпті, түркі патшаларына мұсылман арап-парсы әлемі мойыұсынғанына Осман Халифаты тарихы куә). Ислам дініне шақыру үшін көшпелі қазақ халқымен араласқан арабтар көп ұзамай қазаққа сіңіп кетті, тек қалалық арабтар ғана ұзақ уақыт ұлттарын сақтаған. Бұдан көшпелі түркі (қазақ) тайпаларымен бірігіп Талас шайқасына қатысқан арабтар мен қожалар бір емес екенін ұғамыз.
Ибн әл Асир қожалар жайлы мынадай аса маңызды ақпарат береді: «И наступил год сто третий (722 г)... Явился двоюродный брат царя Ферганы к [Хараши] и сказал ему, что согдийцы в Ходженте. Сообщил ему об их положении и добавил: «Нагоняй их, пока не ушли в ущелье. Пока не выйдет срок, от нас им не будет помощи... Хараши окружил их и нацелил на них стенобитные машины. И поднялся воин из арабов и бревном стал ломиться в ворота Ходжента. И ворота отворились.... Сабит Кутна, вспоминая казнь знатных, говорит: «Порадовала душу казнь Карзанджа, Кашкира, участь Беяда. И Дивашти, а также участь Халанджа в Ходжентской цитадели, где они погибли и пропали.... И наступил год четыреста девяносто шестой (1103 год)... В этом году в Рее был убит Абу-л Музаффар ибн ал-Худжанди. Род Худжанди происходит из города Ходжента, расположенного в Мавераннахре. Они свое происхождение к Мухаллабу ибн Абу Суфра». Осы жазбадан Әбу Музаффар деген имам-қожаның ХІІ ғасырдың басында қайтыс болғанын, қожа руы қазіргі Худжант қаласында қалыптасқанын, олар өз руының негізін қалаған Мухаллаб ибн Әбу Суфра деп түсінгенін көреміз. Мухаллаб ибн Әбу Суфра – VII ғасырдың соңы мен VIIІ ғасырдың басында өмір сүрген табиғин мұсылман, Иран аумағын 20 жыл билеген әл-Хаджжадж ибн Юсуф деген арабтың әскер басшысы болған. Тарихта осы екі адамның есімі қатар кездеседі. Әл-Хаджжадж ибн Юсуф Мекке қаласы маңындағы Тайфте дүниеге келген, есіміндегі ал-Хаджжадж атауының мағынасы – туған жері қажылық аймақ болуымен байланысты (мысалы, Бұхарадан шыққан ғалым «әл-Бұхари», Тараздан шыққан адам «әл-Тарази» деп аталды). Оның қол астындағы әскері де сол қажылық аймақтан шыққан араптар, олар да өздерін «хаджжадж» деп атағанды ұнатқан деу орынды. Әл-Хаджжадж ибн Юсуфтің Хорасан билеушісі етіп Мухаллаб ибн Әбу Суфраны тағайындағаны мәлім (Иранның қазіргі Мешхед қаласы орналасқан аймағы). Оның әскері хаджжадж арабтарынан құралған және өзі 703 жылы қайтыс болған. Жоғарыдағы деректе 722 жылы Хараши бастаған арабтардың Ходжент қаласын қалай басып алғаны қамтылған. Осы Хараши қолбасшы әл-Хаджжадж әскерінде шыңдалған жауынгер деп айтылған. Яғни, Ходжент қаласын басып алғандар Хаджжадж араптары болып табылады (Ибн әл Асир араптардың Ходжент қаласын Ферғана ханының келісімімен жаулап алғанын көрсеткен, олар тек сол қаланы ғана жаулап алуға келісім алған). Олар жаулап алған қала әуелде Қохаңды деп аталған (тұрғындары қоқаңдағыш болуы мүмкін). Арабша «Ходженд» пен «Хоханд» өте ұқсас жазылады (خحند – хоханд, خجند – ходженд), осыны ескермеген орыс аудармашылары арабтар келгенге дейінгі оқиғаларда да қаланы Ходженд атауымен көрсете берген. Дұрысында, VIIІ ғасырда хаджжадж арабтары жаулап алып, иеленген қала – Хоханд, олар кейін, ХІ ғасырда ходжа деген ру-ел болып қалыптасқанда қала «Ходжанд» деп аталып кеткен деу орынды. Ал қаласынан айрылған түркі-үзбектер сол аймақта Хоханд атауымен өзге қала тұрғызған. Қазіргі Худжанд пен Хоханд қалалары көрші жатыр (арасы, шамамен 100 шақырымнан асады). Көп ұзамай Хараши қолбасшы халифтің ашуына ұшырап қаза тапқан. Сондықтан халиф хаджжадж арабтарын 351 жылғы Талас шайқасына тартпаған деп тұжырым жасағанымыз жөн. Өйткені, басқа деректе Талас шайқасына қатысқан араб әскері иемендіктер екені жазылған.
Олай болса, VІII ғасырда Ташкент пен Тараз аймақтарына орныққан мұсылман арабтар қазақтар пен өзбектер құрамында болуы тиіс. Өзбектер – ру-тайпаларын әлдеқашан ұмытқан отырықшы халық, сондықтан қай өзбектің атасы арабтан тарайтынын анықтау мүмкін емес. Қазақтар – көне хунь-сақ заманынан бері ру-тайпа болып тәртіптелу дәстүрінен еш айнымаған халық. Қазақта Рамадан деген тайпа бар. Олардың басым бөлігі батыста – Кіші жүз құрамында болғанымен, едәуір бөлігі Қазақстанның оңтүстігінде отыр. Олардың ата қонысы ертеде Ташкент аймағы болғанын дәлелдейтін деректер бар. «Рамадан» атауы таза араб сөзі екені анық, бұл тайпаның таңбасы дулат тайпасы таңбасымен бірдей. Осы деректер VIIІ ғасырда келген араб мұсылмандары дула (дулат) тайпасы қыздарына үйленіп, қазақ халқы құрамына «рамадан» атауымен жеке ру болып сіңгенін көрсетеді. Сол келген арабтар арасында Мұхаммед пайғамбармен (с.ғ.с.) рулас адамдар да болған. Оларды өзге мұсылмандар «сейд» (мырза) деп атағаны, тәжік еліндегілер әлі де «сейд» деп аталатыны және қожалар арасында ең беделдісі сейд қожалар екені белгілі. Сол сейд арабтар рамадан тайпасында болса жеке ру атауымен сақталар еді. Демек, сейд арабтар өзге қазақ тайпасы құрамында қалған. Ошақты тайпасындағы сейіт руы сол құрметті мұсылман арабтардан қалыптасуы мүмкін. Өйткені, ол руда ата-бабасынан молдалықты, дін жолын ұстанып келген әулеттер көп кездеседі. Сонымен рамадан тайпасы мен сейіт руы VІII ғасырда Ташкент пен Тараз аймақтарына орныққан арабтардан бастау алған деп білеміз. Ал қожа руы Ходженд қаласына қоныстанған Хаджадж арабтарынан VIII-ХІ ғасырларда қалыптасқан (шамамен 250 жыл), Ибн әл Асирде олардың «отаны» Ходженд қаласы екенін көрсеткен. Олар ХІ ғасырдан бастап осы қаладан өзге аймақтарға таралған (Закавказье мен Түркиядағы Ходжалы қалалары, Қарақалпақстандағы Ходжелі қаласы). Қазіргі Қарақалпақстанға VIIІ ғасырда орныққан арабтар нөкіс руы болып қалыптасты және ондағы Нөкіс қаласы атауын солар орнықтырған. Кейін сол нөкіс руының Шымкент аймағына ығысқандары дулат тайпасы құрамына енді (олар арғы тектері араб екенін ұмытқан жоқ).
Енді Ибн әл Асир деректерінен орыстар Қарлұқ пен Қараханиды деп екі бөлектеген жазбаларды зерттеп көрсек: «Владетелем Баласагуна и Страны тюрков был Шараф ад-Даула (1030-1056). Он был религиозен и удовлетворился повиновением ему его братьев и родственников и разделил страну между ними. Своему брату Арслан-тегину отдал многое из Страны тюрков, Тараз и Исбиджаб отдал своему брату Богра-хану, Фергану всю целиком отдал дяде по отцу Туга-хану, а Бухару и Самарканд и другие отдал Ибн Али-тегину. А сам он удовольствовался Баласагуном и Кашгаром.... Они — мусульмане из потомства Афрасиаба Тюрка.... Их прадед, Шабук Кара-хакан, ... во сне своем принял ислам и поутру обнаружил, что он мусульманин. Когда он умер, на его место встал его сын Муса ибн Шабук. И в этом краю царский сан не прекращался среди его потомков вплоть до Арслан-хана ибн Мухаммада ибн Сулаймана ибн Дауда Богра-хана ибн Ибрахима.... Он взбунтовался против Кадир-хана в 494 (1101) г., и тот отнял у него царство, но Санджар убил Кадирхана и вернул царство Арслан- хану... Среди его войска был один вид тюрков, которых называют карлуки и тюрки гузийские... Их тоже два вида. Один вид называют учук, и другой народ, который называют бузук... В этом году, сафаре (1043 г.) приняли ислам 10 тысяч кибиток из неверных тюрков... И принесли в жертву в день праздника Жертвы (зу-л-хиджжа) 20 тысяч голов овец, и Аллах избавил мусульман от их вражды. Они проводили лето в краях Булгара, а зимовали в краях Баласагуна.... Не принявшими ислам среди тюрков остались татары и хитаи, они в областях Сина».
Бұл жерде «страна тюрков» деп көшпелі қазақ елі көрсетілгені түсінікті (арабтық түпнұсқада солай жазылуы да мүмкін). Өйткені, отырықшы түркілер (үзбек, үйқыр) отырған аймақты Тараз, Испиджаб (Шымкент), Ферғана, Бұхара, Самарқанд, Қашқар деген басты қалалары арқылы сипаттаған. Қазақ елінің (түркілердің) мұсылман еместерінің ең соңғылары ХІ ғасырдың басында (1043 жылы) ислам дінін қабылдағанын, олардың жайлауға – Бұлғар еліне (Орал тауларынан әрі жатқан аймақ) дейін баратынын, ал қыстаулары Баласағұн аймағы екенін жазған. Баласағұн аймағы да, Баласағұн қаласы да қай жерде екені нақты анықталмаған. Ибн әл Асир түркілердің жайлауда солтүстіктегі алыс Бұлғар еліне (Орал таулары аймағы) барып, қыста Баласағұн аймағын қыстайтынын көрсетеді. Соған қарағанда, ол қазіргі Талас, Созақ, Сарысу, Мойынқұм, Шу аудандары орналасқан үлкен аймақ тәрізді. Оның атауын Баласағұн емес, Таласағын деген орынды. Талас пен Шу өзендері Алатаудан бір жерден ағып шығады, спутниктік картадан екеуінің арнасы ертеде Телқоңыр деген жерде қосылып, одан әрі Арал теңізіне дейін созылғаны анық байқалады. Қосылып ағып жатқандықтан ол екеуіде сол заманда көбіне Талас өзені деп аталған тәрізді. Яғни, қазіргі Талас, Созақ, Сарысу, Мойынқұм, Шу аудандары жерлері Талас өзені ағып өтетін аймақ болғандықтан, халық «Талас ағыны» деп атап кеткен. Арабша екі атау өте ұқсас, «т» әрпін «б» деп түсіндіріп, бұрмалап орысшалаған: تالاصغن – таласағын, بالاصغن – баласағун.
Түркілердің ислам дінін қабылдамағандары Син аймағында (қазіргі Маңғолия) отырғанын, олардың татар және хитаи болып екіге бөлінетінін жазады Ибн әл Асир. Деректе осы екеуінің де түркі екені анық көрсетілген. Яғни, «Татар тайпасы ол заманда маңғол тілді болған, хитай дегендер – қидандар, олар да маңғол тілділер» деген ресейлік тұжырымдар толық жалған. Бұл жердегі «татар» дегені – татар мен хакас ұлттарын қалыптастырған ел (хакастар өздерін «тадар» деп те атайды, оларды «қырғыз» деп бұрмалайтын Ресей саясаты). Ал «хитаи» дегені – қазақтар, «хазақ» сөзін орысша «хитаи» деп әдейі бұрмалаған. Осы екі сөздің арабша жазылулары мынадай: حظاق – хазақ, حطاى – хатаи. Ескі араб жазбасында «қ» мен «з» әріптеріндегі ноқаттар өшіп қалғанын пайдаланған аудармашы «з» әрпін «т», «қ» әрпін «и» деп түсіндіріп, «хазақ» атауын «хатаи» деп таңбалаған (оны «хитаи» деп түсіндірген). Демек Шыңғысханға дейінде онда отырған керей, найман, меркі (меркіт), маңғыл (маңғы), жалайыр, қоңырат тайпалары мен адайжұрт (тайджут), бөріжігің (борджигин) рулары қазақ халқы деп танылған.
Шабук Карахакан Ресей билігі дайындатқан тарихта Сатуқ Қарахан деп көрсетілген, оның Караханиды мемлекетін орнатушы екені де айтылады. Караханиды мемлекеті 840 жылы (ІХ ғасыр) орнады делінген, яғни, Шабук Карахакан сол жүзжылдықтың өкілі. Ибн әл Асир оның билікте отырып мұсылмандықты қабылдағанын және Афрасиаба Тюрка династиясының ұрпағы екенін жазады (оның деректерінен аталған династия арабтарға жақсы таныс екені байқалады, яғни, ол арабтар Орта Азияға келген заманда да билікте отырған Тюркаш династиясы). Оның мемлекеті құрамына қазіргі Орта Азия мен Қазақстан және Шыңжан аумақтары кірген (Үрімші қаласы орналасқан солтүстік аймағынан басқасы) және мемлекет жерін ең алғаш ХІ ғасырда бауырларына бөліп берген – Шараф ад-Даула хан. Мемлекет әскерінде «карлук» және «тюрки ғузи» деп екі түрлі аталатын халық болған. Ол халық өз ішінде «ушук», «бузук» деп екіге бөлінген (арабта «г», «ч» әріптері жоқ). Жоғарыда орыстардың арабшадағы «қазақ» атауын «карлук» деп бұрмалағанын көрсеттік. Яғни, Ибн әл Асир карлуктардың, яғни қазақтардың екінші атауы тюрки ғузи екенін деректеген. Арабшада ғузи мен ғазақ бірдей десе де болады: غزق – ғазақ, غزى – ғузи. Демек, мемлекет әскері қазақ халқынан жасақталған, оларды «қазақ» деп те, «түркі ғазақ» деп те атаған. Ол қазақтар өз ішінде екі халыққа бөлінген, ондағы «ушук» дұрысында – узбек, ал «бузук» дұрысында қазақ деп білеміз. Өйткені, әріптері ескіріп, кей тұсы өшкен қолжазбадағы «узбек» пен «қазақ» атауларын «ушук» пен «бузук» деп әдейі бұрмалап түсіндіру қиын емес. Олардың арабша жазылулары өзара ұқсас: ذبكو – узбек, شكو – ушук, قزك – қазак, بزك – бузук («қ» әрпінің бас жағы өшіп көрінбей қалғанын пайдаланып, оны «б» деп көрсеткен).
Ресейліктер әдейі бұрмалап, «ғузи деген – оғыздар, олар ушук пен базук деген екі топқа бөлінген» деп тұжырымдады. Ибн әл Асирдің осы деректерінің оғыз еліне, яғни қазіргі Түркіменстан аумағына еш қатысы жоғы айдан анық. Әңгіме қазіргі Қазақстан мен Өзбекстан және Шыңжан аймақтары жайлы екені айқын көрініп тұр. Сондықтан ресейлік тұжырымның түсінген адамға құны көк тиын.
Билеуші әулет – Афраси Тюрки династиясы («Афрасиаба» сөзіндегі «аба» – орыстық жалғау). Осы атау дұрысында – Асұяшы, екі атаудың арабша жазылуы ұқсастау: اثواشى – асұяшы, افراسى – афраси (әріптерінің кей жері өшіп, ескірген көне жазбадағы қазақы атауларды бұрмалап түсіндіріп, өзгеше етіп орысшалаған Ресей аудармашылары. Бұл – жай қателік емес, олар шын тарихты бұрмалау ниетімен жоспарлы түрде еңбек еткен). Ал «Тюрки» атауы қазақша «төргі» екенін алдыңғы мақалаларымызда айттық. Демек, мемлекетті билеген династия – Төргі Асұяшы, ол тарихқа «Тюрки Ашина» болып енген және Түргеш қағанатын билеген де солар екенін нақты деректермен дәлелдедік деп ойлаймыз.
Мемлекет билеушілері – Шабук Каракахан ұрпақтары, олардың арабша және түркілік есімдері қатар қолданылған. Шабук Каракахан – Асылұя тайпасының өкілі, Төргі Асұяшы (Тюрки Ашина) династиясынан. Мемлекет билігі ХІІ ғасырдың басына дейін осы әулетте болыпты, соңғы ханы – Арысұлан, ол басына түскен қиын жағдайда Санжар сұлтанның көмегіне жүгінген. Санжар сұлтан – Тюрки Селджук династиясының адамы, ол династия да Шабук Карахаканға туыс екені Ибн әл Асир деректерінен анық аңғарылады. «Тюрки Селджук» дұрысында – Төргі Асылжікдинастиясы, сондықтан династия адамдарын халық «асылдан» деп атаған. Ол атауды «султан» еткен арабша жазбалар екенін алдыңғы жарияланымдарымызда айтттық. Яғни, Х ғасырда қазіргі Түркіменстан аумағында оғыз елін билеп, оларға ислам дінін үйреткен, сосын ХІ ғасырда Закавказье мен қазіргі Түркия аумағынбилеген, мұсылман әлеміне жасалған Крест жорығына тойтарыс берген, кейін Осман империясының негізін қалаған Төргі Асылжік (Тюрки Селджук) династиясы ІХ ғасырдағы Шабук Карахакан әулетінен тарайды.
Енді Шабук Карахакан есімін талдап көрейік, оның есімі дұрысында Шаттық болуы мүмкін. Орыстардың оны біресе Шабук, біресе Сатук деп көрсетуі соны аңғартады (арапшада: شاتوق – шатуқ, شابوق – шабуқ, ساتوق – сатуқ). Ибн әл Асир түркілерде билеушіні «хан» деп атайтынын анық жазған (келесі ақпаратта), яғни «хакан» деген атауды қолданбаған. Негізінен «хан» атауын «каган» деп көрсететін қытай жазбалары, себебін қытай тілі заңдылығынан іздеген жөн. Сол қытайлық бұрма атауды қолданып, арабша жазбалардағы «хан» атауын ыңғайы келсе «хакан» деп орысшалаған – орыс ғалымдары. Сондықтан «Карахакан» дұрысында «Казахкан» деп білеміз. Өйткені Х ғасырда парсы жыршысы Фердауси ол мемлекетті билегендер Казах хандары екенін, халқы «көшпелі жауынгер казах» деп аталатынын анық жазған. Орыстар осы жазбадағы «Казахкан» атауын «Карахан» деп бұрмалау арқылы «Караханиды» атауын тарихқа енгізген. Ибн әл Асир жазбасын орысшалағанда «Карахкан» атауын әдейі «Кара-хакан» деп орыстық «-» белгісі арқылы өзгертіп жіберген. Арабша жазылуында екі атау бірдей десе де болады, тек «з» үстінде ноқат бар, ал «р» үстінде жоқ: كزحكن – казахкан, كرحكن – карахакан. Демек, билеушілердің арғы атасы Шабук Карахакан емес, ол Төргі Асұяшы (түркі ашина) династиясыың өкілі – Шаттық Қазақ хан.
Түркі Ашина (төргі асұяшы) руы таулы Алтайдан шықты, олар VІ ғасырда әуелі қазіргі Қазақстан аумағында Түркі қағанатын орнатқан. Қазақ халқы ол заманда өз атауымен қалыптасып қойғанын алдыңғы жазбаларымызда дәлелдегенбіз. Түркі қағанатыныңда және оның орнын басқан Түргеш қағанатыныңда халқы қазақтарболды, сол себептен билеуші династия адамдарын Орта Азия халықтары (үзбек, тазжік, парсы) «қазақ» деп таныған. Мемлекет билеушісі есіміндегі «Қазақ хан» атауы соның айқын дәлелі. Тараздағы ескі қорымды «Қарахан баба жатқан жер» деп ХІХ ғасырда кесене салдырғандар, «Караханиды мемлекетін билеген қожалар» дейтіндер мүлде қателеседі. Мұның жалған екенін Ибн әл Асир жазбасы дәлелдейді. Қазақ мемлекетін ертеден тек қазақ хандары билеген, қожа немесе араб ешқашан қазақты билемеген.
Осылайша Ибн әл Асир жазбасы Орта Азиядағы алып империя Қазақ хандығы екенін, оның халқы «қазақ» немесе «түркі қазақ» деп аталатынын, ол халық өз ішінде «үзбек» пен «қазақ» болып екіге бөлінетінін тайға таңба басқандай айқын көрсетеді. Яғни, ол заманда үзбек пен қазақ біртұтас халық болған. Ибн Батутаның ХIV ғасырда Алтын орда ханы Мұхаммедті «Узбек хан» деп жазуының себебі, ол мемлекет халқының қазақ деп те, узбек депте атала беруімен байланысты десек, қателеспейміз. Ол кезде тазжік (тәжік) халқы – тауды мекендеген аз ел, қарақалпақтар (қарапапақ) Орта Азияға Кавказдан тек ХІІ ғасырдан кейін жетті. Шыңжандағы үйсүн-үзбектер қырғы тайпасымен араласып, үйқыр (ұйғыр) халқы болып енді қалыптасып жатты. Ал қырғыз елі Орта Азияда жоқ болатын (олар Енисейден тек ХVІІ ғасырда келгенін Алексей Левшин жазады). Түркімен халқы өз аймағында (оғыз елінде), яғни қазіргі Түркіменстан жерінде түзілді. Демек, Ибн әл Асир өмір сүрген ХІІІ ғасырға дейін қазіргі Қазақстан мен Орта Азияның негізгі халқы қазақ деп аталған, олардың отырықшы бөлігі үзбек деп те танылған. Қазақ халқының едәуір бөлігі сол заманда қазіргі Шыңжан мен Маңғолия аймағында да отырған, онда олармен көрші татар халқы да мекендегенін аңғарамыз деректерден.
Сақ елі мен шығыстан ауып келген хуньдардың араласуымен I ғасыр мен VI ғасыр аралығында Қазақ халқы қалыптасқанын айтқанбыз. Яғни, билік хуньдарда болғандықтан біздің дала «Құңзақ» деп аталғанын (мағынасы: «құң жақ» - хунь аймағы) және ол артынша аймақ халқының атауына айналғанын, кейін атау «Қзақ» болып қысқарып («ұң» бөлігінсіз), сосын «Қазақ» болып біржолата орныққанын алдыңғы мақалаларда дәлелдермен көрсеткенбіз.
Тарихта Қарлук пен Қараханиды мемлекеттері болмаған. Олар – қазақ ұлтының кешегісін жасыру үшін қолданылған жасанды атаулар. Ол екі атау да араб жазбаларындағы «қазақ» атауын бұрмалаудан пайда болған. Түргеш қағанаты заманынан мемлекет біртұтас сақталған. Оның халқы қазақ деп аталған және билік Тюрки Ашина (Төргі Асұяшы) династиясында болған. Ал VІІІ ғасырдан бастап мемлекеттің Орта Азия аймағындағы халқы жаппай мұсылмандыққа өте бастаған, халқы қазақ болғандықтан арап деректерінде Қазақ хандығы деп көрсетілген (оны Карлуқ қағанаты деп бұрмалаған орыстар). ІХ ғасырдың басында билеуші Шаттық Қазақ хан мұсылмандықты қабылдап, Ислам мемлекеттің ресми діні дәрежесін иеленген (осы ханды Қарахакан деп бұрмалаған, мемлекет атауын Қараханидыеткен орыстар). Ибн әл Асир жазбасынан ІХ ғасырда Ислам дінін қабылдамаған дала қазақтарының бір тобы бөлініп қалғанын (Қазақстанның солтүстік аймағы), алайда олар да ХІ ғасырдың басында толық мұсылман болып мемлекет билігіне мойынсұнғанын көреміз. Ресей саясаты кәзіргі қазақ елінің солтүстігінде Қимақ қағанаты болған дегізді, алайда онысыда арапша көне қолжазбадағы «қазақ» сөзін «қимақ» деп бұрмалау екенін аңғару қиын емес: قظق – қазақ, قمق – қимақ (көне қолжазбада «з» әрпінің жоғарғы жағы көрінбей қалғанын пайдаланып, оны «м» етіп көрсеткен).
Өте иманды мұсылман болған Шараф ад-Даула (Әбу Шуджа Арысұлан хан) қазіргі Қазақстан аймағын («страна тюрков») Арысұлан тегің (арслан тегин) деген бауырына, Шымкент (испиджаб) пен Тараз аймағын бауыры Богра ханға, Ферғана аймағын әкесінің бауыры Тоға ханға (туга хан), Бұхара мен Самарханд аймақтарын Ибн Әли тегіңге таратып беріпті. Өз билігінде Қашқар аймағы мен Таласағын (Баласағұн) аймағын ғана қалдырған. Қашқар аймағы қазіргі Қырғызстан, Шыңжан, Алматы, Талдықорған жерлерін, ал Таласағын (Баласағун) қазіргі Шу, Мойынқұм, Талас, Созақ аудандары аумағын қамтыған дегеніміз орынды. Анығында, ол мемлекеттің ең қауіпті аймақтарын өз жауапкершілігіне алған. Өйткені, Қашқар мен Таласағын (Баласағұн) аймақтары шығыстағы дінсіз түркілер (қазақ пен татар) мекендеген Шың (Син) елімен шекаралас болған.
Сонымен Шаттық Қазақ хан әулеті билеген ортаазиялық империя – Түргеш қағанатынан бері тұтастығын сақтаған. Ислам діні келген VІІІ ғасырдан бастап Қазақ хандығы деп аталған және соңғы ханы Арысұлан заманында – ХІІ ғасырда ыдыраған. Оны жойған – қазіргі Маңғолия аймағынан келген дінсіз қазақтар, яғни мұсылман қазақ елін шығыстан келген кәпір қазақтар жаулап алған.
Енді сол «мұсылман емес» қазақтар туралы зерделесек, «В этом году (1046 г) из области Тибет вышло бессчетное множество тюрков. Они обратились к Арслан-хану, владетелю Баласагуна, благодаря его за хорошее отношение к подданным. От них не было противодействия его государству, однако же они остановились здесь. И он послал к ним и призвал их принять ислам, и они не согласились, но и не бежали от него, ...находились на службе ханства владетелей Туркестана. Арслан-хан Мухаммад ибн Сулайман заставил переселиться свыше 16 тысяч кибиток. Их кочевье — у проходов, которые отделяют его от Сина. Они препятствовали любому из царей проникнуть в его страну, за это им следовали награды и наделы. Случилось, что он рассердился на них в один из годов и отлучил их от жен, чтобы они не размножались. Для них это была тяжело, они неотступно добивались этого, но пребывали в нерешительности. Случилось, что мимо них следовал большой караван с многочисленным богатством и драгоценной утварью. Они его захватили, привели купцов и сказали им: «Если хотите свое имущество, укажите нам область, обильную пастбищами, широкую, чтобы вместила нас и вместила наш скот». Мысли купцов сошлись на области Баласагун, и они им описали ее. Те вернули их имущество, взяли надсмотрщиков, которые были при них, чтобы удержать их от жен, и связали их, забрали своих жен и отправились в Баласагун.... Арслан-хан делал набеги на них и много раз вел с ними джихад, и они его очень боялись».
Тибеттен келген сансыз түркілерді Баласағұн билеушісі Арысұлан хан Ислам дініне шақырған екен. Олар келіспегенімен ел аймағынан кетпей, орындарында отырған. Арысұлан хан олардан 16 мың үйді Шың (Син) елімен байланыстыратын тау шатқалына көшірген, олар шекара күзетшісі қызметін атқарған екен. Осы жердегі атау Тибет емес Тарбағатай болуы мүмкін, арабша қолжазбадағы осы атауды әдейі «Тибет» деп бұрмалаған тәрізді: تربغتئ – тарбағатай, توبعتئ - тубәат. Тарбағатай тауы Қазақстанның шығысында орналасқан және негізгі бөлігі қазіргі Қытайдың батыс-солтүстік аймағында жатыр. Ол – қазіргі Маңғолия аймағына көрші өлке (Чугучак пен Қарамай қалалары орналасқан өлке). Осы жерде Қазақстан мен Қытайды ертеден байланыстырып келе жатқан Бахты-Чугучак тасжолы бар. Чугучак аймағы ертеде «Тарбағатай» деп аталғаны көрестілген. Таласағын аймағын (Баласағұн) билеген Шараф ад-Даул ханның бір есімі – Арысұлан, алайда түркілердің одан қашып Баласағұнға (Таласағын) барып тығылуы ақылға симайды. Соған қарағанда, әңгіме басқа Арысұлан ханмен байланысты тәрізді. Шараф ад-Даул қазіргі Қазақстан даласын («страна тюрков») бауыры Арысұлан тегиңге бергенін жаздық. Ол аймаққа Семей-Аягөз-Балқаш аймақтары да кіргені түсінікті. Ал Тарбағатай сол аймаққа көрші және онда Қытаймен жалғастыратын тау арасындағы жол да барын айттық. Ибн әл Асир осы түркілерді «тюрки-китаи» деп деректеген. Ал «хитаи» атауы арабшасында «хазақ» екенін айттық (حظاق – хазақ, حطاى – хатаи), шындықты жасыру үшін орыс ғалымдары оны «китаи» деп бұрмалаған.
Сонымен Тарбағатай тауынан түскен сансыз халық – дінсіз қазақтар, олар қыпшақ тайпасы сияқты. Өйткені, қазіргі Маңғолияда VІІІ ғасырда Үйқыр қағанаты болған (үйқыр – қырғы елі деген мағынада, яғни қырғы тайпасы басым болған). Артынан ол елдің билігін Қыпшақ елі иеленгенін Селенгі тасындағы таңбалар растайды (Қыпшақ елі жайлы келесі мақалалалардың бірінде толық айтармыз Құдай қаласа). Ондағы биліктен шеттетілген қырғы тайпасының бір тобы ІХ ғасыр ортасында (840 ж) қазіргі Үрімші аймағына кетіп, отырықшы үз-үйсүндермен араласып, «үйқыр» атауымен халық қалыптастырып бастаған (ұйғыр). Сол қыпшақтар билік алған Үйқыр қағанаты ІХ ғасырдың соңында біржолата жойылды делінеді. Үйқыр қағанатын орнатқан Ұлы Бөрі хан екенін, ал Селенгі тасындағы жазба қыпшақтарды Ел Бөрі руы билегенін көрсететінін алдыңғы мақалаларда айтқанбыз. Яғни, Үйқыр қағанатын Асылұяның шивей-шибөраш династиясы билеген.
Ал Х-ХІ ғасырларда қазіргі Қытайдың батыс-солтүстігінде аса қуатты Ся (Асұя) мемлекеті пайда болғаны Қытай тарихында қамтылған. Ол мемлекет Қытай империясынан кәзіргі Ганьсу провинциясы мен Нэньси-Хуэй автономиялық округін тартып алғаны көрсетілген. Яғни, ол мемлекет әуелде кәзіргі Маңғолия шекарасына жақын өлкеде пайда болған (Баян Нұр қаласы орналасқан өлке). Ибн әл Асир ХІ ғасырда түркілердің Ислам дінін қабылдамағандары Син (Шың) аймағында екенін және олардың татар мен қазақ (хитаи) деп аталатынын жазғанын жоғарыда көрсеттік. Асұя (Ся) мемлекетін орнатқан сол татар елі деп білеміз, Ибн әл Асир дерегі Татар ханы Асылұяның Түркі Ашина (төргі асұяшы) династиясынан екенін байқатады. Қыпшақ елі билеген Үйқыр қағанатын жойған сол Асұя (Ся) мемлекеті деген жөн, яғни, Шивей-шибөраштар мемлекетін Түркі ашиналар (төргі асұяшы) жоқ еткен. Ся (асұя) аса қуатты мемлекет болды және Қытай империясы мен Манжур журжэндері оған тәуелді еді. Жеңілген қыпшақтар Х ғасырда Тарбағатай тауына барып орныққан, ал мемлекеттің солтүстігінде қалған қырғы тайпасы Байкалға кетіп, кейін – ХV ғасырда қырғыз ұлтын қалыптастырған (Сібірге барғаны ондағы мұсылман қазақтармен араласып, башқыр деген мұсылман ұлты болып қалыптасты).
Ал ХІІ ғасырда манжур журжэндері күшейіп Асұя (Ся) мемлекетін ыдыратып, қуатты Цзинь (Шың) империясын құрды. Яғни, Асылұялық шивей-шибөраш тобы сол заманда қайта күш алып, Асылұялық түркі ашина тобы билеген Ся (асұя) мемлекетін жоқ етті. Манжур журжэндерден жеңілген Асұя (Ся) елінің түркі-татарлары Тарбағатай тауына орнығып, ондағы қыпшақтарды қазіргі Қазақстанға көшуге мәжбүр еткен. Ол аймақтағы найман тайпасы татарлармен тіл табысып өз жерінде қалған тәрізді (найман тайпасы ертеден Тюрки ашина династиясы билігінде болғанын алдыңғы мақалада айтқанбыз, ал қыпшақ билеушілері (ел бөрі) шивей-шибөраш екенін көрсеттік).
Демек, татарлар ығыстырған дінсіз қазақтар (қыпшақ елі) Тарбағатай тауынан түсіп, қазіргі Аягөз аймағына келген және ел билеушісі Арысұлан ханнан орнығуға рұқсат сұраған. Олар ислам дінін қабылдамаған, Арысұлан олардың бір тобын Шың елімен (Син елі) байланыстыратын тау арасындағы жол бойына орналастырған (Бахты бекеті). Артынша Арысұлан хан олардың көбеймеуі үшін әйелдерін бөлектеп тастаған екен, оған шыдамаған дінсіз қазақтар (қыпшақтар) бір керуеншілер арқылы өздеріне қолайлы болатын Таласағын (Баласағұн) аймағын анықтап, бала-шағаларын алып сонда қашып барыпты (шамасы, Мойынқұмының Созаққа жақын аймағы тәрізді, өйткені қыпшақ тайпасының үлкен тобы Созақ пен Түркістан аймақтарында отыр). Таласағын (Баласағұн) аймағы Шараф ад-Даул хан билігінде, оның да бір есімі Арысұлан екенін ескерттік. Өз билігіндегі Таласағынға (қалың құмға) тасаланған дінсіз қазақтарға (қыпшақтарға) талай жорық жасағаны, олардың ханнан қатты қорыққаны көрсетілген (Тарбағатай мен Аягөзден біз айтып отырған Таласағын (Баласағұн) аса алыс емес). Сол XI ғасыр басында шығыстан келгендерді «қыпшақ елі» деп көрсеткен деректер бар, алайда XIII ғасырда барша жазбалар деректерін өзара салыстыра отырып зерттеген, осылайша мұсылман елдерінің ортақ тарихын жазған Ибн әл Асир оларды «хазақ» (хитаи) деп көрсетіпті. Ибн әл Асир өмір сүрген XIII ғасырда «қыпшақ елі» қазақ халқына сіңіп, көп тайпаның біріне айналып қойғаны түсінікті, сол себептен оларды да «қазақ» (хитаи) деп көрсеткен деу орынды.
Сонау VІІІ ғасырдан бастап мұсылмандыққа өткен, соңы ХІ ғасырдың басында Ислам дінін қабылдаған қазақ елін және мұсылман қазақ хандары билеген мемлекетін ХІІ ғасырдың басында кәпір түркілер басып алды. Ол кәпірлер де қазақ екенін аңғарамыз деректерден. Олардың қазіргі Маңғолия аймағынан келген дінсіз қазақтар екенін Ибн әл Асир анық жазады. Сол оқиғаларды оқи кетсек: «В 522 (1128) г., Кривой, а это Кур-хан ас-Сини, достиг границ Кашгара с большим числом, какое знает только Аллах. Против него вооружился владетель Кашгара. Он собрал свои войска и вышел к нему. Они встретились, сразились, и Кривой Гурхан, был разбит, и много его сторонников было убито. Затем он умер, и его место занял Гурхан. «Ку» – на хитайском языке — прозвище величайшего из их царей, а «хан» – прозвище тюркских царей, так что это значит: «величайший из царей». Он был манихеем. Когда он вышел из Сина в Туркестан, к нему присоединились тюрки- хитаи. Они прежде него вышли из Сина ... и отправились в Баласагун... Так у них долго продолжалось, и, когда вышел Гурхан, они также присоединились к нему, их положение возвеличилось, а полчище удвоилось. Они завладели страной Туркестан... Каждый из царей, кто подчинился им, прикреплял на своей груди подобие серебряной дощечки: таков знак того, кто им подчиняется».
Жоғарыда Манжур журжэндердің ХІІ ғасырдың (1115-1234 ж.ж) басында Цзинь империясын орнатқанын айттық. Кур хан Ас Сини сол маңжүр империясы билеушісі, мұндағы «Ас» сөзі Асылұя династиясын білдіреді. Ал «Син» дұрысында «Шың» дедік. «Кур» деген хитай тілінде «аса ұлы» деген мағына беретінін айтады. Жоғарыда «хитай» атауы дұрысында «хазақ» екенін көрсеттік. «Кур» – «Куз», дәлірек айтсақ «Құз» деген қазақы атау. Қазақ тілінде аса биік шың – «құз» деп аталады. Сонда «Кур хан ас-Сини» деген «Құз хан Ас Шың» болып шығады. Арабша жазылуында «Кур» мен «Куз» айырмасы «з» үстіндегі ноқатта ғана: قوز – құз, قور – қур. Осы қысқаша атаудың өзі түркі-хитаи дегендер қазақ екенін керемет дәлелдеп тұр, оларды дені сау адам қидан дей алмас.
Ресей ғалымдары қазақ сөздерін зерттемеген, білмеген дегенге сенбеймін. Олар қазақтың ертеден бар халық екенін шамалары келгенше жасырумен болған және әлі де сол саясатты жалғастыруда. Алайда, оны түсінер қазақ тарихшысы көрінбейді. Цзинь империясы атауы қытайша бұрмаланған «Шың» дегеніміз орынды. Шыңғысхан әулеті мен Манжур журжэндері ертеде Журжан (жужан) қағанатын билеген Шивей ұрпақтары екенін, «маңжүр» - маңғы тайпасы мен жүржан тобы атауларынан қалыптасқанын айтып өттік. Ал Ибн әл Асир ХІІІ ғасырда оларды қазақ (хитаи) дейді. Демек, Манжур журжандары ХІІ ғасырда өздерін қазақ халқынан деп таныған. Құз хан Шың (Цзинь) империясы билеушісі, яғни, маңғы (манжур) қазағы. Ибн әл Асир оны «манхи» деп көрсеткен, осы сөз «манихеи» деп орысшаланған тәрізді. Арапша жазылуы: مانحى - манхи. Ресейдің миссионерлік саясаты түркілерді шохындыруға барынша тырысты, Үйқыр қағанаты заманынан Маңғолиядағы кей түркілік тайпалар манихей-християн болған деген жалған тұжырым орнықтырды. Анығында солай болғанын дәлелдейтін нақты бірде дәлел жоқ. «Наймандар манихей-християн болған» деген өтіріктері қазақты шохындыруға қолданған айлаларының бірі.
Кешегі ХVІІ ғасырда Қазақ хандығын жаулауға жіберілген Цин империясының Манжур қолбасшысы: «Бұл бізге туыс халық екен» деп басып алудан бас тартқанын қазіргі Қытай қазақтары айтып жүр (бұл шынымен болған оқиға деп білемін). «Құз хан Ас Шың» лауазым-есіміндегі «Ас Шың» атауы «ШыңАсХан» (Шыңғысхан) есімінде де бары бекер емес. Құз ханнның өзіне бағынған патшалардың кеуделеріне күміс тақташа тағу дәстүрін Шыңғысхан да ұстанғаны белгілі факт. Яғни, Құз хан – Асылұяның Шибөраш династиясынан, ал ол жаулап алған мұсылман Қазақ хандығын Төргі Асұяшы (тюрки ашина) династиясы билеп келгенін жоғарыда дәлелдедік. Әуелде 1128 жылы Қашқар аймағына барған Құз хан жеңіліске ұшыраған екен. Ол өлген соң орнын басқан келесі Құз ханның жорығы айтылып отыр осы деректерде. Тарбағатайдан ХI ғасырда келіп, Таласағын (Баласағұн) аймағына орныққан дінсіз қазақтар да (қыпшақ тайпасы) Құз хан Ас-Шың әскеріне қосылып, мұсылман Қазақ хандығын жаулауға ат салысыпты. Ибн әл Асир «саны аса көп» деп көрсеткен қыпшақ тайпасының үлкен тобы сол ХІІ ғасырда Торғай даласына орныққан деп тұжырымдағанымыз жөн. Таласағын аймағына (Баласағун) ХІ ғасырда келіп орныққан дінсіз «хитаи» мен Құз хан елі (тюрки-хитаи) бір халық, олар қазақ халқының Шың аймағындағы (Син) мұсылман емес бөлігі. Құз хан әскеріне мұсылман қазақтардың (тюрки карлуки) қосылып кетуі де сөзімізге куә (Шыңғысхан билігінде мұсылман қазақ елі бірден мойындаған, қазақ халқы Асылұя династиясының жеңіске жетіп билік алған кез келген ханына сөзсіз бағыну дәстүрін ұстанған (ханның қай дінде екеніне қарамаған)).
Енді Ибн әл Асирдің ары қарай не жазғанын қарайық: «Затем они отправились к стране Мавераннахр. Они сразились, и хакан Махмуд ибн Мухаммад был разбит и вернулся в Самарканд. Хакан Махмуд послал к султану Санджару, прося у него поддержки... Махмуд ибн Мухаммад-хан пожаловался ему на тюрков-карлуков, и Санджар напал на них. Те прибегли под защиту Гурхана и тех из неверных, кто с ним. Санджар остановился в Самарканде. Гурхан написал ему письмо, которое заключало ходатайство за тюрков-карлуков и требование простить их.... Они сразились 5 сафара 536 г. (1141 г.). Тюрки-карлуки, которые бежали от султана Санджара, были сильнейшими из людей в бою. Султан Санджар ушел разбитым... Государство хитаев и тюрков-неверных утвердилось в Мавераннахре. Гурхан прожил до раджаба 537 г (1143 г), в котором он умер. После него царствовала одна из его дочерей, но ее период был недолгим, так как она умерла. После нее царствовала ее мать, жена Гурхана, и его сын Мухаммад... В этом году, зу-л-хиджже (1156 г) тюрки-карлуки убили Тамгадж-хана в Мавераннахре и обвинили его в дурных поступках, «и отнесли его по родословию к худым вещам». Хан ханов ас-Сини, царь хитаев, поручил управление Самаркандом и Бухарой ильхану Джагры-хану, сыну Хасан-тегина, и сделал его сборщиком податей у них. Он из царского рода древнего происхождения и проживал в Самарканде, руководя там его делами. В настоящее же время царь хитаев послал ему выселить карлукских тюрков из областей Бухары и Самарканда в Кашгар, чтобы они перестали носить оружие и занялись земледелием и другими делами. Джагры-хан отдал им приказание об этом, но они отказались... Тюрки-карлуки заметили это только тогда, когда Джагры-хан внезапно настиг их со своими отрядами и войсками и обратил против них меч. Они бежали и рассеялись, многих из них перебили и ограбили. Одна часть из них укрылась в ямах и зарослях, но затем соратники Джагры-хана их поймали и истребили до последнего».
Құз хан Ас-Шың қазіргі Қазақстан аумағынан соң, Орта Азияны толық жаулап алыпты (тек қазіргі Түркіменстан аумағы Төргі Асылжік (тюрки селджук) династиясынан болған Санжар сұлтан билігінде қалған). Санжар сұлтан өз династиясынан болған мұсылман қазақ хандарын қолдаған, яғни кәзіргі Қазақстан мен Орта Азияны билеп келген Шаттық Қазақ хан ұрпақтарына көмектескен. Алайда, сол хандардың әскерлері – мұсылман қазақтар («карлук» қазақ екенін көрсеттік) Құз хан жағына шыққан. Демек, карлук-қазақтар мен хитай-қазақтар бір ұлт болғандықтан, тез тіл табысқан. Осы деректің өзі орысша аудармадағы«карлук», «хитай» дегендер шынында қазақтар екенін анық аңғартады (Осы екі атаудың арапша жазылуларын өзбек, қырғыз немесе ұйғыр атауларымен байланыстыру еш мүмкін емес, ал «қазақ» атауымен ұқсас жазылатыны даусыз). Сонымен кәзіргі Қазақстан мен Орта Азия аймағы Шың (Цзинь) империясы құрамына енген. Ол империя құрамында кәзіргі Манжурия, Маңғолия (ішкі Маңғолиямен қоса), Шыңжан аймақтары және Солтүстік Қытай болғаны белгілі. Әр аймақтың өз ханы болғанын, олардың барлығын Құз хан Ас Шың тағайындағанын көреміз (федерациялық империя болған). Осы шындық, Ас Шың деген алып империя Шыңғысханға дейінде болғанын, ал Шыңғысхан сол империяны қалпына келтіріп ұлғайтқан тұлға екенін көрсетеді. Оның Теміршың деген өз есімін Шыңасхан (Шыңғысхан) деп өзгертуі, өзіне дейінгі империя билеушісі лауазымы Құз хан Ас Шың болуымен тығыз байланысты деген жөн.
Мауренахр билеушісі (Бұхара мен Самарханд) Тамхадж ханды мұсылман қазақтар (карлук) өлтіріп, оның династиясын жазғырып-жамандағаны жазылған тарихи құжатта. Құз хан оның орнына қойған адам да ежелгі хандар династиясынан екен (төргі асұяшы). Қазақта «Ханның басын хан алар» деген тәмсіл ертеден бар, қарапайым қазақтың хан тұқымын өлтіруге құқы болмаған. Оны істеген адам үрім-бұтағымен өлтірілген, тіпті руын қырып салатын болған. Ол адам Құз хан династиясына (шибөраш) бақталас династиядан (төргі асұяшы) болғандықтан өлтіргендер жазаланбағанын, алайда оларға қару ұстауға тыйым салынып, Қашқар аймағына жер аударуға бұйрық берілгенін көреміз. Оған көнбегендіктен оларды түгелдей қырып салғаны баяндалған (жауы болса да хан тұқымын өлтіру жазасыз қалмайтыны өзгеге сабақ болсын дегені). Осылайша мұсылман қазақ еліне, мұсылман қазақ хандары билеген қазіргі Қазақстан мен Өзбекстан аумақтарына дінсіз қазақтар ие болғанын Ибн әл Асир қамтиды. Құз хан өлген соң орнына қызы, содан кейін әйелі, содан кейін Мұхаммед есімді ұлы отырыпты. Мұхаммед есімі оның мұсылман екенін айғақтайды. Демек, көп ұзамай қалың мұсылман қазақтың ықпалымен жаңа келген дінсіз қазақтар да мұсылмандықты қабылдай бастаған. Құз ханның әскері негізінен қоңырат тайпасы екені, одан басқа маңғы, арғын, керей, уақ, барлас тайпалары да болғаны байқалады. Балқаштың солтүстігінен бастап Қарақалпақстанға дейінгі аймақтарда кездесетін «Қоңырат» атаулы жерлер сол заманнан қалуы мүмкін. Өзбек, қарақалпақ, қырғыз ұлттарындағы және оңтүстік қазақтары құрамындағы қоңырат, қыпшақ, арғын, керей, уақ рулары сол Құз хан жорығы заманында келгендер деп білеміз. Кәзіргі Манкент деген елді мекен атауы сол заманда келген маңғы руларынан қалған естелік болар.
Ал Санжар сұлтанның жеңіліске ұшырауы қазіргі Түркіменстан аймағын билеген Түркі Селджук (төргі асұяшы) династиясы орнына Хорезмшах династиясы келуіне ықпал етті. Ибн әл Асир деректерінде Хорезмшахтың арғы атасы Түркі Селджук сұлтанының құлы болғаны, кейін оның бір ұрпағы Хорезм қаласының басшысы болып тағайындалып күшейгені, сосын Құз ханмен соғыста әлсіреген Түркі Селджуктерден қазіргі Түркіменстан аумағы билігін тартып алғаны жазылған (Түркі Селджуктер өз билігін қазіргі Түркия мен Закавказьеде жалғастырған).
Одан кейінгі оқиғалар былай өрбиді: «В этом году (1207г) Ала ад-Дин Мухаммад, сын хорезмшаха, переправился за реку Джейхун для войны с хитаями. Причина этого в том, что хитаи уже давно жили в стране Туркестан и в Мавераннахре и тяжело попирали их народы. У них в каждом городе наместник, который доставляет им деньги, а они проживают в кибитках по своему обычаю... Когда хорасанские дела утвердились в пользу хорезмшаха Мухаммада, он переправился за реку Джейхун.... Они и хитаи сошлись друг с другом в 606 (1209-10) г. Между ними произошли битвы, подобных которым по силе и стойкости не было, и хитаи потерпели страшное поражение... Затем хорезмшах направился в страну Мавераннахр и занял в ней каждый город и каждый край вплоть до Узгенда и поставил в них своих наместников. Когда хорезмшах сделал с хитаями то, о чем мы рассказали, уцелевшие из них ушли к своему царю, который в войне не участвовал, и собрались у него... Большое племя татар в древности вышло из своей страны у границ Сина и поселилось в тылу страны Туркестан. Между ними и хитаями была вражда и войны. Когда они услыхали о том, что сделал хорезмшах с хитаями, они напали на них со своим царем Кушлу-ханом. Хитайский царь, увидев это, послал к хорезмшаху, говоря ему: «Что касается того, что ты захватывал нашу страну и избивал наших людей, то этому — прощение. Но к нам пришел враг, которому мы не можем противостоять. Ведь если они победят нас и завладеют нами, никто не отразит их от тебя. Полезно, если ты отправишься к нам со своими войсками и поможешь нам воевать с ними. А мы клянемся тебе, что, когда победим их, не станем оспаривать того, что ты захватил в стране, и удовлетворимся тем, что в наших руках». И Кушлу- хан, царь татар, послал к нему, говоря: «Те хитаи твои враги, враги твоих отцов и наши враги. Помоги нам против них, и мы клянемся, что, когда одолеем их, не приблизимся к твоей стране и удовлетворимся теми местами, в которых селились они». Он ответил каждому из них: «Я с тобою и помощник тебе против твоего соперника» — и выступил со своими войсками, так что стал лагерем поблизости от того места, где они выстроились друг против друга, но присоединился к ним, чтобы не дать понять, с кем из них он заодно, и каждый лагерь думал, что он вместе с ним. Между хитаями и татарами произошла битва, и хитаи потерпели великое поражение. Тогда хорезмшах напал и принялся убивать, брать в плен и грабить и никому из них не оставлял возможности спастись. Уцелел лишь незначительный отряд вместе с их царем, а одной из тюркских окраин, в одном месте, которое окружают горы и путь к которому только с одной стороны, в нем они и укрепились. А один их отряд пристал к хорезмшаху и пошел с его войском. Хорезмшах послал к Кушлу-хану, царю татар, извещая его, что явился к нему на помощь и если бы не он, тот не одолел бы хитаев. И Кушлу-хан некоторое время признавал это. Затем он послал к нему требование о разделе страны хитаев, говоря ему: «Поскольку мы объединились, чтобы погубить их, нам следует поделить их страну». Тот сказал: «У меня для тебя нет ничего, кроме меча, а вы храбростью не сильней хитаев и не славней царством, будь доволен и помалкивай, иначе я отправлюсь к тебе и поступлю с тобой похуже, чем поступил с хитаями». Он снарядился и начал передвигаться, пока не стал лагерем поблизости от них, и хорезмшах понял, что нет у него силы противостоять тому, и стал уклоняться от него. Но когда тот передвигался в какое-нибудь место, хорезмшах устремлялся на его народ и обозы и грабил их. И когда он слышал, что какое-нибудь племя снялось со своего стойбища, он направлялся к нему и нападал на них. Кушлу-хан послал сказать ему: «Так не делают цари, так делают разбойники. Если ты султан, как говоришь, нам следует встретиться: или ты разобьешь меня и завладеешь страной, которая в моих руках, или я сделаю это с тобой». Но хорезмшах был с ним груб и не ответил на то, чего тот добивался, однако приказал жителям Шаша, Ферганы, Исфиджаба, Касана и других городов вокруг них — более здоровых и более процветающих в этом мире не было — выселиться из них и присоединиться к мусульманским областям; затем он их все разрушил из страха, что татары завладеют ими... Потом на Кушлу-хана, первых татар, обрушилось нашествие других татар, которые опустошили мир и царь которых — Чингисхан Темучин. Они отвлекли Кушлу-хана от хорезмшаха, тот получил передышку и переправился за реку в Хорасан».
Құз хан жаулап алғаннан кейін Орта Азияны дінсіз қазақтар билеп-төстеген, яғни, қазақ даласын солар билегені, сондықтан қазақ мұсылмандығына шірік амалдар араласқаны түсінікті (талға шүберек байлап сиыну, тәуіп-бақсыға жүгіну, молаға түнеп бала сұрау тәрізді мұсылманға тән емес шірік амалдар). Орта Азияның әр қаласына билеуші болып тағайындалған қазақ хандары қалада сенімді салық жинайтын адамын қалдырып, өзі сол қала маңындағы киіз үйде өмір сүргені хатталыпты. Құз хан заманынан 60 жылдан кейін, ХІІІ ғасырдың басында (1209ж-1210ж) Хорезмшах пен қазақ (хитаи) әскері Орта Азияда соғысып, Хорезмшах жеңіске жетеді. Соғысқа Құз хан қатыспағаны көрсетілген, шамасы ол империя орталығы кәзіргі Манжурияда немесе Солтүстік Қытайда отырған болуы мүмкін. Хорезмшах Узгенд қаласына дейінгі аймақты өз иелігіне енгізеді. Құз хан әскерінің Хорезмшахтан жеңілгенін естіген татар билеушісі Кушлы хан Шың империясына (Цзинь) шабуыл жасайды (шамасы 1212 жыл болар).
Жоғарыда қазіргі Қытайдың батыс-солтүстігінде (Маңғолияға көрші аймақ) Х-ХІ ғасырларда татарлардың Асұя (Ся) деген қуатты мемлекеті болғанын, оны жойған Манжур жүржэн қазақтары (Цзинь мемлекеті) екенін, яғни Құз хан екенін, жеңілген татарлар ХІ ғасырда Тарбағатай тауына орнығып, ондағы дінсіз қазақтарды (қыпшақ елі) мұсылман Қазақ хандығына кетуге мәжбүр еткенін айттық. Ал қазіргі Маңғолия Құз хан Ас Шың империясы (Цзинь) құрамында саналған, онда билікте Бөріжігің руы отырды, яғни, шивей-шибөраш Шыңғысханның ата-бабалары билеген және оның әкесі мен татар ханының жаулығы да белгілі. Шыңғысхан тарихында найман мен меркіт тайпалары татарлармен одақтас екені, Кушлы хан найман билеушісі деп көрсетілетіні белгілі, ал найман ертеден Тарбағатайда отырған қазақ тайпасы. Осы деректер, мемлекеті (Ся-Асұя) жойылған татарлардың XI ғасырда Тарбағатай тауына барып орныққанын көрсетеді. Ибн әл Асирдің: «Татарлардың үлкен бөлігі ертеде Сина еліне көрші жатқан өз елін тастап, Түркістан жұртының ту сыртына орныққан болатын» деген дерегі біздің тұжырымның дұрыстығын байқатады. Маңжүр қазақ ханы Ас Шың (Ас-Син) татарларға қарсы Хорезмшахтан көмек сұрапты, Татар ханы да Хорезмшахты өз жақтасы етуге ұмтылған. Оның: «Ол қазақтар (хитаи) сенің ата-бабаңның жауы және біздің де жауымыз» деген сөздері Хорезмшах пен татар ханының Төргі Асұяшы (тюрки ашина) династиясынан екенін аңғартады. Ал Құз хан әулеті жужандық Асылұя Шивей-шибөраш династиясынанекенін айтып өттік (Шыңғысханда сол династиядан). Хорезмшах әулетінің әуелден Түркі Селджук (төргі асұяшы) династиясы қамқорлығында болғаны, кейін солардың орнын басып билік алғаны да соны растай түседі. Міне, еуразиялық барша халықтардың тарихы осы Асылұялық екі династияның өзара бақталастығымен тығыз байланыста өрбіген. Хорезмшах қулық жасап қазақ пен татардың қайсысы жеңерін күткен, сосын жеңілген қазақ әскерін талқандауға ат салысыпты. Осылайша Хорезмшах пен татар ханы әскерлері Қазақ ханы әскерін толық жойып, қазақ елін басып алған. Шың (Цзинь) империясы кәзіргі Қазақстан мен Орта Азиядан айрылып әлсіреді, ол тек Манжурия мен Солтүстік Қытайда ғана сақталып қалғанға ұқсайды (1234 жылға дейін). Ал кәзіргі Маңғолиядағы шивей-шибөраш ханы Шыңғысханның күшейгенін, өз аймағына түркі ашиналық Татар ханын жолатпағанын көреміз. Көп ұзамай оның шивей-шибөраштық Құз хан үшін Татар ханынан есе қайтарғанын, Құз хан Ас Шың орнатқан алып империяны қалпына келтіргенін, тіпті оның құрамына бүкіл Қытайды және Таяу Шығыс пен Шығыс Европаның көп аймағында кіргізгенін барша әлем көретін болады.
Татар ханы әскері татар тайпасы екені түсінікті, олардың әскерінде қазақтың найман, меркі (меркіт), тама, жағалбайлы руларыда болған тәрізді. Кәзіргі дулат тайпасына кірме саналатын бестерек руы «татар» депте танылады, олар сол келген татарлар ұрпағы болар. Ал тама мен жағалбайлы тайпалары батыс аймақта отырғаны белгілі, олардың оңтүстікте Сарысуда отырғандары Татар ханы әскерімен сол заманда шығыстан келгендер болуы мүмкін. Кәзіргі қырғыз, қарақалпақ, өзбектердегі наймандар сол заманда Орта Азияға орныққандардың ұрпақтары екені түсінікті. Ал Меркі қаласы сол келген меркі (меркіт) тайпасынан қалған белгі болар.
Татар ханы Хорезмшахқа қазақ елін өзара бөлісіп алуға ұсыныс жасағаны, Хорезмшах оған келіспей татар ханымен соғысуға бел байлағаны қамтылған жазбада. Алайда, оған шамасы келмейтінін түсінген Хорезмшах ашық соғысқа бармаған, ол татарлардың ту сыртынан шабуылдап, әлсіретумен болған. Сол себептен татар ханы оны «Хан емес, қарақшы екенсің, хандар олай жасамайды» деп жазғырғанын көреміз. Ташкент (Шаш), Шымкент (Исфиджаб), Тараз, Құлан, Таласағын (Баласағун) тәрізді көптеген қалаларды талқандап қиратқан Хорезмшах екенін Ибн әл Асир көрсетеді. Уақыт өте келе Татар ханына Шың (Син) елінен шыққан, яғни, қазіргі Маңғолиядан Шыңғысхан шабуылдағаны айтылған. Яғни, Асылұялық екі династияның (шивей-шибөраш пен түркі ашина) өзара бақталастығы ары қарай жалғасады. Татар ханы басымен қайғы болып жатқанын пайдаланған Хорезмшах аз уақытқа тыныштық тапқан. Келесі мақаламыз сол Шығысхан мен Хорезмшах арасындағы оқиғалар жайында болады.
Осы жерде айта кетерлігі, Ибн әл Асирдің VІІ ғасырдан бастап ХІІІ ғасырдың ортасына дейінгі (өз уақытына дейінгі) мұсылман елдеріндегі елеулі оқиғалардың барлығын түгел қамтуға тырысқаны және оның деректері сенімді екені әлем ғалымдары тарапынан мойындалған. Ол осы еңбегіне сол замандағы баршаға белгілі араб-парсы жазбалары деректерін қолданған, бір оқиға жайлы қарама-қайшы дерек болса, екеуін қатар көрсеткен. Ибн әл Асир ХІІІ ғасырда өмір сүрді. Демек, оның Қашқари, Ибн Фадлан жазбалары мен Истахри жазбасының парсылық нұсқасын білмеуі мүмкін емес. Алайда, тарихшының еңбектерінде олар жайында бір ауыз сөз айтылмаған, оларда бар деректерге ұқсас мәліметтер келтірілмеген. Керісінше, сол үш жазбада және «Маңғолдың құпия шежіресінде» жоқ – қазақ халқының сонау Маңғолиядан Орта Азияға дейін жайылған алып халық екенін көрсетеді. Осы фактінің өзі Қашқари, Ибн Фадлан жазбалары мен Истахри жазбасының парсылық нұсқасы және «Маңғолдың құпия шежіресі» дегендерқазақтың шын тарихын жасыру үшін дайындалған Ресей ғалымдарының жалған дүниелері екенін анық дәлелдейді.
Бекжан Әденұлы