Жам Эль-Нессим – Батыс желінің жұпары...

Жаңалықтар
2887

Египетте көптен күтілетін және сұлулық пен жылулыққа толы мерекелердің бірі - Жам Эль-Нессим (Sham El-nessim). Оны қазақ тіліне «батыс желінің жұпары» немесе «гүлдер жұпары» деп аударуға болады. Бұл - Көктем мерекесі. Сонымен қатар Египетте ауылшаруашылық жұмыстарының бастауы да дәл осы күн болып есептеледі. Жам Эль-Несим Египеттің кез келген бөлігінде копт православиелік Пасхадан кейінгі бірінші дүйсенбіде атап өтіледі. "Мәдениет порталы" аталмыш мерекенің шығу тарихына тоқталып, аз-кем сөз өрбітіп көрді. Мархаббат!

Мерекенің тарихы Көне Египеттен, шамамен б. д. б 2700 жылдан бастау алады. Плутархтың жазбаларына сәйкес, біздің дәуіріміздің І ғасырында мысырлықтар бұл мерекеде құдайларына сыйлық ретінде тұздалған балық, салат және пияз әкелетін болған. Христиандықтың таралуымен Көктем мерекесі Пасхамен біріктірілді. Ислам Мысырға ене бастаған кезде Жам Эль-Нессим Пасхадан кейінгі дүйсенбіге көшті. Бірнеше жүз жылдықтан бері бұл мереке дәл осы күні атап өтіледі. 

Жам Эль-Нессимде мысырлықтар көк пияз және бұршақтармен безендірілген, тұздалған балықтан тұратын «Фесих» тағамын айындайды. Балық алдын-ала тұздалады және бірнеше ай бойы маринадталауы тиіс. Мұндай тағамды пісіру нағыз өнер ме дерсіз. Оның құпиялары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Тамақты жасаудағы қателік улануға әкелуі мүмкін, өз кезегінде дәл осы күні Египеттің көп көшелерінде өздері әзірлеген тамақтарынан уланған адамдар емханаларға күліп бара жатады. 

Көк пияздың да ерекше символдық мәні бар. Бұрын бұл өсімдік зұлым рухтарды қуады деп сенген. Сондай-ақ, аңызға сәйкес, оның көмегімен мысырлықтар жақсы көретін перғауындарының бірі сауықпас дертінен емделген деседі.

Тұздалған балықтардан басқа, боялған жұмыртқалар мен өсімдік тағамдарының барлық түрлері: қызанақ, қияр, шөп-шаламдар да дастархан мәзірінде бар. Мысырдағы Жам Эль-Нессимдегі түрлі-түсті жұмыртқалар Пасха жұмыртқаларының көшбасшылары болып есептеледі. Олар ерекше етіп боялады және реинкарнацияның белгісі ретінде храмдарда ілініп тұрады. Египеттің боялған жұмыртқалары расында шынайы өнер туындылары екенін көзбен көрген адам бағамдай алмақ. 

Бұл күні Египетте түгелдей демалыс күні. Барлық мысырлықтар, дініне қарамай, оны үйден тыс жерде, таза ауада, жалпы табиғат аясында тойлайды(бұл күні таза ауа таңқаларлықтай пайдалы әсер етеді деп саналады). Көптеген отбасылар қаладан тыс жерге демалуға кетеді, кейбіреулері балаларын алып хайуанаттар бағына, басқалары өзен жағасына барады. Жам Эль-Нессим мерекесінде адамдар қыстан кейін оянатын табиғатқа қосылып, онымен жаңа жасыл маусымды қарсы алатын секілді.

Күллі Адамзатқа ортақ әпсаналар мен өркениеттің отаны Египетте бүгін «Батыс желінің жұпары»...

madeniportal.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...