1918 жылдың күзінде Омбы қаласына келіп арып-ашып, азын-аулақ қаражатын вокзалда ұрлатып мүсәпір күй...
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әке-шешем өте қарапайым адамдар болды»
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ –
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Анасы – ӘЛЖАН НАЗАРБАЕВА
«Мәдениет порталы» Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану докторы, профессор Арыстанбек Мұхамедиұлының жақында тұсауы кесілген «Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» кітабынан жарияланымдар топтамасын ұсынады.
Кітап аналарға арналған...және адамзат тарихында әлемдік оқиғалар мен миллиондаған адамдардың тағдырына әсер еткен ұлы, көрнекті данышпандарды тәрбиелеген аналардың ерекше өмірлік тарихына негізделген.
Кітап беттеріндегі мемуарларда өз балаларының таланттарын ашып, тұлға ретінде қалыптасуына ерекше үлесін қосқан даңқты аналар туралы сыр шертілген.
АНА МАХАББАТЫНЫҢ ҚҰДІРЕТІ
Елбасының «Штрихи к портрету»
деректі фильміне берген сұхбатынан:
-ӘСІРЕСЕ, ЖҮРЕК ТҮКПІРІНДЕ ЖАТҚАН АНАҢА ДЕГЕН САҒЫНЫШ ЕШҚАШАН СУЫМАЙДЫ. ЖАНЫНАН АРТЫҚ ЖАҚСЫ КӨРГЕНІН ЕСІҢЕ АЛҒАНДА; ЕРІКСІЗ ЕЛЖІРЕП САЛА БЕРЕСІҢ.
Білесіз бе, Анасы перзентін ыстық құшағы мен мәңгілік махаббатына бөлеп, шын сүйсе, сонда ғана табысқа қол жеткізесің, жаратқан иеміз, сонда ғана сені қорғап жүреді.
Басқа балаларына қарағанда маған деген ерекше мейірім-ықыласын ешқашан жасырған емес. өміріненде жоғары бағалайтынын жан-тәніңменсезінгендіктен шығар, жаның жабырқап, жадыңнан еш шықпайды.
Ару Алатаудың баурайындағы табиғаты тамылжыған тамаша, кеуде кере кең тыныстайтын саф ауасы жанға шипа, еңсесі биік алып Үшқоңыр жайлауы – ежелден ел бастаған би мен батырлар туған киелі қоныс.
Қазақ елі мен жері үшін сан мәрте атқа қонған, Есім ханның сөзімен айтсақ, бүкіл қазақтың атақты батыры, қызыл жолбарысы алты Алашқа аңыз болған көреген әулие Қарасай батырдың ұрпағы Назарбай бидің ұлы Әбіш жеті жыл бойы шаңырағында бала тұрақтамай, шетіней берген cоң, анасы Мырзабаланың ақылымен, құдай қосқан жан жары Әлжанмен бірге Жаратқанға сыйынып, Райымбек батырдың басына тәу етуге жолға шықты.
Бір перзентке зар қос мұңлықтың дұғасы қабыл болып, түн ортасы ауғанда Әлжан анамызға ақ киімді, ақ сақалды қария аян беріпті. Бірінші күні келіп, үндемей кеткен. Келесі күні ғана тіл бітіп: «Алтын асықтай ұлды боласыңдар. Алғашқы баланың аяғы құтты болады»,– деп бетін сипап дұға етіп, жоқ болып кетеді.
Бойына біткен шарананың болашақта, тау көтерген толағайдай, тұтас бір халықтың тағдырын арқалайтынын қайран шеше нәзік жүрегімен сезген-ді.
...Түсінде тұңғиық теңізге шомылып жүр екен.
«Тұнық судың түбінен көздің жауын алып, айдай жарқырап көрінген ақ мылтықты ай-шайға қарамастан жүзіп барып, жағалауға алып шықтым»,– дегенін естіген жұрт бұрын-соңды беймәлім құбылысқа қуана таңырқап, жақсы ырымға жориды.
Ғазиз ананың дариға жүрегі тұңғыш ұлының қол бастаған дара батыр, ел бастаған көреген көсем, сөз бастаған шешен боларына еш шүбәсіз сенді.
«Жұлдыздар тоғысқанда» фильміне қызу дайындық жүріп жатқан кез. «Бесіктегі баланың бек боларын кім білген» демекші, режиссер Сергей Снежкин тосын сұрақ қойды:
– Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің ФЕНОМЕНІҢІЗДІҢ сыры неде?
– Соған өзім де таң қаламын, шағын ауыл Шамалғанда туып, ауыстырып киер артық бір жейдесі жоқ, жалаң аяқ жүгіріп жүрген бала қалпымнан, төрткүл дүние түгел таныған көшбасшыға дейін қалай жеттім деген сауал мені де әлі күнге дейін толғандырады.
Бірнеше атақты көркем фильмдерді жарыққа әкелген талантты режиссер, сценарист Сергей Снежкин ілезде өз сауалына өзі жауап берді:
– Аспанда жұлдыздар тоғысты десеңізші!
- Солай да шығар, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы ойланып.
–СОНЫМЕН ҚАТАР, мен барлық уақытта анамның маған деген шексіз махаббатын сезінеТІНмін.
Иә, елбасымызНұрсұлтан Әбішұлы назарбаев – қазақтың заманынан озық туған біртуар асыл перзентi, ДӘУІРЛІК дара тұлға.
қазақстан тарихи өте қысқа мерзімде қуатты мемлекет болып қалыптасып, әлемнің дамыған ең үздік елдерінің қатарынан көрінді.
Сарыарқа төсінде ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ шолпан жұлдызындай ЖАРҚЫРАҒАН XXI ғасырдың ғажайыбы – ЕЛОРДАМЫЗ Нұр-Сұлтан қаласы – дүниежүзілік даму үрдісіндегі алтын белгі.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН Еуропа Қауіпсіздігі Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп, Астана Саммитін өткізіп, әлемдік геосаяси қоғамдастықтағы өз орнын ерекшеледі.
Дүниежүзінде алғаш рет әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Елордамызда бірнеше мәрте бас қосты.
Жаһандық ауқымдағы аса ірі оқиға – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өтті.
Тарихымызда тұңғыш рет ынтымағы жарасқан ырысты бірлігіміз бен мемлекеттiк шекарамызды айқындап, бекiттi.
Экономикалық жағынан қуатты, демократиялық тұрғыдан дамыған мемлекетке айналған Қазақстан феномені әлем елдері арасында үлкен қызығушылық туғызып отыр.
Елбасының «Штрихи к портрету»
деректі фильміне берген сұқбатынан:
- Әке-шешем өте қарапайым адамдар болды. бірақ, өмірден түйгендері көп еді,әр істтерінен де, сөзздерінен де даналық иісі аңқып тұратын.
ӘСІРЕСЕ, АНАМ ШЫРҚАТЫП ӘН САЛУШЫ ЕДІ. АЯҚ АСТЫНАН СУЫРЫП САЛЫП ЖАНЫНАН ӨЛЕҢ ШЫҒАРЫп, АЙТЫСТАРҒА ҚАТЫСТЫ. ТАҢ ҚАЛЫП, ТАМСАНАМЫН.
АҚЫНДАРДЫҢ ӨЛЕҢДЕРІН МАҒАН ОҚЫТЫП, ӨЗІНЕ ҰЙҚАС ПЕН ЫРҒАҚ ТАУЫП ОТЫРҒАНДАЙ БОЛУШЫ ЕДІ.
МЕНІҢ АНАМ ОСЫНДАЙ АДАМ!
Дүниежүзіне әйгілі Джордж Вашингтон, Ли Куан Ю, Томас Эдисон, Дмитрий Менделеев секілді даңқты тұлғалардың қай-қайсысын алсаңыз да, бүгінде бүкіл адамзаттың ортақ құндылығы мен игілігіне айналып отырған ірі табыстарының түбінде АНА деп аталатын дүниедегі ең қымбат, аяулы адамның аялы алақанының жылуы жатады.
АНА ДЕЙТІН АСЫЛ ЖАН ОЛАРДЫҢ БӘРІН ДЕ БАҚЫТ БЕСІГІНДЕ ТЕРБЕТІП, КӨҢІЛГЕ ҚАЯУ ТҮСІРЕР КҮЙКІ ДҮНИЕДЕН ҚЫЗҒЫШТАЙ ҚОРҒАП БАҚТЫ.
ӘЛЕМНІҢ ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТІН БОЙЛАРЫНА СІҢІРДІ.
Әлжан анамыздың да сондай ерекше қасиеті: өмірге ғашық, жақсылыққа құштар бала көңіліне қанат бітіріп, ғажайып әлем жасай білді.
Нұрсұлтан Әбішұлы анасының жанында жүріп, халқымыздың мол мұрасымен сусындады, негізі берік ұлттық тәрбие мектебінен өтті.
Сондай сиқырлы да сыршыл ортада өткен сағым жылдарын сағынышпен еске алған Елбасымыз Әлжан анамыздың құрбыларының басын қосып, көрпе көктеп отырып шырқайтын, жиналған ортасына қарай, әр шумағы сан құбылып тұратын «Бүлдірген», әр кез жігерлендіріп отыратын «Сараның әні», сондай-ақ, «Дедім-ай-ау», «Дүлдүлім», «Жанеркем», «Жанай керім», «Қызылжар-Семей» секілді әндердің көңіліне өшпестей болып орныққанын ерекше толғаныспен жиі айтып отырады.
Басқаларға қарағанда өзі айрықша шабытпен орындайтын «Қарай көзімнің» орта тұсындағы бір иірімді: «Құлағымда қалған анам орындаған нұсқа еді» – деп, «Қарай көзім, Жете алмадым жер шалғай, жалғыз өзім», деген жолдарды жаңа әуенімен бірге қосқан еді.
Ән өзгеше түрге еніп түрленіп, қызғалдақтай құлпырып кете берді.
Анасы кезінде ерекше шабытпен орындаған «Жанеркеге» келгенде Елбасы ерекше жайнап кетеді.
Сыйлайды екен жөн білген,
Оңбайды екен сөз терген.
Анау-мынау десе де,
Қимайды екен көз көрген.
Жан құштарлығымен Нұрағаның тамылжытып орындағаны өз алдына, жанында отырған басқа ұлт өкілдеріне «қолма қол» орысшаға аударып жалғастырғанда, ұғымға жеңіл, ойға жатық шығатыны соншалық, әлгі тыңдап тұрған қонағы сол тілде шырқалғандай қабылдап, дән риза болып қалады.
Естіген әрбір әнін жаңбыр күткен даладай бойына сіңіріп, көмескілене бастаған көне заман сарынын ой елегі мен көңіл таразысы көкжиегіндегі керемет қиялға ұштастырады.
СӨЙТІП, ҚҰДІРЕТТІ АНА МАХАББАТЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ІЗГІ АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРМЕН ЖӨРГЕГІНЕН СУСЫНДАП, ЖАСТАЙЫНАН БІЛІММЕН САБАҚТАСҚАН ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕК ЖОЛЫН ТАҢДАП, ӨНЕР ДЕГЕН ТЫЛСЫМ ӘЛЕМНІҢ ҚҰПИЯ СЫРЛАРЫМЕН ЕТЕНЕ ТАНЫСТЫ.
1991 жылдың қыркүйек айында Қазақстанға келген Ли Куан Ю Елбасымыздан Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрына апаруды өтінеді.
Көріп тамашалап шыққаннан кейін Елбасымыз алған әсері мен әртістердің кәсіби деңгейі туралы сұрады.
«Маған жалпы театр аурасы ерекше қуат сыйлайды. Тіпті орындаушылардың шеберлігі туралы ұмытып кетіп, үздіксіз құйылып жатқан музыка әлдиімен шалқар шабыт құшағында тербетілемін. Өнер құдіреті жаңа іске құлшыныс әкеледі, кеудеңе небір қызықты идеялар, ұшқыр ойлар қонақтайды»,– деп жауап берді.
Елбасымыз ұлт өнерін ерекше сүйеді.
Кәсіби талай қойылымдарды жібермей, беріле қарағаны өз алдына, ашық аспан астында өтетін мәдени шаралардың өзін табиғаттың төрт мезгіліндегі ауа райына қарамастан соңына дейін көріп, тамашалағаны көз алдымда.
Өскелең Қазақстанымыздың қарышты даму жолындағы батыл қадамдар мен дана шешімдердің қаншасы қазақтың сол бекзат өнері мен асыл мұрасы әсерінен туды екен деп еріксіз ойға кетемін...
Елбасының «Штрихи к портрету»
деректі фильміне берген сұқбатынан:
– Бүйрегі сыр беріп, қатты науқастанып қалды. аяғы күп болып ісіп кетіпті. Ылғи да сұрап жүретін: «алматыға қашан келесің, қашан қайтасың?» – деп.
Ол кезде Теміртауда жұмыс жасаймын. Содан мені Облыстық партия комитетінің хатшылығына ұсынды. Мәскеуге барар жолда кері қарай алматыға ұштым.
Басын көтеруге халі жоқ, төсек тартып жатыр екен. сырласып, сөйлестік. БІРАЗ ОТЫРҒАННАН КЕЙІН ШЫҒАРЫП САЛУҒА ОҚТАЛДЫ. Қоштастым. «Қазір жүрейін, бара сала кері қайтам», – дедім.
ДӘРІГЕРЛЕР ОРНЫНАН ҚОЗҒАЛА АЛМАЙДЫ ДЕП ШЕШКЕН АДАМ ҒОЙ.
Ғажап! АЯҚ АСТЫНАН ӘЛ БІТІП, ЖАЙЛАП ТҰРЫП, АУЫЗ БӨЛМЕГЕ ІЛЕСІП ШЫҚТЫ. МАҢДАЙЫМНАН СҮЙІП, АҚ БАТАСЫН БЕРДІ.
Тарихта адам таң қаларлық оқиғалар ұшырасады.
1941 жылдың 7 желтоқсанында АҚШ-тың Тынық Мұхиттағы әуе базасына тұтқиылдан шабуыл жасаған жапон авиациясы сол жерде тұрған Американың ұшақ тасымалдайтын теңіз крейсерлері мен суасты кемелерінің әп-сәтте тас-талқанын шығарды.
Тосын соққыдан әскерилердің әбден естен танып, есеңгіреп қалғаны Президент Рузвельт үшін ауыр соққы еді.
Американың сағы сынып қалғандай болады.
Тіпті ашықтан ашық: «Ұлтымыздың бетіне жағылған масқара, сүйекке басылған қара таңба»,– деп жариялайды.
Режиссер Майкл Бэй өзінің атышулы «Перл-Харбор» фильмінде бұл эпизодты есте қаларлықтай ерекше етіп көрсеткен.
«біз өзімізді ешқашан жеңілместей сезіндік. Бірақ ең үздік кемелерімізді өзіміз менсінбей, осал жау санап келген қарсыласымыз бір-ақ күнде жойып жіберді. жүрегіне қанжар сұққандай, ордасына барып, қарсы жауап беруіміз керек емес пе?!»,– дейді Рузвельт сұраулы жүзбен.
Жау жасағының тау селіндей екпінінен жасқанып қалған Американың бетке ұстар атақты әскербасылары: «Бұл мүмкін емес», – дейді бірінен кейін бірі.
«Екі аяғыммен жер басып жүргенімде, біреуің мені танымадыңдар. Ол кезде күш-қайратым өз бойымда еді.
Жасаған ием мені неге мүгедек қылды екен деп жиі ойлаушы едім. екі иіНДЕРІҢ салбырап, салы суға кетіп тұрғандарыңды көргенде, анық түсіндім: Хақ тағала маған бұл сынақты өрлік пен ерлік бар екенін есімізге салу үшін жіберген екен».
Американың тарихында төртінші рет қатарынан Президент болып сайланған, мүгедектік креслосына мәңгі таңылған Фраклин Делано Рузвельт кенет шамырқанып, сүйектері сықырлап, қинала тырмысып, орнынан тұрады: «Мүмкін емес нәрсе жоқ!».
Сол кезде бүкіл Америка намыс пен қайратына мініп, еңсе көтеріп, дүр сілкінгендей еді.
Табиғаттың тылсым құдіретінің күші деген осы емес пе?!
Ғазиз ананың бойына ғайыптан күш бітіп, үміт артқан ұлын алыс сапарға шығарып салып тұрғаны – осы ТАРИХИ МЕЗЕТТІ елестетеді.
2016 жылы Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмінің тұсаукесер рәсімінен кейін Нұрсұлтан Әбішұлы қатты толқып шықты.
Мені жанына ертіп алып, ұзақ серуендедік.
Анасы туралы үлкен тебіреніспен әңгімеледі:
– ЖАСТАЙЫМНАН АТА-АНАМА ҚОЛҒАБЫСЫМДЫ ТИГІЗЕЙІН ДЕП, ЕКЕУІНІҢ АУЫР ТҰРМЫСЫНА БІР СЕПТІГІМ ТИСІН ДЕгГЕН ОЙМЕН ЕҢБЕККЕ ЕРТЕ АРАЛАСТЫМ.
Өзің білесің, Теміртауда металлургтің айлығы жақсы. Оның үстіне кейін ірі металургия комбинаты партия комитетінің хатшылығы қызметінде әжептәуір айлық аламын.
Колхозшылардың тұрмыс-тірлігін білесің ғой, ай сайынғы жалақымнан үйге қаражат жіберіп тұрушы едім. содан кезекті еңбек демалысыма шыққанда, болмаса кейбір сапар барысында жол түсе қалса, хал-жағдайларын біліп ҚАЙТАЙЫН ДЕП, бірінші кезекте ата-анама ӘДЕЙІЛЕП соғамын.
КЕРІ ҚАЙТАРЫМДА АНАМ АУЫЛДЫҢ ДӘМІ ҒОЙ ДЕП міндетті түрде САРЫ МАЙ, ҚҰРТ, ІРІМШІК САЛЫП ЖІБЕРЕДІ.
ТЕМІРТАУҒА КЕЛГЕН СОҢ, ӘЛІ БАСЫЛА ҚОЙМАҒАН САҒЫНЫШПЕН АШСАМ, ТҮЙІНШЕКТІҢ ІШІНЕН ТАҒЫ БІР ОРАУЛЫ ШҮБЕРЕК ШЫҒАДЫ. қАРАСАМ, ЖЫЛ БОЙЫ ЖІБЕРІП ТҰРҒАН АҚШАМ, БІР ТИЫНЫНА ДЕЙІН жұмсалмаған, сол күйінде жатыр.
Тұрмыс тауқыметін арқалап жүрген айналайын анашым өзінен бұрын, мені ойлап, менің биіктерге қанат қаққанымды, жақсы болып өскенімді ғана қалап жүреді екен.
ЖҮРЕГІҢ ҚАЛАЙ ЕЛЖІРЕМЕЙДІ...
Әлжан анамыздың тұңғыш ұлын аңсап жүрген кезінде жал-жал толқынмен алысып, буырқанған теңіз қойнынан ақберен мылтықты алып шыққаны туралы түсінде көрген таңғажайып оқиға әлем тарихында кездеседі.
Мұстафа Кемаль Ататүрік дүниеге келгенде әкесі анасына қылыш сыйға тартқан екен. Әскери училище табалдырығын алғаш аттаған Мұстафа анасынан қайда сақтағанын сұрағанда, оның жатқан бесігінің үстіне ылғи да ырым қылып қойып келгенін айтады.
Бала: «Туғаннан әскери адам екенмін ғой», – деп шаттанады.
Бұдан кейінгі өмір жолын бүкіл әлем біледі.
Елбасының «Штрихи к портрету»
деректі фильміне берген сұқбатынан:
–Тек, тағдырға сеніп жүре берсең, онда құбырдың ішінде келе жатқаныңдай халіңді еріксіз мойындауға тура келеді.
Оңға да, солға да бұрыла алмайсың.
Біз бұлай істемейміз ғой.
Тіпті қиын деген тығырықтың өзінен де қабырғаны түрткілеп, жол іздемейміз бе?!
Әрине, алдын ала пешенеңе жазылған тағдыр бар.
Бірақ, оны күтіп, қол қусырып отыруға қарсымын...
...білесіз бе, ананың баласына деген махаббаты болуы керек. Сонда ғана бағың жанады, жолың ашылады...
Арыстанбек Мұхамедиұлы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
өнертану докторы,
профессор