Қазақы түп негіз бен бабалар тәрбиесінен жаңылмайық

ТАНЫМ
4144

Әнебіреу мақал туралы әр түрлі айтылып жатыр ғой, "құнажын көзін сүзбесе, (тана деп те жүр) бұқа бұйдасын үзбейді" деп жатырсыздар.

Негізі, мұрнын тесіп, бұйда таққан бұқа көрмеппін. Бұқа деген өкіріп-бақырып, бетімен жүретін хаюан ғой. Таққан күнде де ол бұйда емес, басжіп болады. Өгізге, сиырға басжіп тағады. Бұйда тек түйеге қаратылып айтылады. 
Ал, мақалдың біз естіген нұсқасы "бүлдіршін көзін сүзбесе, буыршын бұйдасын үзбейді" делінетін. (Буыршын деген менің туған ауданымның аты да еді)

Көрдіңіздер ме, "буыршын" деп түйенің жас аталығын айтып отыр. Яғни, алып ұшып тұрған бозбала деген сөз. Ал, "бүлдіршін" түйенің жас аналығы, үлбіреп, енді жетіліп келе жатқан жас қыз деген сөз. Сосын, бүлдіршін деген сәби балаға қатысты ұғым екенін де білесіздер.

Бүдіршіндеріміз ешкімге көз сүзбес үшін, қыздарымыздың тәрбиесін бүлдіршін кезінен қадағалай білсек өкінбейміз. Сонда қыздарымыз әр кімнің қолжаулығы болмас еді.

Бұрынғылар, "судың түбін шым бекітеді, даудың түбін қыз бекітеді" деуші еді, қазір керісінше болып бара жатқандай. Қазақы түп негізден, бабалар тәрбиесінен бағыт бұрмайық, сонда қыз деген қасиетті ұғым қазақтың ары екенін тіпті де жете түсінетін боламыз.

Мұрат Алмасбекұлы

author

Мұрат Алмасбекұлы

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...