ЮРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ ГАГАРИН – Тұңғыш ғарышкерАнасы – Анна Тимофеевна ГАГАРИНА«Мәд...
Ықылас Ожайұлы: Тұрсынбек Қабатов пен Тазабековтар «танымы»❌
АЯУЛЫ БАУЫРЛАРЫМА...
...Осы бір 10-15 жылдың бедерінде мемлекеттік телеарналар арқылы жаппай тараған Тұрсынбек Қабатов пен Тазабековтар "танымы" қоғамды интеллектуализациялау процесін тежеудің ең негізгі факторы болды. Бірақ мұны қылмысқа санап, әлеуметтік тұрғыдан зерделеп жатқан кім бар дейсің.
Одан кейін бір теңгені екеу қылу мақсатында әлеуметтік желі арқылы жалғасқан саудагерлердің арзанқол әңгімелері ел есін қайыра атала қылды. Негізінде, ұлттың танымы мұндай жадағай жандармен емес, рухани элитасымен өлшенуі тиіс қой.
Мысалы, Қабатовтың әзіліне Мұхтар Мағауин мен Тұрсынжан Шапайдың қос көзінен жас парлап аққанша рахаттана күлуі мүмкін бе?
...Қысқасы, осындай танымның құлдырауынан біздегі құндылықтар мәдениеті толығымен тас-талқаны шықты.
НӘТИЖЕСІНДЕ МАТЕРИАЛДЫҚ АКТИВТЕРГЕ ИЕ БОЛУ БАЙЛЫҚТЫҢ ЕҢ БАСТЫ КАТЕГОРИЯСЫ САНАЛЫП, ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ЕҢБЕК ЖАППАЙ АРТҚА ШЕГІНДІ.
Айтыңызшы, Астанада төрт, Түркия да екі үйім бар мақтанымен біз қайда барамыз (Бұл бейшара болғанда бейшара адамның ортағасырлық поняткасы ғой).
Ал әлем қандай құндылықтармен алға қарай зымырап барады?
Байлықтың мәдениет пен білім екендігін неге ғана есімізден шығарып алдық?
Абайдың "Менсінбеуші ем наданды..." тезисі шамасы осындай жандарға қарата айтылса керек.
Мұндай өресіз "өнерпаздарды" қашанға дейін ғазиз басымызға шығарып, ойнақтата береміз.
Абайдың осы тезисі ұлт руханиятының негізгі мінезі мен ұлы сүзгісі болуы тиіс.
Қош...
...БІЗДІҢ МЫНА КОГНИТИВТІ ФРЕЙМ (таным шеңберіміз) БҮГІНГІ АҚПАРАТТЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОГРЕСКЕ МҮЛДЕМ ЖАТ, МҮЛДЕ СӘЙКЕС КЕЛМЕЙДІ.
Қайыра айтайын, біздің ескірген мына ойлау формамыз ештеңеге де жарай алмайды.
БҰЛ ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ЕҢ НЕГІЗГІ КЕДЕРГІСІ ДЕСЕК ТЕ БОЛАТЫНДАЙ.
Бұл үлкендердің, дәлірек айтсақ, біздердің негізгі "құндылығымыз".
Мұның бүгін-ертең түбегейлі өзгере қоюына да ешқандай үмітім жоқ.
Түсінесіз бе, қазіргі кросс-мәдени динамикасына мұндай пәлсапа- пайыммен бірге ілесу дегеніңіз Алаш арыстары айтқандай ат пен есекті бір арбаға жеккендей тым қисынсыз дүние...
PS. ...Аяулы да ақылды бауырларым, мен мұны тек сіздердің жүректеріңізге ғана сыбырлап әдейілеп айтып отырмын...
Ықылас Ожайұлы