«Астана Операда» П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» спектаклінің қызықты қойыл...
Әржолы таңқала беретін болып жүрмін
Ұстаздары, режиссерлері екінші, тіпті бірінші курста оқитын студенттерін сахнаға шығарып әурелеп жүргендеріне әржолы таңқала беретін болып жүрмін. 1,2 ші курс нағыз оқитын, білім алатын кез ғой. Театр тарихынан, сахна сабақтарынан толық дәріс алмаған бала, әлбетте оның рөлдері шыншылдық деңгейге көтеріле алмай жатады. Яғни тек сахналық тәжірибеге мән беріп, оқу-білімге оқта-текте болса да бас қоймау салдарынан, шынайылықтың шылбырын сахнада сылбыр сүйретуге мәжбүр болып жүр.Теорияларын жетік меңгермей практикаға жібере салу қаншалықты қисынды екенін, білмедім. Мүмкін қателесермін. Бірақ, Шекспир мен Ибсен, Гоголь мен Чехов, Әуезов пен Аймауытовтардың ғасырын, стилін, идеясын терең білмей жатып, ондағы кесек кейіпкерлерді қалай кескіндемекші?! деп ойланып қала берем де...
Жалпы, алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін, алдымен оқу, екінші еңбек, үшінші қашан да ізденіс үстінде жүру ғой.