Евгений Онегин елордалық сахнада қайта жанданды

ТЕАТР
1009

«Астана Операда» П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» спектаклінің қызықты қойылымында театр солистері мен Astana Opera Халықаралық опера академиясы тыңдаушыларының бірқатар дебюттері орын алды. Әлемдік опера өнерінің жауһары 8-9 сәуірде театрдың Үлкен залы сахнасында дирижер Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен өтті.

Опера труппасының директоры, әйгілі қазақстандық баритон Азамат Жылтыркөзов театр вокалистерінің ынтамен жұмыс істегендерін айтты. 

– Әртістердің шығармашылық өмірлері қарқынды өтіп жатқаны, олардың үлкен жоспарларының бары қуантады. Олардың барлығы, яғни тәжірибелі сахна шеберлерімен қатар, келешегінен үміт күттіретін жас орындаушылар да жаңа партияларды дайындап, туған сахналарында концерттік бағдарламалармен өнер көрсетеді және Қазақстан қалалары мен шетелге гастрольге шығады. Театрдың сәуірдегі репертуарында бірнеше опералық қойылым ұсынылған, олардың барлығында ірі партияларда айтулы дебюттер күтілуде. Оның алғашқысы П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» танымал спектаклі болды. Онда театрдың жарқын солистері жаңа бейнелерде зор жетістікпен өнер көрсетті, олардың қатарында Рамзат Балакишиев, Расул Жармағамбетов те бар. Айта кету керек, соңғысы Astana Opera Халықаралық опера академиясының тыңдаушысы болып табылады. Қойылымда оның академист әріптестері Эльмира Шпекпаева мен Талғат Аллабиринов те дебют жасады, – деп пікірімен бөлісті Азамат Жылтыркөзов. 

Сонымен, өнер көрсетудің бірінші күні Ленскийдің бейнесінде сахнаға алғаш рет Рамзат Балакишиев шықты, Онегинді Талғат Мұсабаев, Татьянаны Елена Ганжа, Ольганы Татьяна Вицинская сомдады. 

Келесі күні Онегиннің басты партиясында Расул Жармағамбетов дебют жасады, Татьянаны алғаш рет чехиялық әнші Либуше Санторисова, Ольганы Эльмира Шпекпаева ұсынды. Ленскийдің рөлінде Артур Габдиев өнер көрсетті. 

8-9 сәуірде Трикені алғаш рет Талғат Аллабиринов алып шықса, Ларина – Маргарита Дворецкая, Гүлжанат Сапақова, Гремин – Евгений Чайников, Күтуші – Салтанат Мұратбекова, Зарецкий – Жанат Шыбықбаев, Ержан Саипов, Рота бастығы – Шыңғыс Расылхан, Нұрлыбек Қосбармақов.

Қойылымның музыкалық жетекшісі – театрдың бас дирижері, әйгілі маэстро Алан Бөрібаев, қоюшы режиссер, сценограф – Давиде Ливермор. Қоюшы сценограф – Франческо Калканини, костюмдер бойынша суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов, бас хормейстер – Ержан Дәуітов, қоюшы хореограф – Елена Шерстнева, қоюшы режиссердің ассистенттері – Еренбақ Тойкенов, Джанкарло Юдика Кордилья, Аня Рудак

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...