Асқар Тоқпанов аты Тараз театрына берілді

ТЕАТР
2910

"Абай" спектаклі алты ай бойы əзірленді. Алты ай бойы Қалыбек Абай бейнесіне барлау жасап, зерттеумен, толғанумен жүрді. Спектакльді сахнаға қоятын мезгіл таянып та қалды. Бірде спектакльдің дайындығын М.Əуезов келіп көрді де бəрімізге ауыр сындар айтты. Қалыбекке қарап тұрып, "Сен не дейсің! деген сөзді айта алмайсың. Бүйткен актерлігің кімге керек?" деп ренжіді. Қалыбек үндеместен тұрып қалды. Спектакльдің бірінші көрінісінде Оразбай: "Əруақ бары шын болса, қанат-құйрығыңды отармын" дегенде, Абай "Сен не дейсің! Сақал-шашың ағарғанша, жақсылыққа шақырған бір лебізіңді естімей-ақ өттім-ау..." дейді. Бұл сөзде түрлі астар жатыр. Түңілу, жиірену, тіпті таңдану, өкіну сезімдері қат-қабат араласқан. "Сен не дейсің" сөзінің келісті ырғағын табу Абай бейнесін анықтауға кілт болды. Міне, ұзақ ізденістен кейін Абайдың қайталанбас кесек бейнесін сахнаға шығарды. Көздеріне жас алып, егіле отырып көрермендер актер Қалыбекпен емес, шын Абаймен қоштасып тұрғандай болды. Актер үшін бұдан асқан бақыт бар ма?" деп жазады, осы қойылымның режиссері Асқар Тоқпанов. Драматург, режиссер, актер үшеуінің бірлесіп жұмыс істеген еңбектің үлкен жемісі деп осыны айтса керек.

Ал, А.Тоқпанов зерттелмей жатқан орасан тақырып. Спектакльдерге айлап дайындалатын осынау тұлғаның Тараз театрына аты берілгеніне өте қуаныштымыз. Осы жолда табандылық көрсеткен адамдарға Алла разы болсын!

Айзат Қадыралиева

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...