Ұстаздары, режиссерлері екінші, тіпті бірінші курста оқитын студенттерін сахнаға шығарып әурелеп жүр...
Қас қағым...
27
НАУРЫЗ
Сейсенбі
18:30
Авторы: Ж. Ерғалиев
Жанр: Метафизикалық трагедия
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
Зал: Кіші зал
Жас санаты: +7
БИЛЕТ САТЫП АЛУ БИЛЕТТІ БРОНДАУ
Сипаттама:
Бойжеткен Жазира беймәлім дертке ұшыраған. Осылай деп білетін, сондықтан да «жалғызы жолында жан пида» мансапқор әке мен оның тірлігі қорқынышты ортасының «құндылықтары» – қойылымның бірінші қабаты. Бойжеткен Жазира ешқандай дертке ұшырамаған. Психиатр Сәбитке ағынан жарылатын оның психологиялық-рухани ахуалы қойылымның келесі қабаты. Спектакльдегі оқиғалар шым-шытырығы бірде ап-айқын болса, енді бірде ирреалдылық кеңістігіне шығады. Метафизикалық трагедия махаббатсыз, имансыз, сенімнен жұрдай қоғамның қорқынышты болмысын зерделетуге бастайды.
Премьера: 26 қараша, 2013 ж.
Қоюшы-режиссер – Е. Нұрсұлтан
Қоюшы-суретші – Е.Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері
Композитор – Ш.Базарқұлова
Балетмейстер – Г.Мұхамеджанова
Режиссер ассистенті – А.Боранбай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері